Сабақтың тақырыбы: «Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсірдіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету.
Б) Дамытушылық: Ms Word редакторында кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналылыққа, адамгершілікке, тиянақтылыққа, компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Практикалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS Power Point-та жасалған слайдтар, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген екі шумақ өлеңді компьютерде теру.
2. “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап)
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Практикалық тапсырмалар орындау (деңгей әдісі бойынша).
“Ой қозғау”- қойылған сұрақтың жауабын үш тілде кестеге толтыру.
Жаңа сабақты қорыту
1–тапсырма.“Мәтіннің қатесін тап”
2 – тапсырма. “Сөзжұмбақ” шешу
3 – тапсырма. “Ребус” шешу
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу;
Оқушыларды түгендеу;
Сынып тазалығына көңіл бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Оқушыларға сабақтың әр бөлімінде алатын ұпай санына байланысты бағаланатынын айтып өту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген екі шумақ өлеңді компьютерде теру. Алғашқы орындаған үш оқушыға 15 ұпай, 4,5,6 орындаған оқушыларға 10 ұпай, қалғандарына 5 ұпайдан беріледі.
2. “Келесі” ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орынынан тұрып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді.
Сұрақтары:
Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.
Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?
Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
Орфографиялық қатені тексеру үшін орындалатын әрекет?
Сервис – Емле ережесі (Правописание)
Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, күй жолағы, айналдыру жолағы, жұмыс аймағы, тапсырмалар аймағы.
Пішімдеу дегеніміз не?
Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.
Құжат құру жолы?
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау
5. Баспаға жіберу
Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?
Microsoft Word редакторында құжатты Файл – Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз.
Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз? Формат
Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне? Backspake
Microsoft Offise Word редакторында абзацты пішімдеу үшін
қандай менюді таңдаймыз? Формат
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді.
Кесте - бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат.
Кесте және оның элементтері
Кесте баған мен жолдардан құралады. Баған мен жолдың қиылысуы ұяшық деп аталады.
Кесте құру жолдары
Стандартты панелінен
Қарапайым кестелерді
құру үшін
“Кестелер мен шекаралар”
аспапты панелінен
Құрылымды күрделі кестелерді
құру үшін
“Кесте кірістіру”
сұхбат терезесінен
Күрделі кестелерді
құру үшін
Достарыңызбен бөлісу: |