Егер көпжақтың барлық қырлары, жақтары, екіжақты және кеңіс бұрыштары бір-бірімен тең болса, онда ондай көпжақтар дұрыс дөңес көпжақтар платон денелеры деп аталады.
Көпжақ қарапайым деп аталады, егер:
оның барлық жақтары қарапайым көпбұрыштар болса, яғни сыбайлас емес жақтар жұбының ортақ нүктесі болмайды;
сыбайлас емес екі жақтың ортақ нүктесі болмайды (ортақ төбесінен басқасы);
- сыбайлас екі жақтың бір ғана ортақ қыры болады және басқа ортақ нүктелері болмайды.
Пирамидалар мен призмалар қарапайым көпжақтарға жатады.
Пирамида дегеніміз – барлық жақтарының (табанынан басқа) ортақ төбесі бар көпжақты бет. Пирамиданың барлық бүйір жақтары – үшбұрыштар. Призма – дегеніміз призмалық бетпен және призмаларын қиятын параллель екі жазықтықпен шектелген көпжақты бет. Бұл параллель екі жазықтық призманың табандары деп аталады. Призманың табандары бірдей екі көпбұрыш, ал бүйір қырлары бірі-біріне тең болады.
Мұндағы Қ— қырларының саны,Ж-Жақтарының саны,Т-табандарының саны.
Көпжақ деп біреуінің әр қабырғасы екіншісінің қабырғасы екіншісінің қабырғасы болып табылатын жазық көпбұрыштардың жиынтығы атайды.Бұл көпбұрыштар – көпжақтың жақтары, олардың қабырғалары – қырлары, ал төбелері – көпжақтың төбелері деп аталады. Көпжақтың кеңістіктегі орны әр түрлі тәсілдермен:оның төбелерінің координаттарымен, немесе табанымен (егер көпжақ тік және дұрыс болса), немесе бір жағымен және жақтар санымен (егер көпжақ дұрыс болса) берілуі мүмкін.