Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін



Дата14.12.2016
өлшемі135,73 Kb.
#3835
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-4 санаты үшін: Жоғары білім, орта білімнен кейін немесе техникалық және кәсіби білімі бар бір жылдан кем кем емес мемлекеттік қызмет өтілі немесе осы санат бойынша нақты лауазымда сәйкес функционалдық бағыттағы салада екі жылдан кем емес еңбек өтілі;

Келесідей біліктілігі болу керек: бастамашылық, бейімділік, талдағыштық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаны бағдарлау, тұтынушыны бағдарлау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болғанда, еңбек тәжірибесі талап етілмейді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 105


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы д. 2, анықтама үшін телефон: 8(727)279-33-34, факс 8(727)279-42-24, e-mail: nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz және a.sagindikova@kgd.gov.kz

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:


  1. «Заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы.

Санаты С–R-4 (1бірлік), (№2-1-11)
Қызметтік міндеттері: Тоқсан сайын 2-Н есептілігін құруға, салық заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

ҚР Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне қатысты ақпараттардың өз уақытында және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

Бөлім немесе басқарма ішінде жемқорлыққа қарсы жұмысқа қатысады;

Салық төлеушілерді салық заңнамасын түсіндіру жөнінде өткізілген семинарларға, сондай-ақ техникалық оқуларға қатыстыруға тартады;



Техникалық сипатты мәселелер туған жағдайда басшылықты техниканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің күйі туралы жазбаша түрде дер кезінде хабарлайды;

белгіленген салық есептемесінің нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;

Есеп бойынша артық немесе негізсіз төленген салық салымдарын дербес шоттарын өңдеп есептеу;

- жеке кәсіпкер ретінде тіркеу анықтамасын, расталған зейнет ақы жарнасы cалық құпиясын сақтау;

Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетудің стандарттармен және регламенттерi, бекiтiлген уәкiлеттi органдар, сонымен бiрге қабылдау орталықтарының жұмысы және салық органдарының ақпаратты өңдеуiнiң ережелерi, Басқарма басшысының құқықтарымен көзделген міндеттерді атқарады. Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.


  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы. (Уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау демалысы мерзіміне, 24.05.2017 және 16.04.2019 жылға дейін) ( 2бірлік), (№4-1-3, 4-1-6).

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің экономикалық жұмыс жоспарын құруға қатысады;

Салықтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;

Мемлекеттік кіріс органдарындағы өзара салық есептерінің деректерін, өзге де мемлекеттік органдардың салық салынатын нысандар және (немесе) салық салуға байланысты нысандар туралы мәліметтерін, сондай-ақ, салық төлеушінің қызметі жөнінде әртүрлі мекемелерден алынған деректемелерді салыстыру арқылы камералды бақылауды іске асырады;

Берілген жауаптарға үздіксіз камералдық бақылау жүргізу, жауаптар жоқ болған жағдайда аудит бөліміне тексеру жүргізуге береді;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік материалдарды дайындайды;

ҚР ҚМ СК және Алматы қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің ақпараттары мен тапсырмаларын белгіленген мерзімінде орындауды іске асырады.;

Салық төлеушілердің сұрауларына заңнамаға сәйкес негізделген жауап береді;

Салық төлеушілерге жүргізілетін семинарларға, техникалық сабақтарға қатысуға шақырады;

Техникалық мәселелер пайда болған жағдайда басқармаға техниканың жағдай жөнінде уақытылы жазбаша түрде хабарлайды;

Хабарлама беру және одан кейін толық аяқталғанға дейін өңдеу жүргізу арқылы ҚҚС, КТС, ЖТС және ӘС бойынша камералды бақылауды іске асырады;

Қосымша құн салығы БАҚ (Бірыңғай ақпараттар қоры) бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелеріне сәйкес жұмыстар атқарады;

Жалған кәсіпорындар мен мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған мекемелердің контрагенттеріне қолданылатын іс-шаралар бойынша жұмыстарды жүзеге асырады

Камералдық бақылаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, белгіленген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, заңнамаға сәйкес шығыс операцияларын тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартады;

Камералдық бақылау ақпараттарын орындайды;

Хаттамалық тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайды;

Залал-шығын алған мекемелерге камералдық бақылау жүргізеді;

Негізгі салықтарды әкімшілдендіруді жақсарту мен күшейту жұмысын жүзеге асырады (МИА, скриптер, т.б);

Қалалық мемлекеттік кіріс департаментімен жеткізілген тапсырмаларды орындайды, күнделікті салық төлеушілермен әңгіме жүргізеді;



Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы.


  1. «Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы.

