Контрацепция



бет1/4
Дата16.01.2022
өлшемі19,59 Kb.
#112218
  1   2   3   4
Байланысты:
3 Биология Контрацепция түрлері мен маңызы қосымша 2 теориялық материал


Контрацепция

  • Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады

  • Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар   өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.

  • Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:

  • Жасанды жолмен баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.

  • Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.

  • Күтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және   кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.

Көптеген контрацепциялық құралдар және әдістер бір-бірінен жүкті болып қалуға қарсы қызметі бойынша ерекшеленеді.

  1. Жүкті болып қалудың алдын алуға арналған физиологиялық әдістің мәні - менструалдық циклдың овуляцияға жақын мерзімі жүкті болып қалуға қолайлы күндер болып саналады, ал циклдың басқа мерзімінде (циклдың басы және аяғы) жүкті болу мүмкіндігі төмен болады, сондықтан бұл мерзімде болған жыныстық қатынас нәтижесінде әйел адам бала көтермейді. «Анағұрлым қауіпті» болып саналатын күндері жыныстық қатынасқа түспеу немесе контрацепциялық құралдарды қолдану қажет. «Қауіпті» және «қауіпсіз» күндер арнайы әдістер арқылы анықталады.

  2. Биологиялық контрацепция түрлері овуляцияны гормондар арқылы төмендетеді, сперматозоидтардың аналық клеткаға ену қабілетін азайтады.

  3. Хмиялық контрацепция әдістері арқылы әйел адамның жыныстық мүшелеріне енген сперматозоидтарды жансыздандыруға және қимылсыздандыруға болады, бұл әдісіті тек әйелдер қолданады.

  4. Механикалық құралдар сперматозоидтардың қынапқа (ер адамдардың презервативтері) және жатыр мойнағына (жатыр мойнағына кигізілетін қалпақшалар, қынап тампондары) енуіне жол бермейді.

  5. Хирургиялық контрацепция әдістері аналық клетканың түтіктер арқылы жылжуына (түтіктерді байлап тастау), немесе ер адамның ұрығының құюлуына (ұрық құятын ағынды байлау) жол бермеуге бағытталады. Оларды дәрігер жүкті болу қабілетін толық тексеріп ғана қолданады (туа біткен тұқым қуалаушылық аурулар, ауыр жүрек ақаулары, нерв жүйесі аурулары – яғни, тұрақты және емделмейтін аурулар).

Сонымен, жүктіліктің алдын алудың әртүрлі әдістері бар, оларды ағзаның жалпы жағдайына, физиологиялық үрдістер ағымының ерекшелігіне, жыныстық қатынастар түріне, жыныстық жүйе құрылысына қарай таңдауға болады. Мұны ерлі-зайыптыларды толық тексеріп, олармен сенімді сұхбат жүргізе отырып, тек дәрігер ғана жүзеге асырады. Сондықтан әртүрлі әдістерді таңдамас бұрын дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет