Коучинг жоспары
Тақырыбы: «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»
Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдерде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді; Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады; Сабақ беру әдісін өзгертеді;
Күні: 11.10.17
№ Коучтың іс - әрекеті Қатысушылардың іс - әрекеті Ресурс
1 Амандасу Коуч шараға қатысушылармен амандасады «Оркестр» сергіту ойыны арқылы топқа бөледі (5 мин) Сергіту барысында топтарға бөлінеді Музыкалық инструмент- тер суреттерінің қиындысы
2 Тақырыпқа кірісу үшін сұрақтар қояды Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба? Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай? Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз? Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек? Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба? Сабақтың сапалы өтуі әдіс-тәсілге тәуелді ме? (5 мин) Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын ортаға салады.
3 «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» слайд көрсетемін Әдіс – тәсілдер түрлері жинақталған ресурс таратамын (7 мин) Слайдтан алған мәліметтері мен өз жұмыстарын саралай отырып ой тұжырымдайды. Ресурспен танысады АКТ, таратпа қағаздар, тақта
4 Таратылған ресурс бойынша Ресурс мазмұны мен өз Таратпа
әдіс – тәсілдерді сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасауды ұсынамын (20 мин) тәжірибелеріндегі әдіс-тәсіл түрлерін сабақ кезеңдеріне бөледі, қатысушыларға таныстырады қағаздар, флипчарт, маркерлер, стикерлер
5
Топтарға бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалауды ұсынамын Сергіту «Шыңғысханның есебі» (5 мин) Топ мүшелері «Екі жұлдыз, бір ұсыныстарын » стикерлерге жазып, жапсырады Ойынға қатысады, ойларын сергітеді Стикерлер Ойынға қажетті әр - түрлі заттар
5 Рефлексия Коуч кері байланыс жұмысын жүргізеді Кері байланыс парақтарын таратады(2мин) Кері байланыс парағын толтырады Таратпа материалдар,жазу құралдары
6 Қатысушыларға белсенділіктері үшін мадақтап, қорытындылау(1мин)