5 Лекция. Құрылықтың флоралық жіктелуі. Голарктикалық патшалық. Палеотропикалық патшалық. Неотропикалык патшалық



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі32,72 Kb.
#186658
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
432551577056 №5 Лекция

5.1. 1. Голарктикалық патшалық


Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі голарктикалық ең ірісі жəне барлық құрлықтың жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына қарамастан, оның жекеле ген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз байланысты жəне шығу тегі бір.
Голарктикалық флораның құрамы шамамен, 40 эндемикалық тұқымдастан тұрады, артықшылығы аз, кейде 1 тұқымдас қосылады (мысалы, шейхиери тұқымдасы). Голарктикалық аумақта магнолиялы, лавр, сарғалдақ, шамшат, қайың, жаңғақ, қалампыр, қарақұмық, шай, тал, шаршы гүлді өсімдіктер, раушан гүлді өсімдіктер, бұршақ, шатыргүл, қоңыраубас, саргүл, қияқ, дəнді өсімдіктер жəне басқа да тұқымдастар кеңінен таралған. Қылқанжапырақтылардан қарағай жəне кипарис көбірек кездеседі. Папоротниктерден ең бастысы 2 тұқымдас таралған.
Ауқымды аумағында жүз мың жəне миллиондаған жылдар қарсаңында солтүстік тропикадан тыс флораның дамуы, алуан түрлі орталықтардың түзілуі, миграцияның күрделі процестері жəне түрлі таксондардың құрып, жойылуы жүреді. Голарктика флорасының қалыптасуы төрттік мұз басу, тау түзілу процесі жəне климат құрғақшылығының артуы ықпалымен жүріп жатты. Голарктикалық патшалық: Бореальды, Ежелгі Жерорта теңіздік жəне Мадреандық сияқты үш патшалықшаға бөлінеді.
Бореальді патшалықша Голарктикалық патшалық арасындағы – ең көлемдісі, ол бай флорасымен сипатталады, басқаларымен салыстырғанда эндемиктік түрлер мен тұқымдастар анағұрлым көбірек кездесетіндігімен ерекшеленеді. Бореальдік патшалықшаның кейбір облыстарына ежелгі жəне қарапайым тұқымдас пен түрдің маңызды бөлігі тəн. Оларды 4 облысқа бөліп қарастырады:

  1. Циркумбореальды (Еуропа-Сібір-Канада) облысы. Құрлықтың ең ірі флоралық облысы, оның маңызды бөлігі Ресей аумағында орналасқан. Қылқанжапырақтылардан қарағай (Pinus), шырша (Picea), май қарағай (Abies) жəне балқарағай (Larix) түрлері кеңінен таралған. Жалпақ жапырақты ормандарға тəн жапырақтылардан мына өсімдіктер таралған: емен (Quercus), шамшат (Facus), қайың (Betula), терек (populus), тал (Salix), шегіршін (Ulmus), жөке (Tilia), грек жаңғағы (Juqlanus), қызыл тал (Cornus). Сондай-ақ қара бүлдірген (Rubus), долана (Crataegus), алмұрт (Purus), алма (Malus), шетен (Sorbus), ырғай (Lonisera), жидек (Viburnum), аю бадам (Sambucus) ит жүзім (Rhamnus) , итбүлдірген (Vaccinium) түрлері де тəн. Циркумбореальды облыс флорасында эндемиктік тұқымдастар жоқ, бірақ мұнда эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар. Олар ең алдымен, Пиреней түбегінде, Альпі мен Кавказ тауларында шоғырланған. Эндемиктік түрлер, сондай-ақ Сібір мен Канадағы тауларда көптеп саналады.

