Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2 (78), 2019
70
ҒТАХР 17.82.31
Қ.МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫНЫҢ «ТАР КЕЗЕҢ» РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ
ҚАҺАРМАН БЕЙНЕСІ
А.Е. Айтбаева
1
, Б. Қожекеева
2
1
доцент, ф.ғ.к., қауымд. профессор
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
2
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан,
email: Bekzada61.2018@gmail.com
Мақалада
ХVІІІ ғасырдағы Елек пен Жайық бойын мекендеген қазақ халқының хал-жағдайы мен ауыр
тұрмысы суреттелген Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы туралы айтылады. Елдің жағдайына
алаңдап аянбай күрес жүргізген Сырым батыр бейнесін толықтыратын тарихи деректер келтіріліп романдағы
оқиғалардың ақиқаттығы зерттеліп, зерделенеді.
Патшалық Ресейге бағынып, оның отарына айналған қазақ
халқының тар кезеңге тап болғаны тарихи негізде нанымды суреттелген. Батыр бейнесін сомдауда өзіне дейін
жазылған шығармаларды назарда ұстап қана қоймай, батыр өміріне қатысты негізгі оқиғаларды іріктеп алуға
ден қойған жазушының шеберлік қыры мақалада ашық көрініс тапқан. Қазақ деген халықтың ел айтып
жүргендей көшпелі, жабайы халық емес екендігін басқа халықтардың да мойындаған мысалдар арқылы көптеп
келтіріледі.
Түйін сөздер:
патшалық империя, халық, жазушы, дала өркениеті, жауынгер, қазақ
Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романына арқау болған - ХVІІІ ғасырдағы белгілі өңірдегі
тарихи оқиғалар. Бұл тұста Елек пен Жайық бойын мекендеген қазақ халқы ата-бабасы мекен еткен
атақоныстарынан ығыстырылып, екі жақты талауға түскені тарихи мәліметтерден белгілі.
Осы кездегі елдің хал-жағдайы мен ауыр тұрмысы халық ақындарының Сырым батыр туралы
жырларында да
кеңінен жырланғаны мәлім болса, жазушы да осы шындыққа аса көңіл бөлгені
романнан менмұндалайды. Мәселен, мына тарихи дерек Сырым бейнесін толықтыруға қызмет етіп
тұрғаны белгілі. «Маған патша тарапынан толып жатқан сыйлықтар жіберілсе де және одан менің
атыма тыныштық орнат деген арнаулы жарлық келсе де, бұл туралы генералдан, бір емес талай
жарлық келіп отырса да,
мен осының бәріне қарамастан, орыстарға сенбеймін. Бұдан бұрынғы үш
жылдарда ұстап алған балаларымызды қайтарып бермесе және сұмырай Даниланы (яғни Донсковты
– М.В.) қызмет орнынан алмаса олардан қандай жақсылық күтуге болады» [1; 11].
Көріп отырғанымыздай ол ел мен жер мәселесі тұрған жерде ешнәрседен аянбайды да,
қорықпайды да.
Романдағы оқиға Ресейдің астанасы Санкт-Петербургтегі тарихи оқиғадан басталады. Оқырман
ә, дегенде ІІ Екатеринаның сән-салтанаты келіскен патша сарайындағы қабылдауына тап болады.
Жазушы патшайымның қабылдауына жиналған әрбір кейіпкеріне тәптіштеп сипаттама береді. Бұдан
алғаш кездескен кейіпкерлердің барлығы дерлік алдағы негізгі оқиғаға тікелей араласатын жандар
болғандықтан автор олар туралы толыққанды мәлімет беруге тырысқаны байқалады. Мәселен, мына
үзіндіге үңіліп көрелік: «Императрица бұларды Петр ағзамның аруағына бағышталған әйгілі
қызылкүрең залда қабылдайтын болған екен.
Барон мұны іштей ырым ғып, жақсылыққа жорыды.
Өйткені, басқасын былай қойғанда, колонналарының өзі аршыған жұмыртқадай кіршіксіз ақ
мәрмәрден тұрғызылып, қабырғаларына қан түстес күреңқызыл
барқыт тұтылған; ал төбесіндегі
әлкей-күлекейлері мен әшекейлі айшықтары кіріп келгеніңде көзіңді тұндыратын бұл залда, – әйгілі
Петр ағзамның залында – көп аса кісі қабылдана бермейтін. Сондықтан, осы залда қабылдауды барон
ерекше ықылас-пейілдің белгісіндей көрді» [2]. Сән-салтанаты келіскен сарайды мұқият суреттеуге
себеп болған нәрсе – ол қазақ халқының болашақ тағдыры. Жазушы осында жиналған әрбір
кейіпкердің қазақ тағдырына тікелей араласатын билік иелері екенін назарда ұстап отырған.
Мәселен, Мемлекеттік әскери коллегия президенті Григорий
Александрович Потемкин
мен
оның қабылханасына (аудиенциясында) келген генерал-майор Осип Андреевич Игельстром
мансаптарының өзі-ақ олардың атқаратын қызметтерін айғақтап тұрғандай. Жазушы бұл оқиғаның
1785 жылы өткенін нақты көрсету арқылы шығарманың тарихилығына назар аудартып отыр. Ал,
Сыртқы істер коллегиясының екінші басшысы Александр Андреевич Безбородкоға берілген: «Иә-
ә... патшайым анамыздың оған шексіз сенетіндігі соншалық, граф Безбородко
қызметке ұсынған адам
өтпей қалған емес. Өзі де сақ кісі ғой, қолына алған әрбір ісін жеті рет өлшеп барып, бір-ақ кеседі»
[2;12] – деген сипаттама оқырманға ол туралы толыққанды мәлімет береді. Әрбір бастаған істі «жеті