Айбынды Ата заңға – 20 жыл
Сабақтыңтақырыбы: Айбынды Ата заңға – 20 жыл
Сабақтың мақсаты:
Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 20 жылдығына орай Конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу;
Саяси өмірден хабардар , қоғам алдында тұрған мақсаттарды шешуге белсене араласатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып шығармашылық, іздемпаздық дағдысын дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, жұмыс дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, «Заң терминдері» ойыны, кері байланыс парағы..
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, слайд, оқулықтар, әдістемелік құралдар,бағалау қағаздары, жұмыс дәптері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз
Қазақстан Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мәселелері және келешегі – Астана, 2010 жыл
Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. – Астана, 2012.
Асыл сөз. Негізгі оқулық. – Қызылорда, 2013.
САБАҚ БАРЫСЫ
Экраннан бейнеақпарат көрсетіледі.
Сабақ тақырыбын ашып, Ата заң туралы мәліметтер беріледі
Ой шақыру
Қазақ даласындағы ең алғашқы заңдар туралы не білесіздер?
«Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторын білесіздер ме?
Қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт -сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес атқарылады. Ұлттық ырым-тыйымның, әдеп-үлгісінің жұптасқан немесе топтасқан құрамы халықтың әдет-ғұрпын, жол-жоралғысын құрайды.
Қазақ заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерінің орны бөлек. Кейін ХҮІІ ғасырда мұны Есім хан түпкілікті қолданып, заң күшіне толық енді. Мұны халық «Есім ханның ескі жолы» деп атады. Жоғарыда аталған екі заң ұлы хан, Әз Тәуке тұсында одан әрі жетілдіріп, жаңа құқықтық тараулар енгізілді. Ақыл-парасаттың арқасында Әз Тәуке аталған ханның тұсында «Жеті Жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып құқығының тамаша ескерткіші туды. Ұлы билермен ақылдаса отырып, Әз Тәуке шығарған «Жеті Жарғының» өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының шырынын бойына сіңіре туындағаны хақ.
Халқымыздың құқық, билік, сот ісі жөніндегі көңіл аударарлық заңы 1885 жылы Семейдің Қарамола съезінде Абайдың қатысуымен жазылған Ереже.
Бұл заңдардың жақсы жағы сақталып, жеке адамның бас амандығы, ар-намысы мен мал мүлкін қорғау мәселелері баса айтылады. Тәлім-тәрбие беру мен ел ынтымағын сақтауға қатты көңіл бөлген.
«Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы»
Мүлік заңы
Қылмыс заңы
Әскери заң
Елшілік жолдары
Жұртшылық заңы
Жеті Жарғы
Тіл тигізу, балағаттау, ұру, денеге зақым салуға қатысты берілетін жазалар
Кісі өлімі, оған салынатын айып
Ұрлық, барымта
Зинақорлық, зайыбының көзіне шөп салу
Әдептілік, ата-ананы сыйлау, үлкендер сөзіне құлақ салу
Жеті ата ішінде қан араластырмау
Елді мекен, көшіп-қону, жер дауы
ҚР конституциясының құрылымы
ҚР Конституциясы
Жалпы ережелер
Адам және азамат
Президент
Парламент
Үкімет
Конституциялық Кеңес
Соттар және сот төрелігі
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзін басқару
Қорытынды және өтпелі ережелер
Тапсырма. Мәтінді оқып, зат есімдерді табыңыз
“Конституция”- латын тілінен аударғанда “құрылыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және қоғамдық құрЫлыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Тапсырма. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, мәтін дайындалды.
* Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы
18 ақпанындағы Конституциясы
*Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1937 жылғы
20 наурыздағы Конституциясы
*Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1978 жылғы 20 сәуірдегі Конституциясы
*Қазақ стан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституциясы
*Қазақ стан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы
Конституция қабылданған Республикасының күні деп жарияланды күн- Қазақстан Конституция
Конституцияға бүкіл мемлекеттегі негізделіп заң қабылданады
бұзылуы құқық бұзушылық болып табылады Конституциялық қағидалардың
Тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, ой бөлісіңіз:
Әділ билік – алтын таразы
Тура биде туған жоқ
Ханға хандық, биге билік
Иілген басты қылыш кеспейді
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.
Түрлері:
Мәжіліс туралы
Отырыс туралы
Салтанатты жиналыс туралы
Бірлескен мәжіліс туралы
Бос қызмет туралы
Хабарландыру
6 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да акті залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.
Бағдарлама:
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік- әңгімелері
Көркем өнерпаздар концерті
Ұйымдастыру комитеті
Тапсырма. Үлгідегі хабарландыруды пайдалана отырып, Конституция күніне орай өткізілетін іс-шараларға хабарландыру жазыңыз
Тапсырма. Берілген қазақша сөздердің орыс тіліндегі дұрыс
аудармасын табыңыз.
Талапкер обещание
Жазалау преступник
Кек стать свидетельем
Уәде наказывать
Қылмыскер рукоприкладство
куәлікке жүру истец
қатал кесім месть
қол жұмсау строгое решение
Сөзжұмбақ
Төмендегі заң терминдерінің синонимдерін табыңыз және олардың барлығы да «Б» әріпінен басталуы қажет.
1)Қате2)Мәміле
3) Жарлық
4) Азат ету
5) Мал ұрлығы
6) Ел билеу
7) Еркіндік
Жеті жарғы
|
Ортақ қасиеттері
|
ҚР Конституциясы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма. Қима қағаздардан өлең құрастырыңыздар.
Мәтінге негіз болып тұрған тірек сөздерді жазыңыз
Өзімнің ата жұртымда өз заңым
билік құрып тұр!
Тереңнен созған тамырын,ғасырдан тартқан желісін,
Тарихтан асқан қастерлі ақиқат жоқ-ау мен үшін,
Бабалар жортқан боз дала- аяулы алтын құндағым,
Армандай болған Азаттық- алғашқы ұлы жеңісім.
Ақынға құлақ асыңыз, ақтарып жатпай мұрағат,
Айбынды ата заңымда билерден қалған ұлағат.
Қасиеті мен киесін бір ауыз сөзге сиғызған,
Қазақ боп туған сәтімде –ақ қонған ғой маған сірә, бақ.
Айбынды Ата Заңымда абырой-күшім, ар құсым,
Ұсқыны болып тұр оның ұлтымның ұлы болмысы.
Алтын жіп өрген арқауын бекзада біздің халықтың,
Бергісі мен арғысы, Тәукенің Жеті Жарғысы…
Тамұқта түскен тыртықты тағдырым бүгін ұмыттыр,
Жаураған жүрек болса егер, жылы сөзіңмен жылыт бір.
Өзегі күйген ерлердің өкінішінің өтеуі,
Өзімнің ата жұртымда өз заңым билік құрып тұр.
Кері байланыс парағы
Бүгін мен……білдім
…… қызықты болды
…….қиын болды
Мен мына тапсырмаларды орындадым.
Мен енді білемін
Мен …….үйрендім Мен сезіндім……….
Сабақтың маған бергені……..
Бүгінгі сабақтың бағасы……….
Үйге тапсырма
“Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымы” тақырыбына ой бөліске дайындық
Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: Интерактивті тақтаға жазылған қанатты сөздер, ҚР-ның рәміздері, Президент портреті, Әнұран (әуені)
Барысы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Мұғалім сөзі:
Отан – адамның туып - өскен жері, Атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс - салт, әдет –ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай.
Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.
Мемлекеттік рәміздерге ─ әнұран, ту, елтаңба, елбасы және Ата заң жатады.
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран, ─ дей келе орындарымыздан тұрып, әнұранды орындайық.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды.
─ Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер екенін білесіздер ме?
Жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
─ Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып , ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
М: ─ Еліміздің туында не бейнеленген?
Жауабы: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба.
М: ─ Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
М: ─ Олар қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен. Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
─ Балалар, еліміздің президенті, ел басшысы кім?
Жауабы: ─ Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
М: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Қорытынды.Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық!
Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. Елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Достарыңызбен бөлісу: |