Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Сөйлеуді дамыту»
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Мақсаты:
1. Тәрбиелік: Балаларды адамгершіліке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін жұмбақтар, суреттерді әңгімелеу арқылы дамыту.
3. Оқыту: Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ТСО, қыс бейнесі туралы суреттер, мнемакесте, тақта, бояу, гупка, сандық
Билингвалдық компонент: Қыс –зима, қар –снег, қар жамылған дала-степь покрытая снегом, ақ мамық - белый пушистый, аққала - снеговик.
Сөздік жұмыс: Қар жамылған, құлағыңды тістеген
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бізге қонақтар келіпті, қәне олай болса қонақтармен амандасайықшы.
Сәлеметсіздер ме!
Здраствуйте!
Екі тілде амандасады.
Жарайсындар,балалар, кәне енді бүгінгі күнімізді шаттық шеңберімізден бастайықшы.
Шаттық шеңбер:-
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар.
Қайылы таң достарым.
Достарыңызбен бөлісу: |