Санаты С–R-4 ( 2 бірлік), (№ 3-1-3, № 3-1-6)

Қызметтік міндеттері: 2-Н есебін жасауға бөлім деректерімен қатысу; салық төлеушілердің есебін толық үйме-үй түгендеу жұмысын жүргізу; мүлік және жер салықтары бойынша қарыз салық төлеушілермен жұмыс жасау;

Жеке тұлғаларды мүлік және жер салықтары бойынша артық төленген салық төлеушілермен жұмыс жасау; салық есебі кезінде салық есебінде тұрмағандарды іздестіру; жер телімін бөлу жөніндегі Әкімшіліктің қаулысы бойынша жер салығын төлеушілерді есепке қою; Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының, Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасарының хаттамалық тапсырмаларын өз уақытында және тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді; Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаментінің тапсырмасы бойынша, жергілікті атқарушы органдарына деректер ұсыну. Рейдтік тексерулер мен хронометраждық бақылаулар жүргізу; салық төлеушілердің сұрауларын өз уақытында қарауды жүзеге асырады; салық және алымдардың бекітілген болжам жоспары бойынша орындалуын қадағалау, бұйрық П-22 25.02.2009 ж; бейөндірістік төлемді бақылау және талдау; Алматы қаласы әкімшілігімен, жол полициясы органымен, жылжымайтын мүлік орталығымен біріккен тексеруге қатысу; cалық төлеушіге салық міндеттемесін салық заңнамасымен белгіленген мерзімде орындау жөнінде немесе қарызы жөнінде хабарлама тапсыру; Жеке тұлғалардың жаппай жеке меншігін әкімшілендіру соның ішінде мәжбүрлі өндіріп алуға қуыным арызын жіберу. 230 нысан бойынша (мем.қыз) декларацияларын қабылдау; белгіленген регламентке сәйкес салық төлеушілерден қабылданған салық есептемесінің нысадарын ақпараттық жүйелерге өз уақытында енгізу;Салық төлеушінің электронды арызын қабылдау, электронды кілтті тапсыру; Мемлекеттік қызмет көрсету ҚР Салық Кодексінің 92 бөлімінің 20 бабы 21 тармақшасына сәйкес орындалуын қадағалау; «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексіне сәйкес, әкімшілік материялдар жасайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы.



  1. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы. С-R-4 санаты №5-1-4.

Қызметтік міндеттері: ҚР ҚМ МКД тапсырмаларын, сондай-ақ басшылықтың тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындайды;

өз құзіретінің шегінде, сондай-ақ, басшылықпен міндетті түрде келісе отырып БАҚ арқылы салық заңнамасы мәселелері жөнінде салық төлеушілерге ауызша және/немесе жазбаша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

салық төлеушілердің салық заңнамасын және мемлекеттік қызметтер регламенттерін сақтауына бақылау жасайды (жетекші бағыттар бойынша);

жеке кәсіпкерлердің арнайы салық режимдерін қолдану шарттарын қадағалауына бақылау жасайды (әріқарай ЖК мәтіні бойынша);

басқарма қызметкерлерін салық заңнамасын қолдану мәселелері жөнінде оқытып-үйрету жұмыстарын жүргізеді;

хаттарға, арыздарға берілетін жауаптарды дер мезгілінде және сапалы дайындайды, сондай-ақ салық төлеушілерден және мемлекеттік мекемелерден түскен шағымдарды қарайды;

салық заңнамасының сақталуы бойынша хронометражды зерттеулер, сондай-ақ тақырыптық тексерулер жүргізуге қатысады;

салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары бойынша кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысады, Бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде мақалалар жариялау үшін материалдар даярлайды;

Бөлім жұмысын ұйымдастыру мен жетекші бағыттар бойынша салықтық әкімшілік ету сапасын жетілдіру және жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған салықтық есептілікті, өкілетті органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу және талдау негізінде жүйеленген бақылауды жүзеге асырады;

салық қызметінің органдары жүйеленген бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою жөніндегі жеке қол қойылған немесе өзге тәсілмен жөнелту және алу дәйегі расталатын ескертпе-хабарламаның тапсырылуын қамтамасыз етеді;

Іздестірудің стандартты емес әдістерін қолдану арқылы ЖК іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмысты Қаржы полициясы органдарымен бірігіп және ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 625 бабымен сәйкестендіру жолымен ұйымдастырады, әкімшіліктік өндірістік іс қозғаумен мерзімінде орындалмаған ҚР салық міндеттемесінің ҚР ӘҚ Кодексінің 219 бабына сай атқарылуын қамтамасыз етеді;Салық заңнамасын бұзушылықты анықтау, сондай-ақ салық салу жасырылған және/немесе төмендетілген нысандарды анықтау бойынша талдау жасау үшін скриптер мен басқа да есептерді даярлайды; салық төлеушілермен салық заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселесі бойынша, нақты алынатын кірісті, жалдамалы жұмыскерлердің пайдаланылатын санын сенімді көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ касса тәртібін сақтау мәселесі бойынша әңгіме жүргізеді;

салық төлеушілердің салықтық есептілік түрлерінде ұсынған мәліметтерін сенімді көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелерді пайдаланумен бақылау жасайды;

салық төлеушілер туралы құпияны қатаң сақтайды;

жұмыста салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алады. Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 2016 жылдың 28 қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың қыркүйектің 30-ын қоса есептегенде Алматы қаласы Абылай хан даңғылы 2 үй 101 бөлмеде қабылданады.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

___________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені ___________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.



Әңгімелесуді өткізу тілі ________________________
байланыс телефоны ___________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет