КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Педагогика
Тақырыбы: Сан есім
Мамандық: Бастауыш білім беру бөлімі
Орындаған:
Жетекші: Амандыкова Назира Дуйсенбайкызы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. САН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Сан есімнің сөзжасам тәсілдері
1.2. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
1.3. Сан есімнің морфологиялық құрылымы
2. САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
2.1. Есептік және реттік сан есім
2.2. Жинақтық және болжалдық сан есім
2.3. Топтау және бөлшектік сан есім
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфологиялық құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді.
Сан есімнің негізгі қызметі – мағынасы жағынан заттың нақты санын білдіру болғандықтан, әдетте, сөйлемде сан есім анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқара алады.
1.Сан есім заттың мөлшерін, санын, ретін, бөлшегін білдіретіндіктен, зат есімнің алдында келіп, анықтауыш болады. Ондайда сан есім өзі анықтайтын зат есіммен орын тәртібі арқылы қабыса байланысады. Жұмысқа араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана. Ортасында бес үйі бар көп үйлі ауыл.
Сан есімдер кұрамына қарай дара жэне күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар коп емес, барлығы жиырма шақты- бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
Грамматикаларда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге боледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалык бөлшектерге бөлінбейтін создер жаткызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сегіз т.б. Ал туынды сан есімдер эр түрлі жұрнакгар жалғану аркылы жасалады. Мысалы, бірер, бірішиі, үіиеу, төртеу т.б.
Осы негізгі жэне туынды дара саң есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады(4, 471).
Сан есімдер заттың санын анықтау дәрежесіне қарай, мағыналық жағынан есептік, реттік, жинақтық, топтау, бөлшектік, болжалдық болып бөлінеді.
Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, канша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді. Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).
Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, нешінші?деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан кейін –ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң –ншы, -нші жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: бірінші,екінші,үшінші,төртінші т.б. Бірінші рет қатты өкпелегенін жасыра алмай барады. Құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.
Жинақтық сан есім — заттың жинақталған санын білдіріп нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров) Дауысты дыбысқа бітетін екі алты жеті деген септік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы,-і дауысты дыбыстары түсіріліп қолданылынады. Мысалы: екеу, жетеу, алтау, және т.б.
Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалды:
Есептік сан есімдерге -лаған,
(-леген), -даған, (-деген), -таған,
(-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған,қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т.б.
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б. Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(укі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады.
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс немесе ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т.б.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |