Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы» журналының ғылыми мақалаларды қабылдау
ЕРЕЖЕСІ
«Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы» ғылыми журналындағы мақалалар гуманитарлық және техникалық бағыттағы ғылыми зерттеулердегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді қамтиды.
Мақала көлемі кестелерді, суреттерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және негізгі мәтін алдында жазылатын түйінді қосқанда 6-12 бет аралығында қабылданады. Мәтін Microsoft Word редакторында Times New Roman 14 пт әрпімен, аралық 1 интервалмен, үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып теріледі. Бірінші бетке ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеме), ортасына қалыпты әріптермен автордың аты-жөні, оның астына мақаланың аты, төменіректе жай жақшаның ішінде жұмыс орындалған ұйымның аты мен қаласы жазылады.
Суреттер саны 5-тен аспауы керек (биология, физика-математика, химия салалары бойынша 10-нан аспауы керек) және иллюстрациялар (графиктер, схемалар, диаграммалар) компьютерде салынуы керек.
Барлық формулалар мен символдар (математикалық, физикалық, химиялық) Microsoft Equation және Microsoft Word редакторында теріліп, нөмірленіп, сілтемелер жасалады және Lаtexта кабылданады.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15] көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі төмендегіше мақаланың жазылған тілінде және латынша, не ағылшынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады:
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1987. -272 б.
2 Ататүрік айтқан екен // Егеменді Қазақстан. -1991. - 28 желтоқсан.
3 Маманова Л.Ж. Терминнің сөзжасам жүйесін зерттеу мәселелері // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. -2009. -№3. -27-35 б.
REFERENCES
1 Balaqaіev M.B. Qazaq adebi tili. – Almaty: Gylym, 1987. -272 b.
2 Atatuerik aitqan eken // Egemendi Qazaqstan. -1991. - 28 zheltoqsan.
3 Mamanova L.Zh. Terminnin soszhasam jueiesin zerttew maseleleri // L.N.Gumilev atyndagy EUU Khabarcysy. -2009. -№3. -27-35 b.
Мақала төмендегі құжаттармен қоса 1 данада және СD дискімен немесе флешкамен қабылданады:
Пікір (2);ішкі ж/е сырткы
ӘОЖ
– Аннотация үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша), түйін сөздер 3 тілде (ключевые слова) және автордың аты-жөні мен мақаланың аты да 3 тілде жазылады;
– Жеке парақта автор жөнінде толық мәлімет көрсетіледі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы).
– төлемақы түбіртегі (университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына, қызметкерлеріне – 3 000 теңге, өзгелерге 4 000 теңге, университет есеп-шотына төленеді).
№1 (Гуманитарлық сала) – 15-қарашаға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қараша аралығы, шығу мерзімі – қаңтар;
№2 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-қаңтарға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қаңтар аралығы, шығу мерзімі – наурыз;
№3 (Гуманитарлық сала) – 15-наурызға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 наурыз аралығы, шығу мерзімі – мамыр;
№4 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-мамырға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 мамыр аралығы, шығу мерзімі – шілде;
№5 (Гуманитарлық сала) – 15-тамызға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 1-15 қыркүйек аралығы, шығу мерзімі – қазан;
№6 (Жаратылыстану-техникалық сала) – 15-қазанға дейін; редакциялық алқада қаралу мерзімі 16-30 қазан аралығы, шығу мерзімі – желтоқсан.
Редакциялық алқа тексергеннен кейін жөндеуге берілген мақаланың қабылданған мерзімі жөнделіп әкелген күн болып есептеледі. Мақала ғылыми, грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан сауатты болуы керек. Редакциялық алқаның журналға жарамсыз деп қайтарған мақаласы үшін журнал қызметкерлері жауап бермейді. Редакциялық алқада қаралып жариялануға рұқсат берілмеген мақалаларға төленген төлемақы авторға қайтарылмайды.
Электрондық пошта:
Vestnik.enu@mail.ru – гуманитарлық сала (87054240480);
Vestnik.enuteh@mail.ru – жаратылыстану-техникалық сала (ұялы 87719960707).
Байланыс телефоны: 8-(7172)70-95-42; ішкі - 33129
Цеснабанк КБЕ16
БИН 010140003594
РНН031400075610
ИИК КZ 91998
BTB 0000003104
БИК TSES KZ KA
Достарыңызбен бөлісу: |