Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
4 .NO2 – азот оксиді .Респираторлық аурулар , жаңа ісіктердің пайда болуы
5. SO2 – күкірт оксиді. Респираторлық аурулардың күшеюі
6. Қорғасын және басқа ауыр металдар. Қан азаюы, есінің жоғалуы, соқыр ауруы , гипертония , жүйке ауруы.
7 О3 – озон. Шырышты қабықты тітіркендіру
8 Қышқылдар , негізінен күкіртті және азотты .Демікпе ауруы жиіленеді
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.
Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.
Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.
Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.
Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.