5 Лекция. Құрылықтың флоралық жіктелуі. Голарктикалық патшалық. Палеотропикалық патшалық. Неотропикалык патшалық



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі32,72 Kb.
#186658
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
432551577056 №5 Лекция

5.1.2. Палеотропикалық патшалық


Аустралияны қоспағанда, тропиктік белдеуді қамтиды. Патшалық құрамына Оңтүстік Америка жағалауынан басқа, Тынық мұхитының барлық тропикалық аралдары кіреді. Бұл патшалықтың өте бай флорасында шамамен 40 эндемиктік тұқымдастары бар деп саналады, олардың ішінде атап өткен жөн: Непентес (Nepenthacea), Диптеркарп, т.б. Непентес тұқымдасының ареалы Мадагаскарға дейін жетеді, ал олардың анағұрлым алуан түрлері Малайзияда тіркелген, бұл ең алдымен, шөпті өсімдіктер. Диптерокарпты өсімдіктердің көп бөлігі тропикалық орманның қуатты ағаштары, бұл атау жаңғақ жемісті қоршап тұратын 2 қанат тəрізді тостағаншаның өсуіне байланысты қойылған. Малай архипелагында бұл тұқымдастың 17 түрі өседі.
Панданус тұқымдасының өкілдері өзен сағасында, жағалауында, ылғалды тропикалық ормандарда өседі. Панданус түрінің ішінде өткір тісті жапырақ пальма көбірек танымал. Африкадан Полине- зияға дейінгі үлкен кеңістікке созылған палеотропикалық патшалық өте дифференциалданған жəне оның шегінде 5 патшалықшаға жіктеуге болады: Африкалық Мадагаскар, Үнді-Малайзия, Полинезия жəне Жаңа Каледон.
Үнді-Малайзия патшалықшасы. Патшалықтың ауқымды территориясының бөлшектерге бөлінуіне қарамастан, оның флорасы үшін əртүрлі таксономиялық рангтың ортақ көптеген элементтері бар. Бұл аумаққа өте жоғары эндемизм тəн: патшалықша флорасы 11 эндемиктік түрлерден тұрады. Қазіргі деректерге сəйкес мұнда жер шарындағы ең ежелгі флора – гүлді өсімдіктер шоғырланған. Патшалықша: Үнді, Малайзия, Үндіқытай, Папуас жəне Фиджи болып 5 облысқа бөлінеді.
Малайзия облысының флорасы өте бай (25000 түрден астам) оның құрамында гүлді өсімдіктердің ежелгі əрі қарапайым формалары өте көп. Вербен тұқымдасынан тік, алып фикус, ерекше танымалы – каучук өсімдігі (Ficus elastica) тəн. Өсімдік жамылғысында тропикалық орманның ылғалды түрлері басым. Пальманың алуан түрлері тəн, олардың ішінде тек бір рет гүлдейтін жəне гүлдегеннен кейін тіршілігін жоятын көлеңке пальмалары (Corupha umbraculuifera). Жүзімділер тұқымдасынан кейбір
Лианалардың шырынымен қоректенетін паразитті өсімдіктердің 12 түрін біріктіретін раффлезия (Raffl esia) эндемик болып табылады. Раффлезиялардың арасында ең танымалы – алып, көлденеңінен 1 м-дей, массасы – 10 кг-ға жететін етті гүл. Үлкен Зонд аралдарының флорасы ерекше бай. Тек қана Калимантанда 11 мыңнан астам, ал Явада жоғары өсімдіктердің 6 мың түрі тіркелген.
Африка патшалықшасының құрамына Африка құрлығының үлкен бөлігі, Аравия түбегінің тропикалық шөлдері, Иранның, Пəкістан мен Солтүтік-батыс Үндістанның тропикалық шөлдері кіреді. Өсімдік жамылғысы тропикалық орманның ылғалды жəне ксерофильді түрінен, тропикалық сирек ормандар мен бұталардан, саваннаның түрлі формаларынан, шөлдерден тұрады. СуданЗамбезий, Гвинея-Конголезия, Карру-Намиб облысы, Əулие Елена жəне Вознесения аралдары сияқты облыстарға жіктеледі.
Гвинея мен Конго ормандарының флорасы бай жəне ерекше тұт, бұршақ, пальма, аннон, панданус, т.б. тұқымдастардан тұратын ағашты өсімдіктердің 13 мыңнан астам түрі бар деп саналады. Мұнда бірнеше эндемиктік тұқымдастар, эндемиктік түрлер көп. Бамбук арасында түрлі эндемиктер көптеп кездеседі. Эпиофит- терді атап өтелік, мысалы, мүйізді папортник жəне рипсалис кактусы.
Құрғақ аймақ – Судан-Ангола облысының флорасы ерекше. Қараған түрлері, жапырақты тропикалық ормандар мен термина- лия, комбретум, изоберминия түрлері, саваннада таралған дəнді өсімдік түрлері (піл шөбі, африка тарысы, т.б.) тəн. Жуан діңгекті баобаб, көптеген суккулентті сүттіген дум пальмасы өседі.
Намиб шөлінің солтүстік бөлігінде жəне Анголаның оңтүстік батыс бөлігінде (Карру-Намиб облысы) жалаңаштұқымдыларға жататын бір типті эндемиктік тұқымдас вельвичия өседі. Облыс эндемиктерге өте бай.
Мадагаскар патшалықшасы Мадагаскар аралы мен оған көршілес аралдар тобын – Маскарен, Сейшель, Амиран, Комор, т.б. қамтиды. Мұнда тек бір облыс – Мадагаскар, Мадагаскар флорасы ежелгі географиялық оқшаулану жағдайында қалыптасты. Ал бұл оның өзіндік жəне ерекше жоғарғы эндемизмін анықтайды. Мұнда 9 эндемиктік тұқымдас, 450 эндемиктік түр, гүлді өсімдіктердің түр эндемизмі 89%-ға жетеді.
Мадагаскар мен Африка флораларының арасындағы айтарлықтай тығыз байланыстың болғанын жалпы түрлердің (пальма, рафия, баобаб) маңызды бөлігі жəне шамамен 170 түр дəлел болады. Ылғалды тропикалық ормандар таралған Мадагаскар аралының шығыс бөлігінде Үндістан мен Малаизияға ортақ өсімдіктер табылды.
Сейшель аралдарында эндемиктік Сейшель пальмасы өседі. Ливан самырсыны мен Калифорния секвойясына қарағанда ондай танымал емес, жай өсетін ағаш, ірі жемісінің салмағы 45 кг құрайды. Сейшель пальмасы өсетін жерлер - 2 ежелгі Праслен жəне Курыз гранитті аралдарындағы төбе беткей жəне өзен аңғары қорықша деп жарияланды.
Полинезия патшалықшасы. Бұл патшалықшаға 2 облыс кіреді: Гавай жəне Полинезия – эндемиктік тұқымдастар жоқ, таза аралдық флорасы бар. Полинезия флорасы Үнді-Малайзия патшалықшасынан туындаған. Ол əртүрлі дүние бөліктеріндегі өсімдіктер миграциясының негізінде мұхит аралдары мен архипелагтарда географиялық оқшаулану жағдайында дамыды. Осылай Гавай облысы флорасының құрамында шығу тегі үнді-малайзиялық өсімдіктер басым болып келеді. Мұнда көптеген кеңінен таралған түрлер мен тұқымдастар кездеспейді (барлық қылқанды магнолия, лавр), орхидея өсімдіктеріне кедей. Бұл үйлесімсіз аралдық флораның мысалы. Техникалық май алынатын алеврит ағаштары (гавай тунгасы), метросидерос түрінің ағаштары, ежелгі папорот ник ағаштары тəн, ежелгі қоңыраубас түрлері кең таралған.
Жаңа Каледония патшалықшасы бай, өзіндік флорасымен ерекшеленеді. Патшалықша Жаңа Каледония облысынан ғана тұрады, оған Жаңа Каледония, Пен (Куния) жəне Луайото аралдары кіреді. Осы аралдарға бірнеше эндемиктік тұқымдастар мен шамамен, 110 эндемиктік түрлер тəн. Түр эндемизмі 85 %-ға жетеді. Жер бетінде осындай көлемдегі эндемиктік тұқымдастар мен түрлер саны бойынша Жаңа Каледонияға тең келерлік басқа аумақ жоқ. Бұл мұнда түр түзілуінің қарқынды процесінің ұзақ уақыт жүргендігіне дəлел болады. Сонымен қатар Жаңа Каледония флорасында ежелгі жабайы түрлердің маңызды бөлігі бар, 11-12 танымал ең ежелгі гүлді өсімдіктердің сауытсыз түрінің алтауы кездеседі. Соның үшеуі эндемик болып табылады. Осы облыста өсетін 2700 түрдің 90 %-дан астамы (2500) эндемик болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет