ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ. ЗАҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЫСАНДАРЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ КОНСПЕКТ ЖАСАУ, САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ ЖАСАУ.
1. «Құқықтық қатынастардың элементтері» сызбасын құрастырыңыз. Келесі аспектілер қамтылуы тиіс:
- Құқықтық қатынас объектісі
- Құқықтық қатынас субъектісі;
- Құқықтық қатынас мазмұны.
2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық қабілеттілігіне, әрекет қабілеттілігіне ерекше назар аударыңыз. Заңды фактілердің ерекшеліктерін бөліп көрсетіп, мысалдар келтіріңіз.
3. Заңды жүзеге асыру нысандарын ашыңыз, құқық қолдану ерекшеліктері мен кезеңдерін бөліп көрсетіңіз, мысал ретінде сот қызметін қарастырыңыз. «Сот билігі: түсінігі, ерекшеліктері, мағынасы» тақырыбында ғылыми мақала жазыңыз.
4. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне, сондай-ақ судьялық әдеп кодексіне талдау жасаңыз. Неліктен мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе судьяларға жоғары этикалық талаптар қойылады?
ТӘЖІРИБЕЛІК СҰРАҚТАР ЕСЕП 1. М. азаматы жоғары оқу орнына түсіп, студент болды.
1. Аталған құқықтық қатынастың алғышарттарын және ерекшеліктерін атаңыз.
2. Құқықтық қатынастың элементтерін ашып көрсетіңіз.
3. Құқықтық қатынастың субъектілерін анықтаңыз, құқықтық қатынас түрі, аталған құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ашыңыз?
4. Аталған құқықтық қатынастың объектісі мен мазмұнын көрсетіңіз.
5. Аталған құқықтық қатынас басталатын заңды фактіні анықтаңыз.
ЕСЕП 2. Л.Серікова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы – бүйрек қатерлі ісігі бар екендігін және өзінің өткізген химиотерапиялық сеанстарының нәтижесіздігіне байланысты таныс медбикесі Қанатоваға өмірден қиналмай өту үшін көмектесуін сұрайды. Қанатова ол кісіге жаны ашып, оның тамырынан оған өлтіретін дәрі жіберді. Нұсқа: Қанатова Серікованың өтінішіне ол пәтерін өсиет етіп қалдырған жағдайда келісемін деп шарт қойған.
Эвтаназия түсінігінің мағынасын ашыңыз. Эвтаназия мен әрекет қабілеттіліктің арақатынасын айқындаңыз. Эвтаназия қай елдерде бар және Қазақстан Республикасында қолданылады ма?
ЕСЕП 3. Ата-аналарының қайтыс болуынан кейін олардың кәмелетке толған және ата-анасынан бөлек тұрған төрт баласына Алматы қаласында орналасқан тұрғын үй мұрагерлікпен берілуі тисті болды. Үш мұрагері үйді сатқысы келеді, ал біреуі оған өз келісімін бермейді.
1. Бұл жағдайда құқықтық қатынастың қай түрі пайда болады?
2. Құқықтық қатынастың пайда болуының алғышарттарын белгілеңіз.
3. Құқықтық қатынас элементтерін көрсетіңіз. Аталған құқықтық қатынас қандай заңды факт негізінде туындап отыр?
4. Аталған істі қарастыру барысында сот қандай құқықтың қайнар көздерін негізге алады? Сот прецедентін немесе нормативтік құқықтық актілерді ме?
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Сапаргалиев Г.С. Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Астана, Фолиант баспасы 2015.
Құрастырушылар авторлар коллективі. Мемлекет және құқық теориясының хрестоматиясы. І том. Алматы, ТОО «KazBookTrade» баспасы 2015.
Н.И.Матузов, А.В. Малько, Мемлекет және құқық теориясы / Оқулықты орыс тілінен қазақшаға аударған: Б.Ө.Алтынбасов. - Алматы: ЖШС «АйСан-Пресс» баспа үйі, 2013.
Қазақстан Республикасының Конституциясы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_