Көкбауыр Топ: 411 Б ОМ Қабылдаған: Байназарова Гульсим Мекеновна Көкбауыр, splen (lien), иммунды жүйенің ең ірі мүшесі, салмағы 140-200 гр жуық. Көкбауыр (талақ) сол қабырға доғасының астында, ортаңғы қолтықасты сызығымен ІХ және ХІ-ші қабырғалардың арасында анықталады. Мүшенің көкетпен жанасатын – көкеттік беті, facies diaphragmatica; асқазанмен, жиектік ішектің сол иілімімен, сол бүйрекпен, сол бүйрек үсті безі және ұйқы безінің құйрығымен жанасатын – висцералды беті, facies visceralis, бар. Көкбауырдың түсі қошқыл-қызыл, консистенциясы жұмсақ болады. Мүшенің висцералды бетінде қақпасы орналасқан. Көкбауырдың паренхимасы ақ және қызыл ұлпадан түзіледі. Ақ ұлпа, pulpa alba, лимфоидты түйіншелерден, қызыл ұлпа, pulpa rubra, қызыл түс беретін эритроциттерге, лимфоциттерге, макрофагтарға толы ретикулярлы тіннен тұрады. Көкбауырда өмірлік циклін аяқтаған эритроциттер бұзылады, сонымен қатар Т және В-лимфоциттер іріктеледі. Егер баланың көкбауырын ота арқылы алып тастаса, ол өсе келе бактериалды инфекциялық ауруларға жиі шалдығады. Адам көкбауыры ауырғанын сезіне бермейді. Сондықтан, алғашқы кезеңдерінде диагностика жасау қиын болып келеді. Көкбауырдағы кесел – жиі кездесетін және ауыр инфекциялық, созылмалы жүрек қан-тамыр, ағзадағы өзге қабыну ауруларында тексеру кезінде қосымша анықталып жатады. Ер адамдарға қарағанда әйелдер мұндай ауруларға көп шалдығады. Сондай-ақ, әйелдерде іштегі бұлшықеттер әлсіз болғандықтан, көкталақ ішке қарай жылжиды. Көкбауырды сақтамаса, мұның соңы қауіпті аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Қызметі бұзылғанда, көкбауырдың көлемі ұлғаяды, не болмаса іріңді жарадан ет өседі, ісікке айналады. Қанжасау – лимфоциттерді түзеу (антигенге тәуелді лимфопоэз) - Қанжасау – лимфоциттерді түзеу (антигенге тәуелді лимфопоэз)
- Тосқауылдық-қорғаныш қызметі – иммундық реакцияларды қамтамасыз ету, фагоцитоз. Көкбауыр көптеген макрофагтардың көмегімен бактерияларды қаннан аластап отырады.
- Көкбауыр қан қоймасы қызметін де атқарады. Демалу жағдайында көкбауырда біршама қан жинақталып тұрады, адам қимылдай бастағанда ол қан жалпы қан айналым жүйесіне шығарылады.
- Алмастыру қызметі. Көкбауыр көмірсулардың, темірдің алмасуын реттейді, ақуыздардың, қанның ұю факторының, холестерин мен билирубиннің өндірілуін арттырады, бауырдың синтетикалық қызметіне әсерін тигізеді.
- Гемолитиялық қызмет – лизолецитиннің қатысуымен қартайған эритроциттердің бұзылуын қамтамасыз етеді (сондықтан кейде көкбауырды эритроциттердің қорымы деп атайды).
- Эндокриндік қызмет – эритропоэзді арттыратын эритропоэтин түзеледі.
- Спленомегалия Іштің шолу рентгенографиясы: спленомегалияның жанама белгісі асқа- зан денесінің медиальды ығысуы, ток ішектің көкбауыр иірімінің және сол жақ бүйректің - төмен карай ығысуы болып табылады. УДЗ, КТ, МРТ: ұзыннан өлшемінің 12 см артық ұлғаюы.
- Көкбауыр инфарктысы.
Ангиография: көкбауыр артериясының немесе оның тармактарының окклюзиясы. УДЗ: мүшенің шетіндегі гипоэхогенді аймақ. КТ: капсула астында орналасқан әртүрлі пішіні бар төмен тығыз- дықты ошақтар, рентгеноконтрасты зат жиналмайды. Инфаркт орнында киста немесе фиброз түзіледі (11.34-сурет). МРТ: T1-ӨК-те көкбауырдың жаңа инфарктысы дыбыстың төмен қарқындылығы бар сына тәрізді ке- містік түрінде көрінеді. Т2-ӨК-те мұндай кемістіктерде дыбыстың жоғары қарқындылығы бар.
Көкбауыр зақымдалуының сәулелі семиотикасы Көкбауыр зақымдалуының сәулелі семиотикасы Көкбауыр іш қуысының жиі зақымдалатын мүшесіне жатады. Оның зақымдалуының бірнеше түрлерін ажыратады: көкбауырішілік немесе субкапсулярлы гематома, капсуланың жыртылуымен және сұйықтықтың периспленальды жиналуымен ұсақ жыртылулар, көкбауырдың толық жыртылуы, қан тамырлы аяқшаның үзілуі. Іштің шолу рентгенографиясы: көкбауыр көлеңкесінің кеңеюі, асқазан- ның медиальды ығысуы, тоқішектің сол жақ иірімінің төмен қарай ығысуы. Ангиография қан тамырлы аяқшаның жыртылуы кезінде, көкбауыр артериясының эмболизациясын орындау кезінде тиімді. Іштің шолу рентгенографиясы: көкбауыр көлеңкесінің кеңеюі, асқазан- ның медиальды ығысуы, тоқішектің сол жақ иірімінің төмен қарай ығысуы. Ангиография қан тамырлы аяқшаның жыртылуы кезінде, көкбауыр артериясының эмболизациясын орындау кезінде тиімді. УЗИ: көкбауырдың айналасында, іш қуысының сол жақ бүйір өзегінде және доға тәрізді кеңістікте сұйықтықтың болуы. Субкапсулярлы гематома кезінде көкбауырдың кеңейген немесе жаншылған болуы мүмкін, ал гематома алдымен, гиперэхогенді түзіліс түрінде болады. Резорбция нәтижесінде гематома құрамының эхогенділігі төмендейді және ол киста түрінде анықталады. КТ: көкбауырдың жарақатына туған кезде таңдаулы әдіс болып табылады. РКЗ көк тамырішілік енгізу гематома және көкбауырдың жыр- тылуы диагностикасында маңызды рөл атқарады. Көкбауырішілік гема- томалар қоршаған паренхимаға қарағанда, тығыздығы төмен түзілістер түрінде анықталады. Субкапсулярлы гематома көкбауырдың жиегін кеңейтеді және жаншиды. Гематомада жаңа қанның болуы жұтынудың әртүрлі коэффициенттерін шақырады, бұл оған «пиязшалы қап» түрін береді. Толық жыртылу - көкбауырдың дұрыс емес жиегімен, айналасында сұйықтықтың болуымен, біркелкі емес құрылымымен көрінеді. Қан тамырлы аяқшаның жыртылуы перфузияның жартылай бұзылуын шақырады, бұл әдетте, көкбауырдың төменгі төрттен үш бөлігін қамтиды, себебі, оның жоғарғы бөлігі қосымша қысқа асқазан артериясы арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |