Контент-анализ



бет1/2
Дата23.12.2022
өлшемі23,49 Kb.
#164102
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)


1-


2) Контент-анализ - зерттеу мақсаты үшін маңызды саналатын ақпаратты алуға бағытталған құжаттарды жүйелік талдау әдісі.
Контент-анализ даму тарихында шартты түрде 3 кезеңді көрсетеміз.
1. ІХ ғасырдың соңынан бастап ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі кезең. Мәліметтердің мазмұнын жиілік бойынша талдаулардың қалыптаса бастауы.
2. ХХ ғасырдың 40-шы және 50-ші жылдар кезеңі. Мұнда Г. Лассуел және Берльсннің классикалық контент анализ кезеңі.
3. ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңы 60 жылдар Ч.Осгудтың контент анализ әдісін жетілдіру және Ф.Стоунның контент анализдік компьютеризациялау кезеңі.
Мақсаты - зерттелетін құжат мазмұнындағы объект туралы ақпаратты айқындау: белгілер түрінде тіркеу, оның сенімділігі, маңыздылығын анықтау және сол арқылы зерттеу объектісінің көрсеткіштерін жасап шығару.
Пайдалану аймағы: кез-келген психологиялық зерттеуде басты және қосалқы әдіс ретінде пайдаланылады.
Контент-анализдің процедуралары
а) зерттеудің негізгі концептуалды ұғымдарын қолдану керек. Оны контент анализдің категориясы дейміз.
б) бұл категориялардың еске салу жиілігін және көлемін сенімді, жүйелі түрде тіркеп отыру керек.
Контент-анализдің объектісі көбіне құжаттардың тексті болады. Сонымен бірге суреттер, БАҚ, аудио-видео жазбалар. Контент анализ – мазмұнды талдау. Оның басқа құжаттарды зерттеу әдістерінен негізгі ерекшелігі - зерттелінетін текстерінің қандай да бір мағыналарының бірліктерінің кездесу жиілігі тіркеліп отырады. Сөйтіп алынған сандық мәліметтер құжаттарының сандық және латенттік (жасырын) мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, контент анализ құжаттарды сандық–сапалық зерттеу әдісі болып табылады.
Контент анализдік зерттеулерді дұрыс жүргізу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет.

  • • Зерттеулердің кілттік концептуалды ұғымдарын қалыптастыру қажет. Оны контент анализдің категориялары деп аталады.

  • • Талданатын текстегі осы категориялардың кездесу жиілігін сенімді және жүйелі түрде тіркеп отыруы қажет.




  • Алынатын сандық мәліметтерді статистикалық әдістемелерді қолдана отырып өңдеу және зерттеу мақсатына сәйкес интерпретациялау қажет.

Контент-анализ қандай да бір тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың хабарламасы арқылы олардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасын анықтауда сұрақтама әдістемелерінде респонденттің (жауап берушінің) жауабын талдауда проективті әдістемелер арқылы алынатын текстік мәліметтерге талдау жасауға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет