«Көп тілді меңгерген мұғалім»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жатыр. Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», - деген екен. Республикамызда үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жан-жақты жұмыс атқарылуда. Аудандық білім бөлімімен де көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.
26.02.2016ж. Осакаровка к. Балалардың қосымша білім алу орталығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылып өткізілетін «Көп тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ, орыс, ағылшын тілдері педагогтарының тілді меңгеру деңгейін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау болып табылады. Бұл байқауға жалпы орта білім беретін ұйымдарының 13 мұғалімі қатысты.
Байқаудың бірінші іріктеу кезеңі 4 конкурс бойынша жүзеге асты: визит карточкасы, панорамалық сабақ, түрлі жағдайларды үш тілде шешуге тапсырмалар, шығармашылық нөмірі (тілдерді білуге).
Әділ-қазылар алқасы педагогтардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, сабақта табыс жағдайын тудыруын, ауызша сөйлеу деңгейін, үш тілде сауатты айтуын, көркемдік мәнерлігін, ашықтығын, бейнелілігін, сөйлеуіндегі толық және логикалық байланысын және рәсімдеу эстетикасын бағалаған.
Қазылар алқасы отырысының нәтижесінде Аралбаева Румия Минихатьевна - №1 ОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі І орынға, Қарабшаев Асқар Айткенұлы - №11 ОМ-нің ағылшын мұғалімі ІІ орынға, Салдат Қалипа - №21 ОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі ІІІ орынға иеленді. Ал қатысушыларға алғыс хаттар табыстырылды.
Қатысушылардың айтуы бойынша, конкурс өз мәресіне жетіп, қызықта да ұмытылмас шақтарымен есте қалды. Көп мұғалімдер осындай байқаулардың жиі өткізілуіне өтініш жасады.
Байқаудың барысында аудандық мектептерімізде өнерпаздық, жан-жақты, шығармашылық ізденулермен айналысатын педагогтардың бар екендігіне көзіміз жетті. Өздерінің шығармашылық қабілеттерімен көзге түсіп, жүлделі орынға ие болмаса да, жаңа шындарға жетуге, біліктілігін жетілдіруге, кәсіби құзыреттілігін арттыруға бел буатындарына сенімдіміз.
ОАББ-нің әдістемелік кабинет әдіскері,
А.Ж. Жақыпбекова
Достарыңызбен бөлісу: |