Табиғатты тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері
Орындаған: Оралұлы Азалтай
Курс: 1
Мамандық: ТМО 22-13
Кіріспе Табиғат - өзінің даму заңдылығын жақсы «біледі» - адам баласы табиғатты жақсартамын деп оның даму заңдылықтарын бұзатынын жақсы біле бермейді.
Табиғат – адамзаттың барлық іс-әрекетіне сай жауап қайтарады. Адам баласы табиғат қорларын қайтарымсыз және сауатсыз пайдаланып, ауа, су, топырақты ластап отырады. Адам іс-әрекетінің шегі болуы тиіс. Адамның барлық іс-әрекеті табиғаттың пайдасы үшін тепе-теңдік жағдайда шешілуі тиіс. Биосфераның болашағы онда өмір сүретін адамдардың ақыл-ойына және парасатына тікелей тәуелді.
Табиғатты пайдалану - түрлі табиғи ресурстар мен табиғи жағдайларды қолдану жолымен қоғамның материалдық және мәдени қажетін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттер. Табиғатты пайдалану мынадай белгілерден тұрады: Қорғау, қайта бастау және табиғи қорлардың орнын толтыруы, олардың шығаруы және өндеу;
Адам өміріндегі табиғи заңдылықтарды қолдану;
Қалпына келтіру және табиғи жүйелердің экологиялық тепе – теңдігін сақтау.
Н.Ф.Реймерс(1992) бойынша табиғатты пайдалану:
а)табиғи ресурстарды қайта өндіру, жаңғырту және қорғау, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден;
б)адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалану және қорғаудан;
в) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту,қайта қалпына келтіру және сақтаудан;
г) адам саны мен адамның өнімділігін реттеуден тұрады.
Табиғатты
пайдалану
Тиімді
Табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуын қамтамасыз етпейді, табиғи ортаның сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады, табиғи жүйелердің азуы мен ластануы және экологиялық тепе-теңдік пен экожүйелердің бұзылуымен қатар жүреді.
Тиімсіз
Табиғи байлықтарын кешенді ғылыми негізбен пайдалануды білдіреді.Бұл жағдайда табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуының мүмкіндігі жоғары және экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі қалпына келтіруі қабілетінің бұзылуы аз.
Ю.Одум (1975) бойынша тиімді табиғатты пайдалану екі жақты мақсатты қарастырады:
Эстетика және демалыс сұраныстарының материалдық қабілеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;
Тұтыну мен жаңартудың балансты циклін анықтау жолымен пайдалы өсімдіктің, жануар және түрлі материалдар өндірісінің үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
Табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты келесі мақсаттар алға қойылған:
табиғатты қорғауды басқару қызметін кешенді түрде іске асыру;
Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланылуы;
жерді қорғау, жер асты және үстіңгі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануарлар әлемін, сонымен қатар барлық табиғи қорларды тиімді пайдалану және оларды мемлекеттік бақылау;
ұсыныстардың өңделуі және табиғатты пайдалану механизмдерін, экономикалық нормативтер мен ережелердің бекітілуін, табиғи ресурстарды пайдалану стандарттарын жетілдіру;
мемлекеттік экологиялық сараптаманың басты жүйелерін жетілдіру, өндіргіш күштерді және халық шаруашылығы саласын орналастыру, жаңа техника мен технологияны сақтауда экологиялық нормаларды бақылау;
халықтың көп бөлігіне табиғи орта туралы білімді оқыту және азаматтарды табиғатты қорғауға үйрету;
жоспарлау және шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдармен табиғатты қорғау мәселесі бойынша бірігіп жұмыс жасау.
Табиғатты пайдалануда экология және экологиялық заңдылықтар ескерілуі тиіс. Рационалды табиғи пайдалануда табиғи ресурстарды зерттеу, оларды ұқыпты пайдалануы, қорғау және халық шаруашылығын дамыту, адамдардың денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар олардың келешек мүлделерін есепке алу мен орнын толтыру.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып келетіндігі. Себебі, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырылады.
Табиғат ресурстары –адамдар пайдаланатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер. Оларды адамдардың өндірісітік-шаруашылық әрекеттерімен тікелей байланысты.
Табиғат пайдалану экономикасында осы екі негізгі ұғымдар бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттерімен емес, пайдалану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.
Табиғат ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мақсатында оларды бірнеше белгілері бойынша жіктеулер қолданылады.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мынадай болуға тиіс: -
толық алу
-
кешенді ендіру
-
қайта пайдалану
-
үнемді пайдалану
Қортынды Қорыта айтқанда табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдаланубір – бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғатты пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2006.
Қуатбаев А.Т. Жалпы экология: Оқулық. – Алматы, «Дәуір», 2012.
Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. Алматы, «Ғылым», 2001.