Күннің тұтылуы. Тұтылу шарттары



Дата18.05.2022
өлшемі14,02 Kb.
#143762
Байланысты:
Күннің тұтылуы. Тұтылу шарттары


Күннің тұтылуы. Тұтылу шарттары

Күннің тұтылуы – күнде бола бермейтін ерекше құбылыс. Бұл құбылыстың басты ерекшелігі – айдың күнді бірнеше уақытқа жауып, қараңғылатып тұруы. Күннің тұтылуы тек жаңа ай туылғанда ғана болуы мүмкін құбылыс.


Айдың көлемінің көлеңкесі жер ғаламшарын 270км-ге ғана жауып тұра алады. Бұл дегеніміз, күннің тұтылу құбылысы толығымен барлығына емес, тек жердің кейбір жерін ғана көрінеді. Сонымен қатар, ай эллипстік орбита бойымен қозғалатындықтан, жер мен айдың ара-қашықтығы әртүрлі болуы мүмкін. Кейде тіпті айдың көлеңкесі жер ғаламшарына жетпей қалуы мүмкін. Ал кей кездері керісінше, ай жер ғаламшарын толығымен жауып, бұлт қараңғыланып, аспанда ғаламшарлар мен жұлдыздар көрінетін сәттер де болады. Күннің тұтылуы кезінде ғарышкерлер аспаннан жерді айналып өтіп бара жатқан айдың көлеңкесін бақылай алады. Астрологтардың есептеуінше, жылына 2-ден 5 аралығындағы күннің тұтылуы орын алады екен. Жуз жылда орта есеппен 250 күннің тұтылуын адамзат баласы байқай алады екен. Күннің тұтылуы күнде бола беретін емес, жылына бірнеше рет қана болатын құбылыс болғандықтан, күннің тұтылуын жаңалықтардан көрсетіп, астрологтар үлкен бір мереке ретінде өткізеді. Күннің тұтылу процессі көптеген ғаламдық жаңалықтарға жол ашты. Мәселен, француз ғалымы Пьер Жансен Үндістанда күннің тұтылуы кезінде күннің хромосферасы туралы зерттеу жасап, түрлі химиялық элементтердің спектріне ие болды.
Ал күннің тұтылуын бақылаудың шарттары қандай? Кейбір адамдар күн тұтылды екен деп камераларын алып далаға жүгіретіні өтірік емес. Соның кесірінен көру қабілеттерін құртып алатындар да болады. Оның алдын алу үшін әрине күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік киген абзал. Ең қауіпсіз уақыт – күннің толығымен тұтылып, айдың артынан көрінбей қалатын сәт. Бірақ, егер күннің кішкене ғана бөлігі тұтылмай қалған сәтте адам күнге қарап қалса, өз көзіне зиянын тигізу ықтималдылығы жоғары. Сол себепті де күннің тұтылу құбылысын бақылаған кезде абай болуымыз қажет. Ал жалпы күннің тұтылу шарты – жаңа ай туғанда тұтылу болып табылады.
Қорытындылай келе, күннің тұтылуы ерекше құбылыс екенін аңғардық. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша ол құбылысты 600миллион жылдан кейін көрмейтін боламыз, себебі ол уақытқа дейін жер мен айдың арасы ұлғайып кетеді екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет