Ерте және кеш кезеңдерде жүктілікті тоқтату әдістері. Контрацепция.
Орындаған: Шинжанова А А . 9022топ Тексерген: Отарбаева Ш.П. Қарағанды 2020
Жоспар
Жүктілікті жасанды үзу түсінігі.
Ерте мерзімдегі жүктілікті үзу.
Кеш мерзімдегі жүктілікті үзу.
Контрацепция әдістері.
Жүктілікті жасанды үзу түсінігі.
Жүктілікті жасанды үзуді кез келген мерзімде жүргізуге болады. Аборт деп 28 аптаға дейін үзілген жүктілікті айтады.
Аборттың (самопроизвольный) спонтанды және жасанды түрлері бар. Жасанды деп жүктілікті медициналық мекемеде, амбулаториялық жағдайда үзу. Ал ауруханадан тыс аборттар криминальды болып саналады. 12 аптаға дейін әйелге аборт өз қалауы бойынша да жасала береді, егер қарсы көрсеткіштер болмаса.
Аборт жасауға қарсы көрсеткіштерге: әйел жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары, әртүрлі инфекционды процесстер жатады. Осы патологияларды жойғаннан кейін ғана аборт жасалынады.
22 аптаға дейін кеш мерзімдерде аборт медициналық және социалдық көрсеткіштер бойынша жасалады.
Жүктілікті жасанды үзу әдістері:
1) дәрі-дәрмектік (дәрі-дәрмектерді интраамниалдық немесе пероралдық қолдану);
2) хирургиялық (вакуумэкскохлеация, аспаптық кюретаж және (немесе) кіші кесер тілігі).
6. Етеккір 49 күнге дейін кідірсе жүктіліктің 22 аптасына дейін дәрі-дәрмектік жүктілікті жасанды үзу амбулаториялық-емханалық деңгейдегі емдеу-алдын алу ұйымдарында жүргізіледі.
Жүктілікті жасанды үзу операциясы етеккір 49 күнге дейін кідірсе жүктіліктің 22 аптасына дейін жеке меншік түріне қарамастан акушериялық-гинекологиялық бейінді ұйымдардағы өз құрамында операциялық блогы, тәуліктік реанимация және жіті терапия бөлімшелері бар күндіз келіп жататын палаталарда жасалады.
Жүктілікті ерте мерзімде жасанды үзу.
Жүктілікті 22 аптаға дейін жасанды түрде үзу аборт деп аталады. Аборт ерте (жүктіліктің 12 аптасына дейін) және кеш (13-22 апта аралығы) болып бөлінеді. Жүктіліктің 12 аптасы ерте және кеш аборттық шекарасы болып табылады, себебі бұл кезде плацента жетілген, ұрық пен жатыр үлкен болады. Сондықтан 12 аптаға дейінгі сияқты, кеш мерзімде жүктілікті бірреттік үзу тиімді емес.
Жүктілікті ерте мерзімде жасанды түрде бір реттік операция жолымен үзуді стационарда дәрігер жасайды.Оған қалаусыз жүктілік және медициналық көрсеткіштер негіз болады.
Қарсы көрсеткіштер: Жыныс жолдарының жұқпалы аурулары және қабыну процестері, жедел және жеделдеу аурулар, белгісіз этиологиядағы дене қызуының көтерілуі, патологаялық жүктілік (мойындық, жатырдан тыс).
Операция алдын ала дайындықтан кейін жасалады: ішекке клизма жасау, куықты босату, қасаға түктерін тазалау, сыртқы жыныс мүшелерін жуу және спринцевание жасау (калий перманганаты немесе 1:5000 фурациллин сұйықтықтарымен). Жансыздандыру басу үшін парацервикалды блокада (0,25-0,5% — 60-80 мл новокаин сұйықтығымен) немесе жалпы наркоз беріледі (азот оксиді, пропандид (сомбревин). Операция алдында жүктілік мерзімін (жатыр көлемі) және жатыр жағдайын (жатыр жағдайын дұрыс бағаламау аборт кезінде перфорацияға алып келуі мүмкін) анықтау үшін қынап арқылы зерттеу жасалады.
Сыртқы жыныс мүшелері мен қынапты дезинфекциялық заттармен тазалағаннан кейін, жатыр мойны қынап айнасы және көтергіштің көмегімен ашылады да, қысқашпен жатыр мойның жоғары ернеуі тартылып (жатырдың алдыңғы орналасуында төмен қарай немесе артқы орналасуньща жоғары қарай) алынады.
Өлшемдері бар жатырлық зонд көмегімен жатыр куысы өлшеніп, бимануалды зерттеу көрсеткіштері анықталды (зонд бос, күшсіз, жатырдың алдыңғы орналасуында томпақ жағымен төмен немесе артқы орналасуында жоғары қарай енгізіледі). Келесі этаптар — цервикалды өзекті кеңейту және жатырды ұрық жұмыртқасынан босату. Жатыр мойнының өзегін кеңейту үшін Гегар кеңейткіштері (N2 — N12-16) қолданылады. 6-9 аптаға дейінгі жүктілікте канал N12 кеңейткіштермен кеңейтіледі, ал кеш мерзімдерде — N15-16 дейінгі кеңейткіштер қолданылады. Жатыр мойнының каналын кеңейткеннен соң жатыр куысына кюретка енгізіледі (N2 — N6). Ұрық жұмыртқасы мен жатыр шырышы N6 кюретамен алып тасталады, ал аборттан кейін жатыр қабырғалары қысқарған соң N2 кюреткамен жатыр қабырғасы мен бұрыштары тексеріледі. Ұрық жұмыртқасының бөліктері ілмек тәрізді корнцангпен алынады.
Кюретканы жатыр қабырғасынан жылжытқан кезде «сыкыр» естілсе және көбік тәрізді бөліністер пайда болса жатырдың босатылғанының белгісі. Операциядан кейін мойын 5% йод сұйықтығымен өңделеді.
Операцияның асқынулары: жатыр қабырғасының перфорациясы, ішкі мүшелердің зақымдалуы, қан кету, операциядан кейінгі кабыну аурулары, менструалдық циклдың бұзылуы, бедеулік. Қан кету жатырда ұрық жұмыртқасының қалдықтары қалғанда немесе оның кыскару қабілеті бұзылғанда болады. Қан кетуді тоқтату үшін ұрық жұмыртқасының қалдықтарын алып тастап, күре тамырға немесе жатыр ішіне жиырылушы дәрілік заттар (окситоцин, питиутрин, т.б.) енгізіледі. Перфорация зонд, кеңейткіштер және кюретарлардың әсерінен болуы мүмкін. Зондпен перфорация болған жағдайда және ұрық жұмыртқасы толығымен алынып тасталса консерватавті емдеуге болады (антибиотиктер, уретротоникалық препараттар).
Кеңейткіш немесе кюретамен перфорация болса лапоратомия, соңьшан жатырды тігіп немесе алып тастау керек (перфорациялық тесіктің көлемі мен орналасуына, әйелдің жасына байланысты). Кейінгі асқынулар (қабыну аурулары, және менструалдық циклдың бұзылуы) стационарда немесе амбулаторияда емделеді.
Амбулаториялық жағдайда жасанды аборт жүктіліктің 2 аптасынан 5 аптасына дейін жасалады (етеккірдің 21 күнге дейін тоқтауында), бұл кезде ұрық жұмыртқасы жатыр қабырғасымен тығыз байланыспаған болады. Бұл мақсатта АПБ-1 аппараты қолданылады, оның көмегімен ұрық жұмырқасы вакуум-аспирация әдісімен альшады. Стерилді жағдайда жатыр мойны ашылып, Мюзо немесе оқтық (пулевые) қысқаштармен қысылады. Жатырды цервикалды канал арқылы зондтағаннан кейін аддын ала Гегар кеңейткішімен кеңейтпей тұрып пластмасса канюлясын енгізіліп, электросорғышқа жалғанады. Электросорғышта ұрық жұмыртқасын тартып алатын теріс қысым пайда болады.
Операция кезінде канюля жатыр толық босағанға дейін айналдырылады. Оған аспираттың болмауы мен канюля арқылы ауа өтуі критерий болып табылады. Операция наркозсыз 1-2 минут жасалады.
Қазіргі кезде ерте мерзімді жүктілікті жатырға импульсты магнитгі өріспен әсер ету арқылы контактсыз жолмен үзу әдісі ендірілді. Жатырға қарқындылығы 1,5 Тл импульсты магнит өрісімен әсер еткенде жатыр процедурадан кейін 24 сағатқа және одан да көп уақыт қысқарады. Параметрлері: N1 индукторда магнит өрісінің қарқындылығы 0,8 Тл, N2 иңдукторда -1,5 Тл; жиілігі минутыа 30-35 импульс, импульс арасындағы уақыт интервалы 10-20 мс, процедура ұзақтығы 5-10 минуг, процедура саны 1-4. Процедура әйелді шалқасынан жатқызып жүргізіледі. N1 индуктор сегізкөз аймағьша, N2 инцуктор симфизге орналастырылады. Процедураға қарсы көрсеткіштер жатыр куысында жатыр ішілік спиралдың болуы.
Жүктілікті кеш мерзімде үзу.
Жүктілікті кеш мерзімде 1936 жылдан бастап 1987 жылға дейін тек қана медициналық көрсеткіштермен үзеді. Кеш мерзімдегі жүктілікті үзудің бірнеше әдістері бар: кесар тілігі (абдоминалды немесе вагиналды), жатырдың жиырлу белсенділігін жасанды шақыру, дәрілік заттарды экстра- және интраамниалдық енгізу. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде кесар тілігі, простогландиндер немесе гипертониялық сұйықтықтарды интраамниалдық енгізу кеңінен қолданылуда.
Интраамниалдық енгізу әдісімен жүктілікті үзу үшін натрий хлоридінің гипертониялық сұйықтықтары (10-20%), глюкоза (20%) қолданылады. Простогландиндерді де қолданады, алдымен жатыр мойнын дайындай үшін ламинарийлерді қолданады. Сұйықгықтарды бөлме температурасына дейін жылыту керек. Олар жүктіліктің әрбір аптасына 9-10 мл есеппен енгізіледі (мысалы, 22 апталық жүктілікте 180-200 мл).
Алдын ала ұрық айналасындағы сұйықтық шығарылады (гипертониялық сұйықтықтың енгізілетін көлемінен 50-70%). Натрий хлоридінің гипертониялық сұйықтықтарын енгізуге қарсы көрсеткіштер: жүрек-қан тамыр жүйесі, бүйрек, бауыр аурулары, гестоз, алмасудың бұзылуы. Мұндай жағдайларда глюкоза сұйыктығын енгізген жөн.
Сұйықтықтарды енгізу алдында плацентаны амниоцентез кезінде зақымдамау үшін оның орналасуын анықтау мақсатында УДЗ жасалады. Амниоцентез трансвагиналді (алдыңғы күмбез немесе цервикалды канал арқылы) жасалады. Сұйықтықтарды қынаптың алдыңғы күмбез арқылы енгізгенде қуықты зақымдау қаупі бар. Сондықтан амниоцентезді цервикалды канал арқылы жасау қолайлы және қауіпсіз болып есептеледі. Операция алдында ішек тазаланады және куық босатылады. Стерилді жағдайда жатыр мойны ашылып, Мюзо немесе оқтық қысқаштармен бекітіледі. Ұзын ине көмегімен цервикалды канал арқылы ұрық қабы тесіліп, 80-120 мл (жүктіліктің мерзіміне қарай) ұрық аналасындағы сұйықтық алынады.
Кейін ине арқылы шприцпен қажет мөлшерде гипертониялық сұйықтық енгізіледі. Оны енгізгенде ұрық айналасындағы сұйықтықты тарту арқылы иненің орналасуы тексеріліп отырады, себебі ине қимылдағанда жатыр қабырғасына түсуі мүмкін, ал гипертониялық сұйықтық жатыр қабырғасына енсе ткандердің некрозы түзіледі.
Гипертониялық сұйықтықты енгізіп болғасын жатыр қысқарып аборт басталады (5-6 сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Аборттан кейін ұрық жұмырткасының қалдықтар мен децидуалды ткандерді алып тастау үшін жатыр кюретажы жасалады. Кеш мерзімде жүктілікті үзу кезінде тууға қарағанда әртүрлі асқынулардың даму қаупі жоғары болады.
Кіші кесар тілігі кеш мерзімде жүктілікті үзу үшін, ұрық жұмыртқасын алып тастаумен қатар стерилизация (психикалық ауруларда), сондай-ақ жүктілікті жедел тоқтатуды талап етеін экстрагениталды ауруларда көрсетіледі. Бұл кезде жатыр тік немесе көлденең кесу арқылы ашылады.
Контрацепция әдістері
Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.
Отбасын жоспарлаудың кажеті:
қалаулы денісау баланы туу ушін;
әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.
Отбасыны жоспарлау – әйелдер мен балалардың ауруларының төмендеуі мен сақтауына бағыталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар жиынтығы ерлі – зайыптылардың келесі мәселерін шешуге мүмкіндік береді:Бала туу үшін әйелдің жас мерзімін анықтау өте маңызды. Жүктілік кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі мерзімде асқынудың пайда болуынан жиырма жасқа дейінгі бала туатын әйелдердер қауіптілік тобын құрайды. Отыз бес жастан асқан әйелдер босанғанда баланың генетикалық «ауытқулармен» (мысалы, даун – бала) туу қаупі артады.
Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:
Ішілетін құрама контрацептивтер.
Инъекцияльқ контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта).
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы).
Презервативтер (мүшеқаптар).
Жатырішілік заттар.
Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).
Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс).
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ).
Комбинирленген оральді контрацепция
а. Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі.
Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады;
Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады.
Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б
Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Бірақ, қазіргі кездегі препараттар құрамында төмен дозалы эстроген (бір таблеткада 20 – 50 мкг) болады. Оларда 21 күн ішінде цикл арасында апталық үзіліспен қабылдайды. Құрамында прогестині бар препараттарды үзіліссіз қабылдайды.
б. Әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды.
в. Зиянды әсері. Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.
г. Асқынуы. 1.Тромбоэмболия. Эстрагендер қан плазмасын ұйыту факторларына ( VІІ- фактор, шамалы бауырға ) әсер етуне байланысты оның концентрациясын көбейтеді. Оральді контрацепцияны қолданғанның алғашқы 10 күнінен кейін қан құрамында антитромбин ІІІ төмендейді. Сондықтан КОК – ты көп қолданғанда беткей және терең веналардың тромбозы болуы ғажап емес.
Жедел контрацепция. (ЖК)
Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек. Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады:
қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ;
мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде;
сексуальдық зорлауда;
фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде;
егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.).
Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз.
ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС)
Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады.Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайдыұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады.Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін.Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн
ЖІС тиімділігі.
нәтижелігі жоғары;
басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері;
жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады;
егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады;
б. Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты.
Зиянды әсері. Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі , менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік сайманды алып тастау керек.
Жатыр түбінің перфорациясы. Бұл ЖІС – ді қолданғанда болатын ауыр асқынулардың бірі. ЖІС – ні енгізгенде біріншілік тесілу мысалы: 1000 процедура ішінде 1 жағдай кездеседі. Егер тексеру кезінде дәрігер жатыр мойнында бақыланатын жіпті көрмесе әйел ЖІС – нің түсуін байқамаса тез арада жатыр түбінің тесілуі деп қорытынды жасау керек. Дұрыс қойылған сайман әйелдің де, еркектің де жыныстық қарым қатынасына ешқандай кедергі жасамайды. ЖІС жатыр қуысына өсіп кетуі және жіптің қуысқа тартылып кетуі мүмкін.
Инфицирлену. Жатыр қуысына жатыр қуысына ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат аралығында қалыпты жағдайда стерильді болып есептеледі. Осыдан кейін бактериялармен инфицирленеді , бірақ көп жағдайларда табиғи қорғаныс күштері бұл бактерияларды жойып жібереді. ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 2 аптада жамбас мүшелерінің инфицирлену жиелігі жоғары болады, уақыт өткен сайын біртіндеп төмендей бастайды.
г. Қарсы көрсеткіштер.
Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары;
Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары;
Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба;
Жатыр ақауларының дамуы;
Истмико – цервикальді жеткіліксіздік;
Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері;
Менструальді циклдің бұзылуы;
Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік;
Жүктілікке байланысты асқынуы.
БАРЬЕРЛІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІ
Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүше қаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС – дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап – сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі.
Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС – дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС – дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса.
Спермицидтер.
Оған гелдер, аэрозольді көпіршіктер, көпіршікті және көпіршіксіз суппозиторилер жатады. Бұл әдәсті диафрама, губка және мүше қаптармен бірге қолданады. Бірақ, әйелдердің 3% ғана спермицидтерді қолданады.
а. Әсер етуі. Барерьлік контрацептивтер активті компонент тез бөледі және қынаппен жатыр мойнынна жайылу қабілеті бар. Спермицидтер жатыр мойнына сперматозоидтардың кіруіне физикалық бартер ретінде кедергі жасай алады. Жатыр мойны шырышына енген сперматазоид бөлігіне спермицид әсер еткен соң, фуртильдік қасиетін төмендетеді. Спермицидтердің активті ингридиенттері сперматозоидтардың қозғалғыштығын аналық клеткаға енуін жүргізетін фермент активтілігін төмендетіп, оларды жояды. Беткейлі – активті заттар ( мысалы ноноксинол 9 және октоксинол 9) сперматозоидтың сырқы мембранасын бұзады. Фермент ингибитрлары ( мысалы, госсипол) – спермостатиктер;
ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ЖҮКТІЛІКТЕН ҚОРҒАНУ
Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді. Сегізінші аптада жатыр көлемі 3 – 5 см3 кішірееді. 6 аптада емізбейтін әйелдердің 5% және емізетін әйелдерде 15 % жағдайда овуляция процесі болады. Емізетін және емізбейтін әйелдерд менструальды цикл орташа есеппен 9 – 18 аптада қалпына келеді. Фертильділікті осы кезеңде реттеу басты роль атқарады. Бұл кезде лактациялық аминорея әдісі ( ЛАӘ) қолданады. ЛАӘ — контрацептивті әдіс, ана сүтімен емізуге негізделген. Бірақ уақытша контрацептивті әдіс деп есептелінеді. ЛАӘ жүктілік болудан табиғи түрде қорғайды. Бұл әдіс баланың бірінші 6 — айында нәтижелі болады, бірақ берілген критерилерді қатаң түрде сақтасақ. (Лактациялық аменорея жайлы толықтай мына жердегі материалдан біле аласыз
Лактациялық аменорея қолдану критерилері:
Босанғаннан кейін бірінші 6 – айға дейін;
Әйелде аменарея болса;
Әйел балаға тек емшек сүтін берсе;
Ана сүтті баланың қажетінше емізіп, басқа тамақ бермеу керек;
Күніне 6 реттен аз емес ( түнгі емізуді қоспағанда ) ;
ХИРУРГИЯЛЫҚ КОНТРАЦЕПЦИЯ
Қазір көп елдерде хирургиялық контрацепция әдісі кең қолданылады. Ерікті хирургиялық стерилизация ( ЕХС ) 2 түрге бөледі: әйелдердің ерікті хирургиялық контрацепциясы және ерлердің хирургиялық контрацепциясы. ЕХС туралы консультацияға келген клиент толық танысады.Әдістің тиімділігі: тұрақты бір ретті шешім қабылдау, жүктіліктен қорғанудың табиғи және тиімді болуына байланысты.
Асқынуы: ЕХС, басқа операцияларға сияқты белгілі асқынулар болады (қан кетулер, қабыну процестері немесе оның асқынулары).
Бірақ дамушы елдерде стерилизация жүктіліктен сақтануға қоданылатын басқа әдістермен салыстырғанда 30 – 80 рет қауіпсіз. Пациенттер, яғни әйел / еркекке қатысты сұрақтарды толық сұрауға мүмкіндігі бар. Тек әдісті толық түсінген жағдайда жанұяны жоспарлау дұрыс болады. Пациенттердің хирургиялық әдісті таңдауы және оған шешім қабылдауы өз еркінде. Консультант пациентке ЕХС – тің бар этаптарын, зиянды әсерлерін және асқынуларын, фертильді қабілеттің қайтымсыз екенін, жыныстық фукцияға және денсаулыққа әсер етпейтінін түсіндіруі тиіс. ЕХС – ті босанғаннан кейін 4 аптаға дейін жасайды. Егер 4 аптадан аса басқа контрацепция әдісін қолдануға ұсыныс беріледі. ЕХС – ті пациенттің арнайы медициналық картаға келісімі жазылғаннан кейін жасайды. Әйелдерге арналған ерікті хирургиялық контрацепция Әйелдердің ЕХС хирургиялық контрацепцияның қауіпсіз әдісі болып саналады.