  2. Шығыс Азия (Жапония-Қытай) облысы. Бұл облыс флорасы бай жəне ерекше. Мұнда 14 эндемиктік тұқымдас пен 300-ден астам эндемитік түрдің болуы облыс флорасының ерекшелігін атап көрсетеді. Эндемиктік тұқымдастардан ежелгі гинктер (Ginkgoacea) тұқымдасын атап айтуға болады. Эндемиктік түрлерден арамия тұқымдасынан бірнеше түрлерді, ырғай тұқымдасынан бірнеше түрді, бамбук түрлері жəне трахикарпус пальмасы жəне басқаларын да атап көрсетуге болады. Қылқанжапырақтылардың да көптеген түрлері тəн, мысалы, криптомерия жəне метасеквойя. Флораның дамуы ұзақ уақыт геологиялық барысында үзілмеді.

Шығыс Азия облысының қазіргі флорасы Солтүстік жарты шардың қоңыржай флорасының даму тарихын зерттеу жəне гүлді өсімдіктердің эволюциясы мəселелерінің шешімін табуда үлкен қызығушылық тудырады. Бұл облыс жоғары сатылы өсімдіктердің дамуының басты орталықтарының, əсіресе, жалаңаштұқымдылар мен гүлді өсімдіктер сонымен қатар ежелгі түрлердің сақталуы орталықтарының бірі, «тірі қазындылардың» алып баспанасы болып табылады.

  1. Атлантикалық-Солтүстік Америкалық облыс. Атлантикалық –Солтүстік Америкалық облыс флорасы өте бай жəне эндемизмнің едəуір жоғарылығымен сипатталады. Мұнда 2 эндемиктік тұқымдас көкнəр, раушангүлді жəне шыршагүлділер тұқымдасынан шамамен 100 эндемиктік түрі бар. Түр эндемизмі өте жоғары. Бұл облыста бай орман флорасы шоғырланған (магнолия, емен, лаврдың түрлері), үйеңкінің түрлері алуан түрлі, оған ақ қараған (акация, Robbina pseudoacacia) тəн.

АҚШ-тың Атлант жағалауының, əсіресе, Аппалачтың флорасы Шығыс Азия флорасымен ұқсастығына ғалымдар бұрыннан назар аударды. Бұл түрлер мен туыстардың жалпы санының едəуір көп болуымен байланысты, дегенмен, Шығыс Азия флорасының ерекшелігі түгелімен анағұрлым бай жəне құрамында қарапайым формалар көп. Жалпы түрлердің арасында тек 2 түрден тұратындары да бар, əрбір облыста біреуден, мысалы, магнолия тұқымдасынан (Liriodendron) қызғалдақ ағашы. Бұл Азия мен Солтүстік Американың аралығында байланыстың болғандығына дəлел болады.

  1. Қатпарлы таулар облысы. Гүлді өсімдіктерден эндемиктік тұқымдастар мұнда кездеспейді. Бірнеше ондаған эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар, олардың арасында жартысынан астамы монотипті (яғни тек бір түрден тұрады). Түр эндемизмінің өте жоғарылығы тəн. Облыс өсімдіктерінен қылқанжапырақты ормандар басым. Облыстың солтүстік бөлігінде майқарағай, қарағайдан тұратын қылқанжапырақты ормандар таралған, сондайақ кипарис ағаштары өседі.

Ежелгі Жерортатеңіздік патшалық тармағы батыстағы Макаронезиядан бастап барлық Жерорта теңізін, Азияның Орталық жəне алдыңғы аудан жіктері арқылы шығыстағы Моңғолияға дейінгі орасан зор аумақты қамтиды. Бұл көлемді аумақта Макаронезияның ылғалды мəңгі жасыл ормандарынан Орталық Азияның шөлді аймақтарына дейінге өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Алайда бұл аймақ флорасының даму тарихы кейбір ортақ белгілерімен сипатталады. Флорасы ежелгі жерортатеңіздік – Тетис жағалауы бойымен қалыптасты, ежелгі жерортатеңіздік өсімдіктердің басым көпшілігінің шығу тегі Шығыс Азиялық. Тропикалық флораның өзгерген түрлері де оның құрамында елеулі орын алады, əсіресе Макаронезия жəне Сахара-Аравия облыстарында (лавр жəне пальма тұқымдасының өкілдері).
Ежелгі жерортатеңіздік патшалықша 4 облысқа жіктеді.

  1. Макаронезия облысы эндемиктік түрлер салыстырмалы түрде аз (шамамен 30), оның жартысынан астамы Канар аралдарында өседі. Макаронезияның өсімдік жамылғысында Канар лаврынан мəңгі жасыл лавр орманы ерекше. Олар палеоботаниктер анықтауы бойынша, Еуропаның миоцинді жəне плиоценді ормандарына көбірек жақын. Канарлық финик пальмасы да осы аумаққа тəн өсімдіктің бірі.

  2. Жерорта теңіздік облыс. Эндемиктік түрлер саны салыстырмалы түрде онша жоғары емес, түр эндемизмі 50%-ға жетеді. Типтік эндемиктер немесе эндемиктік түрлер осы облыс өсімдігінің бейнесін айқындайды. Олар: лавр, зəйтүн, еменнің қатты жапырақтары мəңгі жасыл ағаш түрлері, қарағай түрлері. Сондайақ қойбүлдірген ағашы, аршагүл түрлері, ладанник (эфир майын өндіретін тал), пістені де атап өту керек. Облыстың батыс бөлігіне діңгексіз пальма (Chamaerops humilis) тəн. Солтүстік Африка мен Ливанда ливандық жəне атластық балқарағай түрлері таралған (Cedrus).

  3. Сахара-Аравия облысы. Сахара-Аравия флорасы онша бай емес (шамамен, 1500 немесе одан жоғары) жəне біршама өтпелі сипатта. Жерорта теңіздік жəне иран-тұрандық өсімдіктер біршама көп, мысалы түйе тікенегі (Alhagi) жəне жүзгін (Calligonium). Облыстың оңтүстік бөлігінде Судан флорасының өкілдері – қараған түрлері таралған. Эндемиктік түрлер аз емес, ал түрлік эндемизм 25%-дан кем емес. Етті сабақты жəне жапырақты ірі суккуленттер (алоэ, сүттіген түрлері), құмды шөлде өсетін дəнді аристид түрлері тəн. Өсімдік жамылғысында шөлді жəне шөлейтті өсімдік түрлері басым.

  4. Иран-Тұран облысы. Флорасы түрдің біршама жоғарылығымен жəне түр эндемизмінің өте жоғарылығымен сипатталады (25%). Облыс үшін аканториман түрлері (Acantholiman), астра тұқымдасынан көбенқұйрық (Cousinia) тəн, бірақ олар қатаң эндемиктік болып табылмайды. Ең бай флора Иран таулы қыратында, ал Орталық Азия флорасы кедей болып келеді.

Облыстың батыс бөлігі (əсіресе, Иран таулы қыраты) Иран-Тұран флорасының қалыптасуындағы негізгі орталықтардың бірі ретінде қарастырылады. Мұнда жүзгін, кермек (Limonium), аконтолимон, жусан (Artemesia), қызғалдақ, жуа, сарыгүл, т.б. түрден тұратын эндемиктер көп.
Мадреан (Сонор) патшалықшасы. Солтүстік Америка мен Мексика таулы қыратының оңтүстік-батыс бөлігінің флорасы бореальды жəне Ежелгі Жерорта теңіздік патшалықшадан ерекшелігі – толық жəне өз алдына патшалықша ретінде қарастыруға болады. Патшалықша флорасының дамуы Ежелгі Жерорта теңіздік патшалықша флорасынан тəуелсіз жүріп жатты. Кейбір ортақ түрлер бар, мысалы, қойбүлдірген ағашы, емен, жидек, арша, пісте, т.б.
Патшалықшада тек қана бір облыс Мадреан облысы бар. Флорасы эндемиктік тұқымдастар қатарымен сипатталады, яғни ұзақ уақыт бойы ол оқшау түрде дамыды. Эндемиктік түрлер көп, олардың ішіндегі ірісі – карнегия мен кактус. Бұл 10-12 м-дей биіктікке жететін кактустар Сонор шөлінде таралған. Түр энде- мизмі шамамен 40%-ды құрайды. Мұндағы танымал эндемик Калифорния жағалауы маңындағы тауда өсетін мəңгі жасыл алып секвойя болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет