«Квадраттық функция» бжб



Дата11.10.2024
өлшемі16,33 Kb.
#206159
Байланысты:
кв фукция


«Квадраттық функция» БЖБ
1-нұсқа

  1. Бір координаталар жүйесіне функциялардың графиктерін салып, олардың әрқайсысының анықталу облысы мен мәндер жиынын көрсетіңдер: a) y=x2-3; ә) y=-x2+3.

  2. Берілген функцияның графигі болатын парабола төбесінің координаталарын табыңдар: a) y=(x-2)2; ә) y=x2-2x-3.

  3. y=x2+4x+3 функциясының графигін салыңдар және оның:

а) анықталу облысы мен мәндер жиынын;
ә) нөлдері мен таңбатұрақтылық аралықтарын;
б) өсу және кему аралықтарын көрсетіңдер.


«Квадраттық функция» БЖБ
2-нұсқа

  1. Бір координаталар жүйесіне функциялардың графиктерін салып, олардың әрқайсысының анықталу облысы мен мәндер жиынын көрсетіңдер: a) y=-x2-2; ә) y=x2+2.

  2. Берілген функцияның графигі болатын парабола төбесінің координаталарын табыңдар: a) y=-(x+2)2; ә) y=-x2+4x-3.

  3. y=-x2-2x+3 функциясының графигін салыңдар және оның:

а) анықталу облысы мен мәндер жиынын;
ә) нөлдері мен таңбатұрақтылық аралықтарын;
б) өсу және кему аралықтарын көрсетіңдер.


Бағалау критериі

Тапсырма №

Дескриптор

Ұпай

Оқушы

у=ах2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

1

а мен n-нің әртүрлі мәндері үшін у=ах2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функцияның графигін салады.

2

Берілген функциялардың анықталу облысын көрсетеді.

2

Берілген функциялардың мәндер жиынын табады.

2

у=а(х-m)2+n, у=ах2+bx+c, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың графиктері болатын параболалар төбелерінің координаталарын табады.

2

у=а(х-m)2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функцияның графигі болатын параболаның төбесінің координаталарын табады.

2

у=ах2+bx+c, a≠0 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

3

у=ах2+bx+c, a≠0 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

1

Берілген функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын көрсетеді.

2

Берілген функцияның нөлдері мен таңбатұрақтылық аралықтарын табады.

2

Берілген функцияның өсу және кему аралықтарын анықтайды.

2














Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет