Компьютерде ақпаратты өңдеу барысында сақтап тұратын әрі өңделген ақпаратты компьютер өшкеннен кейін де ұзақ уақыт сақтайтын жад болады. Ол негізінен ішкі жад және сыртқы жад болып екіге бөлінеді.
Практикалық жұмыс
1. Компьютер жадының қандай түрлерін білесің? ішкі жад және сыртқы жад
2. Ішкі жадтың құрылғылары қандай қызмет атқарады? RAM (Random Access Memory) – жедел есте сақтау құрылғысы
Кэш (ағыл. cach[е] – қойма) – процессор жиі қолданылатын деректерді уақытша сақтау
үшін қолданылатын шағын көлемді есте сақтауға арналған жад.
ROM (ағыл. read only memory) – тек оқуға арналған жад.
3. Сыртқы жад құрылғыларының қандай түрлерімен таныстың? Қатқыл диск, Оптикалық диск, Флеш-жад
4. Тұрақты жад пен жедел жадтың қандай айырмашылығы бар? Жедел жад деректер мен программаларды уақытша сақтау үшiн қолданылса, тұрақты жад құрылғысы тек оқуға арналған жад болып табылады, біз ондағы ақпаратты өзгерте алмаймыз
5. Ішкі жад пен сыртқы жадтың қандай айырмашылықтары бар? Сыртқы жад ақпаратты ұзақ мерзімде сақтап тұратын болса, ал ішкі жад компьютерлік
жүйелер үшін қолданылады
6. Оптикалық дискілердің қандай түрлерін білесің? CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW