Алматы – 2016 жыл
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жоспар:
Көз – оптикалық жүйе.
Көз туралы қызықты деректер.
Көз аурулары.
Көз – оптикалық жүйе.
Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм.
Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді.