Мектеп:
Пәні: Қазақстан тарихы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты- жөні: Айтай Бахадыр
|
Сыныбы: 6
|
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Алтын Орда мемлекеті.
|
Зерттеу сұрағы:
|
Монғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?
|
Осы сабақта қол жеткізі-летін оқу мақсаты
|
6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің
этноәлеуметтік құрылымын анықтау
6.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Бәрі: Алтын Орданың құрылуын сипаттайды Басым бөлігі:Алтын Орданың ыдырау себебін анықтайды Кейбірі : Әмір Темірдің әрекетіне ой қорытындылайды.
|
Бағалау критерийі
|
• XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған
мемлекеттердің этникалық құрылымын анықтайды
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу, түсіну
|
Тарихи концепт
|
Дәлел, түсіндіру
|
Тілдік мақсат
|
Терминдер: Ұлыс, беклербек, уәзір, Жасақ
Талқылауға арналған тармақтар:/айтылым, тыңдалым/ Мемлекеттің құлау себептері
|
Құндылыққа баулу
|
Ел мен жерін сүюмен бірге қорғау
|
Пән аралық байланыс
|
География , дүние тарихы
|
Алдыңғы білім
|
Өткен тақырыптардан қалыптасқан
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин.
5 мин
|
І.Сәлемдесу. «Шаттық шеңбер» бір біріне тілек тілеу.
ІІ. Топқа бөлу.
ІІІ. Үй тапсырмасы «Сұрақ – жауап» бойынша қорытындылау
Шыңғыс ханның туған жылы?
Шыңғысханның билік құрған жылдары?
Шыңғысханның шығарған заңы?
«Отырар опаты» шайқасы?
1220 жылы болған шайқас?
Шыңғыс хан Жаулап алған жерлерін кімдерге бөліп
берді ?
Монгол империясы қай жылы құрылды?
Мемлекеттің басты заңы?
Монгол империясының қоғамдық құрылысы?
Монгол шапқыншылығының зардаптары?
Империя неше әкімшілік аймаққа бөлінді?
Монголдар Жетісу жеріне неліктен шабуыл жасады?
Монголдар көрші елдерді қай кезден жаулап ала бастады?
Шыңғыс хан жаулап алған жерлер қандай бөліктерге бөлінді?
ҚБ. Мадақтау (смайлік тарату)
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Картамен жұмыс.(карта тауып алу)
Ұлыс – ел деген мағынаны білдіреді. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің 4 баласына бөліп берді. Қазақстан жері оның 3 баласының қол астына қарады. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.
Алтын орда – Жошы ұлысының орнына құрылған мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды
Алғашқы орталығы: Сарай – Бату (Еділ бойында), Кейінгі орталығы: Сарай – Беркеге көшірілген
• Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:
► Оң қанат - Батый хан билігі.
► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).
ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды.
Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді болды.
Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады.
Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды.
1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.
ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (1342-1357) хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең” басталды.
1357-1380 жж 25 хан ауысты
1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.
Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды.
1382 ж. Мәскеуді өртеді.
1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді.
Алтын Орданың күйреуінің себептері:
- Билік үшін өзара қырқыстар
- Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары
- Халық көтерілістері
- Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы
Тақырып анықталғаннан кейін оқушылардың назарын сабақтың оқу мақсатына назар аударту.
|
Слайд, сұрақ-жауап
Слайд
|
Сабақтың ортасы (15 мин.)
5 мин
|
1-тапсырма
Жаңа тақырыпты «Джиксо» әдісі арқылы постер толықтырады.
1 топ: Алтын Орда мемлекетінің құрылу.
2 топ: Алтын орда мемлекетінің қоғамдық құрлысы
3 топ: Алтын орда мемлекетінің гүлденіуі мен ыдырауын анықтайды.
ҚБ: Әр бір топ бір –бірін смайліктер арқылы бағалайды. (смайликтер алу)
Сергіту сәті «Көңілді күй» әнімен
2-тапсырма
«VB» әдісі арқылы сұрақ тапсырмалары
А) – Алтын Орданың ыдырау себептері?
- Алтын Орда мемлекетінің орнына құрылған түркі мемлекеттерін ата?
Б) – «Беклербек» деген кім?
- Ислам дінін бірінші мемлекеттік дін деп қабылдаған хан?
С) – Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген уақыт?
- Алтын Орда мемлекетінің астаналары?
ҚБ. Мадақтау
|
Постер
|
5минут
Сабақтың соңы
5 мин
|
Кері байланыс:
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі
Жасыл алма – мен бүгін бәрін түсіндім
Сары алма – түсінбеген сұрағым бар
Қызыл алма – түсінген жоқпын
ҮІ.Үйге тапсырма: §28-29.Тақырыпты оқу.
Алтын Орданың хандарының хронологиясын жасау
|