Тақырыбы: Компьютерлік желі түрлері. Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама.
Жоспары:
Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
1 Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама 2
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады.