Коммерциялық хаттың жазылу стилі.
Коммерциялық хатың құрылымы
Рон Теппедің кітабында коммерциялық хатарды қарап отырсақ, олардың құрылымындағы ортақ бір нәрсені ьайқауға болады. Мәтіннің дамуына сәйкес, мақсаттары да өзгеріп отырады. Кітап авторы оны қағидалар түрінде көрсетеді. Ол қағидалардың әрқайсысын бір сөзбен беруге болады: 1. Көңіл аудару ; 2. Қызығушылық туғызу; 3. Өтініш; 4. Іс-әрекет.
Осындай құрылымның мәнін үңілейік.
Журналистер мәтіннің басқы және соңғы бөліктері есте сақталатынын жақсы біледі. Газет материалының алғашқы сөзі тақырыптан басталады. Тақырып қаншалықты қалыптан тыс, қысқа, өткір құрылса, соншалықты ол оқырманның есінде қалады, көпшілікті өзіне аударады, қызығушылық тудырады. Мысалы, әжуа- мысқылға құрылған мынадай тақырыптарды алуға болады: “Махаббат және мысық”, “Шаяндар қайда қыстайды”, “Зиянкес қазбалар” т.б.
Сөздің әсерлерінен арттыру үшін риторикалық сұрақтар, мысқыл, шендестіру, әсірелеу, жаңартылған фрзалық тіркестер т.б. әдіс- тәсілдер қолданылады. Ондағы мақсат- қалыпты ойлау дағдысын бұзу, қабылдауды жандандыру. Іскерлік хат пен баспа сөз жарнамасы үшін де осындай бастаманың болуы қажет. Бұл жерде: тек басы осылай болып қана қоймай, оның жалпы мәтінмен байланысын да ескеру қажет. Р.Теппер ондай ұғымды алғашқы сөйлемдерді былайша құрады:
Менің бастығым, егер Сізге осы хатты жазғанымды білсе, мені өлтірер еді, бірақ мен оның бір нәрсге көзін жеткізгім келеді...
Егер Сіз көңіліңізге ұнайтын жұмыс істеп жүрмеген болсаңыз, онда Сіз өз қызметіңізді дұрыс ұсына алмағансыз...
Сіздің ақшаңызды көбейтудің жеті түрлі әдісі бар...
Бұрын естігеніңіздей бәрін ұмытыңыз...
Сіздің қазіргі оқыған нәрсеңіз Сіздің өміріңізді келешекте мүлдем өзгертіп жіберуі мүмкін.
Дейл Карнегидің “Достарды қалай табуна және адамдарға қалай әсер етуге болады” деген атақты кітабында оқырманның көңілің қалай аударуға болатыны туралы кеңестер де бар. Бірақ кеңес бере отырып, автор мына нәрсені қатты ескереді: ешқандай да сиқырлыққа, мадақтауға, алдауға жол беруге болмайды, тек адамға шын жүректен шынайы көңіл бөлу, адамның жақсылығын көре білу оқырманның ықыласын аударады, онымен бірлесіп жұмыс істеуге қол жеткізеді.
Жарнама ісінің, іскерлік хат жазудың барлық білгірлері психологиялық әсер етудің осындай ерекше үлгісін қолдана да бермейді. Кейбіреулері ұстамды, бірақ өз мақсатына жетуден қайтпайтын баяндау мәнерін пайдаланады. Қайсысын қолдану Сізге таңдауыңызға, қарым – қатынас жасау принципіңізге, белгілі бір жағдайға байланысты. Қалай болғанда да нәтижесі маңызды. Егер нәтиже болмаса, онда бірнәрсені өзгерту керек болады.
Р.Теппер ұсынатын композициялық кезеңдерді дұрыс бағалау үшін, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің коммерциялық хатының толық мәтінін келтірейік. Хаттың әр бөлімі композициялық айдарлармен ажыратылады.
Көңіл аудару
Құрметті...
Мен Сізге екі апта бұрын хат жазған едім, слайда Сізге өте маңызды нәрсе айтқым келгендіктен тағы да хат Жолдак отырмын.
Қызығушылық туғызу
Менен АҚШ-тың бұрынғы президенті ретінде бірнеше тапсырма, мазмұнды бастамалары менің атыммен атауды өтініпті. Мен Розалинмен кеңестім де, біз өзіміздің атымыздың өмірін шын жақсартуға бағытталған іске арнауға ұйғардық. Біз “Қоршаған орта адамзаттың пайдасына” атты ұйымның жұмысын қолдауға келістік. Сол кезден бері мен осы ұйымның директорлар Кеңесінің мүшесімін. Біз ұйымымыздың жұмыс тәжірибесімен кеңірек таныстыратын кітап та шығардық, ондағы мақсатымыз өз өмірімізді қалай қызықты етуге болатынын көрсету болды.
Енді мен Сізге неге осы ұйымның үй мәселесі қаншалықты қиындық әкелетіндігі және ол адамдарды қалай мейірімсіз ететіні туралы тікелей мәләмет алып тұрдым. Маған бұл қатты әсер етті! Сұмдық екен!
Бүгін Америкада мыңдаған отбасылар ойға алуға да қиын осындай сұмдық жағдайларда тұрып жатыр: ысталған, ескірген, құлауға аз –ақ қалған аул лашықтары, егеуқұрық қаптаған, сылағы түскен ескі үйлердегі пәтерлер.
Осындай жан ұялардың бірі Стронгтар отбасы болды. Руби, Оскар және олардың бес баласт – Миссисипи штатындағы Самнер қаласының бір ескі , ұмыт қалған үйшігінде тіршілік үшін жанталасты (одан әрі ұйымның көмегі жайлы айтылады).
Достарыңызбен бөлісу: |