Критериалды бағалау



Дата18.02.2018
өлшемі15,11 Kb.
#38040
Критериалды бағалау

Бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу мақсатында №25 Красноярка орта мектебінде білім берудің қазіргі заман талабына сай жаңа бағдарлама мен қамтылған аймақтық семинар өткізілді.

Мектебімізде өткен аймақтақ семинардың тақырыбы: Критериалды бағалау – оқу сапасын арттырудың тиімді жолы. Осы семинарды өткізу мақсатымыз білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Ұстаз мектептің жүрегі демекші мектеп ұстаздары ашық сабақтар өткізді. Олар жоғары және бірінші дәрежелі әріптестерім жаңа бағдарлама бойынша өз тәжірибелермен бөлісті. Мектебіміздің оқу мен тәрбие ісі меңгерушілері сабақ көрсетті. Тулебаева З.К. «Ақан сері» әдебиеттік оқудан тәрбие ісі меңгерушісі жаңа бағдарлама бойынша көшбасшылық тәжірибемен бөлісті, Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Оқу ісі – меңгерушісі Иманбаева Ж.Е. «Благословение аксакала» орыс сыныбында әдебиеттік оқудан жаңа технологиялармен және критериалды бағалаумен өте жоғары деңгейде өткізді. Мектеп директорының орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, критериалды бағалаудың қыр-сырын түсіндірді. Қазақ тілінен Тулебаева Н.К. «Ырымға байланысты ат қою» өзге ұлт өкілдерін сабақта қазақша сөйлетіп, бұлбұлдай сайратты, Танырбергенова Р.Б. «Көнерген сөздер» өте жоғары деңгейде өтті. Ағылшын тілінен Туганбаев Т.Қ., Негметжанова Ш.Ғ. «Киіз үй» тарихтан, Ибрайбекова Г.С. технологиядан «Бисквит дайындау тәсілі» сабақ үстінде оқушылар бисквит дайындап, қонақтарға тарту етті. Макуова М.Т. «Менің отбасым» сауат ашудан 1 А сынып оқушылары сабақта үш тілде сөйлеп, топпен жұмыс жасады. Сабақ жаңа технологияларды қамтыған, жоғары деңгейде өтті.



Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елімнің нұрлы таңы» атты шағын концертті Абдрахманова А.Ж. мен Ибраева А .Ж. ұйымдастырды. Келген қонақтар концерт көріп демалып қалды. Қонақтармен мектеп психологы Бекешева Б.К. тренинг өткізіп көңіл – күйлерін көтерді. Семинарға келген әріптестеріміз біздің ұстаздарға алғыс айтып, критериалды бағалаудың тиімді жолдарымен бөлісіп, бәсекеге қабілетті оқушыларды оқытып тәрбиелейтінімізге кәміл сенеміз деп сенім білдірді.

Кайрбекова Сандуғаш Амирхановна


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет