Көкөністер ертегісі



Дата15.03.2023
өлшемі11,68 Kb.
#172546
Байланысты:
көкөністер ертегі


Көкөністер ертегісі
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бау-бақшада өсіп тұрған көкөністер болыпты. Әр көкөністің өз артықшылығы мен кемшілігі болған екен. Бір күні көкөністер сөзге келіп қалыпты. Сәбіз:
-Мен ең пайдалы көкөніспін, мен адамның бойын өсіруге, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етемін,- дейді.
Бірақ қызанақта қалып қоймады. Олда өзі туралы айта кетті. Ол:
- Мен жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді болып келемін. Менің тамыр жүйем қатты және жақсы дамыған болып келеді. Мен иммунитетті көтеремін. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге мені екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі мен ара уын денеге жаймаймын және күйіктің ыстығын аламын. Оған қоса мен теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғаймын,- дейді.
Сосын қияр келіп:
- Неге дауласасыңдар көрініп-ақ тұр ғой. Мұнда ең пайдалы көкөніс менмін. Мен ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарамын. Артық салмақтан арылуға көмектесемін. Өйткені, менің құрамымда ағзадағы көмірсуларды майға айналдыруға жол бермейтін тартронды қышқыл бар,- дейді.
Сәбіз, қызанақ, қияр дауласып жатқанда пияз:
- Тоқтаңдар! Барлық көкөністің кемшіліктері болуы мүмкін. Мысалы мен тағамдарға өткір дәм мен хош иіс беремін, бірақ оларды жегеннен кейін ауыздан жағымсыз иіс пайда болады. Барлық көкөніс әрине пайдалы, бірақ әр көкөністің кемшілігі болуы мүмкін,- дейді.
Сонда барлық көкөністер терең ойға келеді. Содан кейін олар ешқашан дауласпай, бақшада бәрі сиысып өмір сүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет