Көрнекілігі: ақын портреті, слайд, плакатқа жазылған өлеңдері, кітаптары. Мәнерлеп оқу: «Арыз жазып кетейін »



Дата01.07.2018
өлшемі50 Kb.
#45211
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, слайд, плакатқа жазылған өлеңдері, кітаптары.

Мәнерлеп оқу:

«Арыз жазып кетейін...» - Ғалым

«Поэзия» - Жансая

«Өзімнің есебімше» - Айымбек

«Соқ, жүрек» - Айдана

Жүргізуші:

«Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.


Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев бар мұнда»,- деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаев тірі болса 84 жасқа толар еді. Ақиық ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған 5-8 сыныптар аралығындағы «Мұқағалитану көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымызға қатысатын топтармен таныс болайық. Ортада «Мұзбалақ» тобы:

5-сыныптан: Нұргүл және Даниэл

6-сыныптан: Ақниет және Ұлжан

7-сыныптан: Нұрболат және Аружан

8-сыныптан: Ақжол және Әділбек.



«Хантәңірі» тобы:

5-сыныптан: Ділназ және Нұрсая

6-сыныптан: Гүлфайруз және Дәулетбек

7-сыныптан: Ерасыл және Ақерке

8-сыныптан: Бақтияр және Жанерке.

Топтарға сәттілік тілей отырып, бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылармен таныс болайық.

1.

2.

3.



4.

Алдымен сайыс жоспарымен танысып алайық.



  1. Таныстыру. Бұл бөлімде екі топ топтың атын постер арқылы қорғайды. Жоғары балл - 5

  2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» Ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айту.

Жоғарғы балл – 10

  1. «Мен қаншалықты білемін?» сұрақ-жауап. Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтар беріледі.

  2. «Аққудың қанатына жазылған жыр» Ақынның өлеңдері немесе поэмалары барысында көрініс қою.

Жоғары балл – 10

  1. «Жырлайды жүрек». Қатысушылар Мұқағалиға арналған арнауларын немесе эссе оқиды. Жоғары балл - 10

  2. «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде». Ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, бір сөзі тасталып кетеді, соны тауып, орысшаға, одан кейін ағылшыншаға аудару керек.

Сайыс жоспары түсінікті болса, онда ортаға әншімізді ақынның сөзіне жазылған Махамбетов Азаматты «Саржайлау» әнімен ортаға шақырайық.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосқан ақиық ақынның жыл сайын 9 ақпанда туған күнін еске түсіріп, Мұқағали әндері, Мұқағали оқулары өткізіліп тұрады. Мұқағали көптеген отты өлеңдердің, жүйрік поэзияның, небір әсем әндердің авторы!

-О, Мұқа, сезесің бе, сезесің бе,

Еліңді аралап жүр елесің де.

Әндерің шырқалады әр ауылда,

Сөздерің әр қазақтың өресінде.

Халқыңның ақыны боп жаралғансың,

Қарасаз топырағынан нәр алғансың.

Қайтарып, аңыз болып таралғансың – дей келе сайысымыздың 1-ші кезеңіне берейік.

І бөлімі – таныстыру.

- Мұқағали Мақатаев! Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы. Оның өлеңдері санаңа жарық сәуле түсіріп, бойыңды бай белестерге бағыттайды. Оның өлеңдері қаншалықты биік болса, адамның оған деген құлшынысы соншалықты жоғары.



ІІ бөліміміз - «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» Ақын өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айту.

Жоғарғы балл – 10



ІІІ бөлім. Сұрақ-жауап бөлімі.

Бұл бөлімде ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар беріледі.



  1. Мұқағалидың шын есімі кім? (Мұқаметқали)

  2. Мұқағалидың әкесінің аты? (Сүлеймен)

  3. Мұқағалидың әжесінің есімі? (Тиын)

  4. Мұқағалидың ұрпақтары кімдер? (Екі ұлы – Айбар, Жұлдыз. Қыздары – Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат).

  5. Ақын қай желерде білім алған? ( Алматы шет тілдер институтының неміс тілі, Қаз МҰУ-дың филолгия факультетінде, Мәскеуде М.Горький ат. Әлем әдебиеті институтында білім алады.)

  6. Қандай кітаптары бар? («Апосионата», «Ильич», «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым, келдің бе», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», т.б.)

  7. қандай поэмалары бар? ( «Жан азасы», «Райымбек, Райымбек», «Ару-ана», «Бала шақтан болашаққа», «Ақ қайың әні», « Мұзбалақ», «Аққулар ұйықтағанда»).

  8. Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең шығарды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Ф.Оңғарсынова)

  9. Мұқағали қай жылы, қай айда дүниеге келді? (1931 жылы, 9 ақпан)

  10. Мұқағалидың неше кітбы жарық көрді? (28)

  11. М.Мақатаев кімдердің шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті? (Данте, Уитмен, Шекспир)

  12. «Өмір-өзен» кітабы қай жылы жарық көрді? (1979ж.)

  13. Мұқағали өлеңді неше жасынан бастап жазған? (10)

  14. Мұқағалидыңқай кітабына ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді? («Атамекен»)

  15. Ақынның үш бақыты? (Халқы, тілі, Отаны)

  16. .Мақатаевтың «Саржайлау» өлеңіне ән жазған композитор? (Н.Тілендиев)

  17. Мұқағали үшін ең биік шың? (Хантәңірі)

  18. Ақынның «Барлығы да сендердікі» өлеңі кімдерге арналған? (Жас ұрпаққа)

  19. Мұқағалидың мектеп бағдарламасындағы қыс туралы өлеңі қалай аталады? («Анау-аспан, мынау – бақ»)

  20. Мұқағали «Шекпен жауып қайтарамын» деп нені айтқан? (қара өлеңді)

Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында «Бүгін де халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге жақсы өлеңге қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқандай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келді. Соның бірін қазір көрермен жүрегіне жеткізетін мектебіміздің әншісі Сағынова Жарқынайға кезек берейік. «Айтатын саған сырым бұл».

Мұқағали – мінсіз поэзияның нағыз жасаушысы. Тәңірдің өзі жасағандай Мұқағали жырлары – поэзияның сұлуы әрі тереңі, шексіз мұхиты, соққан желі, қара дауылы, сімірсең мейірің қанбайтын мөлдір бұлақ, тіліңді үйіретін шәрбат, жан рахаты. Ендеше келесі кезекті ақын өлеңдері мен поэмаларынан көрініс қою біліміне берейік.



ІҮ бөлім. «Аққудың қанатына жазылған жыр» Ақынның өлеңдері немесе поэмалары барысында көрініс қою.

Мұқағалиды ақан еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да – осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барынша баурап алғанды. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан-ды. Сол бесіктен басталған жыр оны ақыры ақынға айналдырды.



Мұқанова Нұрбибі – «Жас қайың»

Ү бөлім – «Жырлайды жүрек». Яғни, ақиық ақынға арнаған арнау өлеңдеріңізді немесе эссе оқисыздар.

Мұқағали поэзиясы күншілдерге көктен түскен жасындай болып, көзі ашыққа мәңгі тозбас асылдай болып, ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға еш бояуын жоғалтпай көшкені анық. Мұқағали поэзиясы бүгін де әнге айналып көкте қалықтайды.

Мұқағалидың өлеңдер шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақынның «Бықсып жанған қоламта емес, Артымызда шоқ қалсын» деген сөзінің сыры терең. Иә, ақынның мұңы бізге жетті. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали өлеңдерін білу – үлкен мақтаныш. Олай болса келесі бөліміміз:

ҮІ бөлім – «Жүрегімді менің өлеңімнен ізде».

Ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, бір сөзі тасталып кетеді, соны тауып, орысшаға, одан кейін ағылшыншаға аударасыздар.



  1. Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшақ-құшақ ... шоқтарын лақтырып.

Мынау шапан, мынау атың мін демей.

Гүл-цветок-flower


  1. Жігітінен қазақтың ... таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Дос-друг-



  1. Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,

Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.

Кең дүние, керемет қалпыңменен

.... болып кеудеме кірші менің.

Жүрек-сердца-heard



  1. Ең .... бақытым халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенің.

Бірінші-первый-fist



  1. Жапырақ жүрек, жас қайың,

Жанымды айыр бастайын.

Сен ... бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын.

Адам-человек-



  1. Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,

Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.

Сәл ұйықтаса ... немере төрт жаққа

Көзден ғайып болатұғын секілді.

Төрт-четыре-



  1. Мен ... болсам, сен таң болдың жаңа атқан,

Мен – ашу да, сен – ақылсыңнәрі аққан...

Түн-ночь-



  1. Өкінбе, ... отың бар сөнбейтұғын,

Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

әке-отец-father



  1. Ақ ұлпа жерді жапқанда,

.... сырға таққанда....

Ағаштар-деревья-three



  1. Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,

.... тартылған теңізден, жылғалардан.

Су-вода-water

Сонымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді әділқазы алқасына сөз кезегін ұсынсақ.

Мұқағали өлеңдері – мәңгі жасай беретін мол мұра. Бүгінгі сайысымызда ақынның өлеңдеріне, өміріне барлау жүргізіп, өзімізде ақынша жыр жазып, жырынан сусындап барынша мол рухани байлық алдық деп есептейміз. Бүгін ақынның көзі тірі болса, 84 жасқа толар еді.

Мәзір етіп мәпелеген жемісің,

Мәуелесе, баққа толы өрісім,

Барлығы да,

Поэзия сен үшін! – деп Мұқағали жырласа,

Біздер:

«Күйінішті, сүйенішті өлеңің,



Татып дәмін мен де өсіп келемін.

Өлген жоқсың, сен әрдайым тірісің,



Біздер үшін, қазақ деген пенденің» - деп ақын өлеңін мәңгілікке, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп табыстау – сіз бен біздің парызымыз!

Нұрбибі, Азамат, Жарқынай «Есіңе мені алғайсың»

Қош, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет