1 жүргізуші: Қайырлы күн! Сіздерді шын жүректен 30 тамыз – Ата заңымыз қабылданған күн мерекесімен кұттықтаймыз! Биыл Ата заңымыз қабылданғаннан бері 21 жыл өтті. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
2
жүргізуші: 30 тамыз конституция күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Қазақстан мемлекетік әнұраны орындалсын
1
жүргізуші:Мерекелік құттықтау сөз аудандық мәслихат депутаты Бакиров Сағындық ағайға беріледі.
1жүргізуші:
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
2жүргізуші
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
«Астана» Өмірәлі Дидар
1жүргізуші
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
2жүргізуші
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!»
деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Ән : «Көк тудың желбірегені» Берік
1жүргізуші
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!
2жүргізуші
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Т
әуелсіз мемлекеттің тұғырына!
«Қазақ елі осындай» Аружан ,Жадыра
1жүргізуші
Әр бабы,
әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
2жүргізуші
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
1жүргізуші
Өркендеп
өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
2жүргізуші: 30 тамыз республикамызда негізгі мерекелердің бірі конституция күні атап өтіледі.Республика Констиуциясының қабылданған күні- барлық Қазақстан халқы мерекелеитін жалпы мемлекеттік мейрам.
Ән : «Атамекен» Шоланова Мөлдір
1 жүргізуші : Конституция бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек конституция негізінде қабылданады. ҚР конституциясы 9
бөлімнен, 98 баптан тұрады. Заң алдындағы жұрттың бәрінің тең қорғау құқығы кез келген әділетті демократиялық қоғамның негізгісі болып табылады. Адам бай ма, әлде кедей ме. Этникалық үлкен топқа жата ма, үкіметтің саяси одақтасы ма, кез келген адам заң алдында тең қорғалуына құқығы бар.
Ән « Туғaн жeр» Тасболат Рәбина
2жүргізуші:\
Ғұрпымыз
бар ел сенген
Дәстүрлерің ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір
сөзі салмақты
Қорғар бәле жаладан
Ата Заң бұл ардақты.
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінгі Егемен Қазақ елінің Негізгі Ата Заңы болып табылады.Болашақта Қазақ елі әлемдік өркениет төріне көтерілетініне анық сенімдеміз. Лайым,баршамыз сол қуанышты сәттің куәгері болайық
«Туған жер» хор
2-жүргізуші:
Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз! Осымен бүгінгі мерекеге арналған салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар! Көріскенше!
Баймағанбетов Берик Нағметулаұлы
Қазақстан Республикасының Конституциясына 21 жыл