L. N. Gumilyov Eurasian national university Баспасөз хабарламасы



Дата11.07.2017
өлшемі50,61 Kb.
#21124


Баспасөз хабарламасы
ЕҰУ-де кешегі Целиноград инженерлік-құрылыс институты, бүгінгі Сәулет-құрылыс факультетінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған айтулы шара өтеді
2014 жылғы 12 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Сәулет-құрылыс факультетінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған айтулы шара өтеді: «Елу жылда – ел жаңа» демекші, бұл күні сағат 15.00-де Мұнайтпасов көшесі 13, ЕҰУ-ның оқу зертханалық Сәулет-құрылыс факультетінің заманауи үлгіде салынған бес қабатты, 8400 шаршы метр жаңа мамандандырылған оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға беріледі.

Ғимараттың ашылу салтанатына мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісі, Астана қалалық Мәслихат депутаттары мен елімізге белгілі ғалымдар қатысады.

Таңертеңгілік ғылыми-теориялық конференциямен басталған игі шара сағат 15.30-да оқу-лаораториялық ғимаратының залында ректор Ерлан Сыдықовтың жүргізуімен пленарлық мәжіліске ұласып, мерейлі мерекеге тұспа-тұс келген шара Қазақстан эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталады деп күтілуде.

Кезінде заман талабына сай құрылған инженерлік-құрылыс институтының заңды жалғасы саналатын Сәулет-құрылыс факультеті қазіргі Еуразия ұлттық университетіндегі ірілендірілген сан-салалы факультеттердің бірі. Факультет қабырғасынан түлеп ұшқан мамандарға еліміз бойынша сұраныс зор. Қазіргі күндері Астана қаласы мен Республикамыздың қай аймағын алмайық, «инженерканы» бітірген студенттер халық шаруашылығы саласында білімді де білікті маман болып қызмет атқаруда.

50 жыл! Бұл саналы адамның ақыл тоқтатып, жігіт ағасы атанар жасы. Осындай мерзім ішінде кешегі Целиноград инженерлік-құрылыс институты, бүгінгі ЕҰУ Сәулет-құрылыс факультетінің материалдық-техникалық базасы нығайып, профессор-оқытушылар құрамы белгілі ғалымдармен толықты. Оқу-әдістемелік жұмыстар жақсарып, жаңаруда. Қазіргі күнге дейін республикамызда, оның ішінде Солтүстік аймақтың халық шаруашылық салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстар ұшан-теңіз.

Өткен жылдардағы мамандарды техникалық бағыттарда, жүйелі бағдарламалар бойынша дайындау өз нәтижесін берді. Ғылыми әлеуеттері жоғары профессор-оқытушылар құрамының тиянақты еңбектерінің арқасында оқу процестерін үнемі жаңартып, жетілдіруде. Кредиттік технология жүйесі енгізіліп, мамандарды қазіргі заман талабына сай дайындау қолға алынып отыр. Мәселен, Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен екі диплом жүйесі осының нақты мысалы.

Архитектура кафедрасы құрылымдық жобалау, ұйымдастыру, өндірістік технология, ғылыми педагогикалық бағыттарда жұмыс істейді. Студенттерге тәжірибесі мол белгілі ғалымдар сабақ береді. Факультетті техника ғылымдарының докторы, профессор Талғат Байтасов басқарады. Өндірістік тәжірибелерін жасалған шарт бойынша құрылыс фирмалары мен сәулет институттарында арнайы лабоаторияларда өткізеді.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасы алғашқылардың бірі болып құрылған. Бүгінгі күнге дейін мыңдаған мамандар дайындалып өндіріске жіберілді. Студенттер 4 жыл бойы негізінен инженерлік графика, компьютерлік есеп және жобалау, құрылыс құрылымдары, құрылыстық-өндірістік технологиялар бойынша дәріс алады.

Дизайн кафедрасы соңғы жылдарда ашылған кафедралардың бірі. Қазіргі заманға лайық материалдық-техникалық базасы бар оқу құрылымы. Сонымен қатар факультетте инженерлік коммуникациялар, инженерлік графика және сертификаттау кафедралары жұмыс істейді. Білікті профессор-оқытушылар құрамы жасақталып, білім беру мен ғылыми жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді.

Факультет ғалымдары мен оқытушылары, студенттер ғылыми конференциялар мен семинарларға жиі қатысады. Олардың ғылым мен білім жолындағы ізденістері мен зерттеулері факультеттің ғылыми кеңесінде жан-жақты талқыланып, қажетті шешімдер қабылданып жатады. Сонымен қатар соңғы жылдарда шет елдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынастар жан-жақты дамуда. Шетелдік ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттер алдында дәріс оқиды.

Факультет ұжымы университет көлемінде өтетін мәдени, спорт сайыстарына, түрлі мерекелерге де белсене араласуда. Жастардың тәлім-тәрбие шараларына ерекше көңіл бөлініп, бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдайлар қарастырылған.

Қазіргі таңда Сәулет-құрылыс факультетінде 1800 студент білім алады, олардың алпысы «Алтын белгі» иегерлері. Студенттерге жүзге жуық белгілі ғалымдар мен ғылым докторлары дәріс береді. Олардың ішінде өнертанушы ғалым, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, Астана қаласының «Үздік құрылысшы-2012» аталымының иегері, аты аңызға айналған Майдан Құсайынов студент-жастардың үлгі тұтар тұлғасы.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет