Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,слайд. Әдісі



Дата29.03.2024
өлшемі20,11 Kb.
#200353
Байланысты:
тәуелсіздік сценарий
тест7 дарын, сценарий (автовосстановление), менеджмент, shablon-shnurovok-zhivotnye

Мақсаты: Оқушыларға қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы,слайд.
Әдісі: сұрақ — жауап, әңгімелеу.
Формасы: Тарихи вернисаж
Тәрбие бағыты: Ұлттық мүдде
Жүргізуші: Қайырлы күн оқытушылар мен студенттер 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні бұл халқымыз үшін қасиетті қасіретті қастерлі күн.
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған 309 топ студенттерінің ұйымдастыру мен «Ұлы даланың ұлылары» атты тарихи вернисажына қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді елім көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Гимн.
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына биыл 32 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді.
Видеоролик.
1кезең
Студенттерді Алаш арыстары мен Желтоқсан құрбандары туралы ақпарат береді.
Оң жағымда Желтоқсан қаһармандары сол жағымда Алаш арыстары Тәуелсіздік жолындагы ұлыларымыз туралы мәлімет беріп кетсе
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаштың аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат.
Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев т.б. ХХ ғасырдың басында қазақ азаттық қозғалысы жаңаша тұтанып, империядағы революциялық қозғалыспен астаса, тез өрістеді. Аңсаған тәуелсіздік осы Алаш арыстарының арқасы деп білеміз.
2 кезең
Тәуелсіздіктен кейін халқымыздың жеткен жетістіктеріне тоқталып өтсек.
Тарихи вернисажымыздың келесі кезеңі тәуелсіздік тұғырым деп аталатын тапсырмалық сұрақтар.
1.Қазақстанда алғашқы болып өз елшілігін ашқан елді атаңыз ?
Америка құрама штаттары
2.Қазақстан қашан бірікен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды? 1992 жылы 2 наурыз
3.Қазақстан қарулы күштері қашан құрылды ?
1992 жылы 7 мамыр
4.Қазақстан Конституция бойынша республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы? Халық
5. Тәуелсіздік монументі қай жылы қай жерде бой көтерді?
1996 жылы 16 желтоқсан Алматы қаласы Республика алаңы
6. 1996 жылғы 9 желтоқсанда кімге «Халық қаҺарманы» атағы кімге берілді?
Қайрат Рысқұлбеков
7.Қазақстаннның нышандары?
Ту,әнұран,елтаңба
8. Алаш арыстары қалай ақталды?
Үстіміздегі жылы Алаш арыстары – Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың толық ақталып, халқына қайта оралғандарына ширек ғасыр толады. Кезінде олардың әдеби мұраларын зерттеумен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнайы комиссиясы айналысқан болатын. Ал бұл комиссияны белгілі қоғам қайраткері, академик Жабайхан Әбділдин басқарған еді.
9. Шәкәрім атамыздың бүркеншік аты кім болған?
Шәкәрімдікі мұтылған.Жүсіпбектікі қоңыр.Сәкеннің түрмеден шыққаннан кейін бүркеншік есімі дүйсенбі.
10.Қазақтың ұлттық волютасы қашан айналымға шықты?
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
Хор: «Атамекен»
Қорытынды: «Ұлы даланың ұлылары» атты 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тарихи вернисаж өз мәресіне жетті. Тәуелсіздік құтты болсын тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келіп қатысқандарыңазга рахмет.
Келесі сөз кезеңі келген қонақтарымызға беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет