КӨне дәуірлерден – XIV ғасырға дейін өмір сүрген тарихи тұЛҒалар



бет1/3
Дата08.03.2020
өлшемі0,56 Mb.
#59721
  1   2   3


ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ


КӨНЕ ДӘУІРЛЕРДЕН – XIV ҒАСЫРҒА ДЕЙІН ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР




Алып Ер Тоңға



(б.з.д. VII) Тұран елінің әйгілі билеушісі.



Анахарсис




(б.з.б. 605-545 ж.ш.) Сақтардың Гнур патшасының ұлы. АфинығаСолонның кезінде барып қызмет жасаған. Б.з.д. VII-VI ғғ. Ежелгі Грекиядағы «Жеті данышпанның» қатарына кіргізілген.




Томирис



(б.з.д. 570-520) Сақ халықтарының ел билеген атақты патшайымы.



Мөде қаған



(б.з.д. IІ-І ғғ.) Ғұн империясының негізін қалаушы.



Еділ қаған



(400-453 жж. өмір сүрген) Батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.



Алпамыс батыр



Мөлшермен ерте ғұн дәуірі және түркі дәуірінде есімімен басқыншы жауға қарсы ерлігі халық арасына кеңінен тараған батыр.




Бумын қаған



(545-552) Алғашқы Түрік қағандығын құрушы, қаған.




Бәйдібек би



(VI-VII ғғ. өмір сүрген) Қазақ елі мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға айналған тұлға.




Арыстан баб



(VIІ ғ.) Әулие.



Тоныкөк



(шамамен 646-731 жж. өмір сүрген) шығыс Түркі Қағанаты заманындағы абыз, қаған кеңесшісі.




Білге қаған



(681-734 жж. өмір сүрген) Шығыс Түркі Қағанатының қағаны.



Күлтегін



(684-731 жж. өмір сүрген) Шығыс Түркі Қағанатының қолбасшысы.




Йоллығ-тегін



(VIІ ғ. аяғы-VIIІ басы) Жазушы, тарихшы. Екі бірдей орхон жазбаларының авторы. Шығыс Түркі Қағанатының қағаны.



Қорқыт ата



(IXғ.) Түркі дәуіріндегі ұлы жырау.



Әл-Фараби




(870-950 жж.) Орта ғасырдағы түркі әлемінің данышпан ойшылы, энциклопедист ғалым.




Бұғра хан



(915-955жж.) Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы.




Жүсіп Баласағұн



(1017-1075жж.) Түркі дәуіріндегі «Құтты Білік» дастанының авторы.



Махмұд Қашқари



(1029-1101жж.) Түркі дәуіріндегі ғұлама-ғалым, түркітілдерінің сөздігін жасаушы.




Қожа Ахмет Йассауи



(1093-1166 жж.) Түркі дәуіріндегі діндар-философ, сопылық ілімнің негізін қалаушы.




Майқы би




(1105-1225 жж. өмір сүрген) Қазақ халқының төбе биі.



Кетбұға




(шамамен 1150-1225 жж. өмір сүрген.) Жырау, күйші, аңыз кейіпкер, қазақтың ұлы жыршысы.




Ахмет Йүгінеки



(XII ғасырдың соңы – XIII ғасырдың басы) Ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл.



Мұқали батыр




(1169-1223) Мұқали батыр Шыңғыс хан әскерінің сол жақ қанатының бас қолбасшысы болған, 95 мың әскерді басқарған.




Жошы хан




(1187-1227 жж.)Алтын Орданың негізін қалаған хан.




Берке хан



(1209-1266 жж.) Алтын Орданыңалғашқы мұсылман дінін қабылдаған ханы.



Бейбарыс сұлтан



(1223-1277 жж.) Мамлюктердің төртінші сұлтаны, Мысыр елін 17 жыл билеген, аса көрнекті әскербасы.




Жамал Қарши



(1230-1315 жж.) жазушы, тарихшы. Ол Орта Азия мен Қазақстан қалаларының саяси өмірі мен мәдени, шаруашылық құрылысының тарихын суреттеген.




Едіге



(XIII-XIVғғ.) Түркі халықтарына ортақ батыр.

XIV-XVIII ҒАСЫРЛАРДА ӨМІР СҮРГЕН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР




Ұрыс хан



(т.ж.б – 1377 ж.) Ұрыс ханныңбилігі тұсындаАқ ОрдаАлтын Ордаданбөлініп шыққан соң, тәуелсіз хандық болып жарияланды.



Сыпыра жырау



(шамамен XIV ғ.ө.с.) Жыршы, суырып салма ақын.




Асанқайғы жырау



(XIV-XVғғ.) Көшпелілер философы, данышпан.



Қазтуған жырау



(XIV-XVғғ.) Жырау.




Тоқтамыс хан



(шамамен 1350-1406 жж.) Алтын Орда ханы.




Домалақ ана



(1378-1456 жж.) Есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі.




Ұлықбек



(1394-1449 жж.) белгілі түркі ғалымы, астроном, математик. Орта ғасырлардағы басты обсерваториялардың бірінің негізін қалаған.




Алаша хан



(XIV-XV ғғ.) Батыр, би, ұлыс билеушісі.




Қобыланды батыр



(шамамен XV ғ.) Қазақ хандығының қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі атақты батыр.



Орақты батыр



(1420-1501 жж.)Батыр. Керей мен Жәнібек хандардың тұстасы.



Әлішер Науаи



(1441-1501 жж.) Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер.




Керей хан



(1465-1478 жж.) билік құрған, Қазақ хандығын негіздеуші.



Шора батыр



(туған жылы белгісіз– 1546 ж.) Батыр.



Шалкиіз жырау



(шамамен 1465-1560 жжөмір сүрген) Жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.




Жәнібек хан



(1478-1480 жж.) билік құрған, Қазақ хандығын негіздеуші.




Доспамбет жырау



(1490-1523 жж.) Жырау, қолбасшы батыр.




Мұхаммед Хайдар Дулати



(1499-1551жж.) Ортағасырлық тарихшы, «Тарих-и Рашиди» кітабының авторы.




Қасым хан



(1511-1518 жж.) билік құрған қазақ ханы.




Қапал батыр



(1513-1606 жж.) Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры.




Қадырғали Жалайыри




(1530-1605жж.) Ортағасырлық тарихшы.

«Жамиат-тауарих» кітабының авторы.






Хақназар хан



(1538-1580 жж.) Билік құрған қазақ ханы. Қасым ханның баласы. Қазақ хандығын нығайтуға айрықша үлес қосқан хан.




Жиембет жырау



(1570-1575 жж.) жылдар шамасында туып, 1643 жылы қайтыс болған) Жырау, батыр.




Жалаңтөс батыр




(1576-1656 жж.) Қолбасшы, батыр.



Тәуекел хан



(1586-1598 жж.) Билік құрған қазақ ханы.




Қарасай батыр



(1589-1671 жж.) Қазақтың һас батыры.




Есім хан



(1598-1628 жж.)Билік құрған қазақ ханы.




Ағынтай батыр



(1599-1672 жж.) Қазақтың батыры. Есім мен Жәңгір ханның сенімді серіктерінің бірі.




Әнет баба Кішікұлы



(1626-1723 жж.) «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі.




Салқам Жәңгір



(1628-1652 жж.) Билік құрған қазақ ханы.




Әйтеке би



(1644-1700 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі.




Төле би



(1657-1756 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі.




Әлмерек абыз



(1658-1756 жж.) Батыр, шешен.




Қожаберген жырау




(1663-1762жж.) Жырау-жыршы, қолбасшы, мемлекет қайраткері.




Қазыбек би



(1665-1755 жж.) Қазақтың аса көрнекті биі.




Бұқар жырау



(1668-1781 жж.) Қазақтың аса көрнекті жырауы.




Есет батыр



(1669-1757 жж.) Батыр, қолбасшы.




Қосы батыр



(1670-1760 жж.) Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр.




Жолбарыс би



(1671-1761 жж.) Атақты қолбасшы, батыр, шешен, әділ би.Ақтабан шұбырынды жылдары жоңғарлармен болған шайқаста батырлық көрсеткен.




Мөңке би



(1675-1756 жж.) Белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.




Ақтамберді жырау



(1675-1768 жж.)Қазақтың аса көрнекті жырауы.




Тәуке хан



(1680-1718 жж.) Билік құрған қазақ ханы.



Бөгенбай батыр



(1690-1778 жж.) Қазақтың һас батыры.



Қабанбай батыр



(1692-1770 жж.) Қазақтың һас батыры.




Ескелді би



(1692-1770 жж.) Батыр, би, шешен. Жоңғар басқыншылығына қарсы соғыста қол бастаған батыр.




Әбілқайыр хан



(1693-1748 жж.) Билік құрған Кіші жүз ханы.




Шақшақ Жәнібек батыр



(1693-1752жж.) Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес қаһарманы. Бірінші болып1742 жылы Тархан атағын алған.



Балпық би



(1694-1784 жж.) Батыр, би, шешен. Балпық бидің еліне деген қызметі мен әділдігі туралы Шоқан Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы жазған.




Қанай би



(1695 -1780 жж.) Би, қоғам қайраткері.



Өтеген батыр



(1699-1773 жж.) Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың белгілі батыры.




Малайсары батыр



(1700-1756 жж.) Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың белгілі батыры.




Барақ батыр



(1702-1772 жж.) Жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі.




Сәмен батыр



(1704-1777жж.) Бұланты шайқасында ерлік көрсеткен батыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет