№5 Лекция. Құрылықтың флоралық жіктелуі. Голарктикалық патшалық. Палеотропикалық патшалық. Неотропикалык патшалық Құрлықтың флоралық жүйесін жасағандардың бірі дат ботанигі Д. Скоу. Ол 1823 жылы 25 патшалыққа, сондай-ақ олардың бөлігін провинцияларға бөлді. Критерийлердің бірі ретінде аумаққа қатысты əртүрлі таксондардың эндемизмінің деңгейі санатқа алынады. Бұл критерий қазіргі кезеңде де маңызды болып саналады.
Флоралық аудандастырудың дамуында А. Энглер (1924 ж.), Л. Дильс (1918 ж.), Р. Гуд (1946 ж.), А. И. Толмачев (1974 ж.), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. А. Л. Тахтаджян (1978 ж.) жасаған флоралық аудандастыру жүйесін негізге аламыз.
Құрлықтың флоралық аймақтары(А. Л. Тахтаджян, 1978 бойынша)
Аустралия патшалығы Облыстары:
Солтүстік-шығысаустралия
Оңтүстік-батысаустралия
Орталық Аустралия (Эремей)
Голарктикалық патшалық Облыстары:
Хуан-Фернандес
Чилийско-Патагон
Жаңазеландия
Субантарктикалық аралдар облысы
Флоралық аудандастырудың жоғарғы бірлігі – патшалық. Патшалық атауы өзіндік флорасымен сипатталатын жəне жоғарғы эндемиктік таксондары бар аймақтарға беріледі. Дүниежүзінде барлығы: Голарктикалық, Палеотропикалық, Неотропикалық, Голантарктикалық, Аустралиялық жəне Кап болып 6 патшалыққа бөлінеді.
Патшалықтар жоғарғы түр жəне тұқымдық эндемизммен сипатталатын облыстарға бөлінеді: сондай-ақ əрбір облысқа жетекшілік орын алатын тұқымдастардың белгілі бір жиынтығы тəн. Құрлықтың флоралық жіктелуінде барлғы 34 облыс бар, олар өз кезегінде провинцияларға бөлінеді. Төменгі хронологиялық бірлік округ болып саналады.