Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі34,75 Kb.
#118603
  1   2
Байланысты:
іс әрекет
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі.


Тақырыбы: Іс-әрекет психологиясы
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
2.А.Н.Леонтевтың психологиядағы іс-әрекет мәселесі
Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
4.Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері
5. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен,  мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы  білдірсе,ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің саналуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару оның екінші бір басты белгісі болып табылады.Адам психикасының дамуынд ісәрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс әрекеттің бірлігі, психиканың іс әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратын дығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.Ойын- өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Пайдасыз болып көрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблема болды. Бала ойынының әр түрлі теориялары бар. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі- адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Еңбекпен байланыса отырып, ойын одан өзгеше болады.Адам еңбек ету кезінде өзіне қажетті әрекетпен бірге істегісі келмейтін әрекетті де жасайды. Ал ойын кезінде мұндай жағдай болмайды. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер ғана жасалады. Ойын әрекеттері түрткідегі,мотивтегі әрекет мағынасын көрсетуі керек. Осы өзінің ерекшелігіне байланысты ойын, қажеттіліктердің кездесуі, оның әрекетінің мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.
Оқу — іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді
Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.
1) Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.
Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды
2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің (адам мен қогамга топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алганда «іс-әрекет» атауы «белсенділік» ұғымына баламалы («асtіvіtу» — іс-әрекет, «асtіоn» — әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы
3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданган деп саналады. Ол психикалық бейнелеу, тұлга, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге базалық психологиялық категориялар сапатына кіреді. Б.Ф.Ломов психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы
4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты
Б.Ф.Ломов зерттеулеріпде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясының өзара байланысы қадагаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-қатынастың негізгі қызметтері бөліп шығарылады. Ол қарым-қатынастың іс-әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:
қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы түрін құрайды;
қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;
қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.
Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас өзара байланысты
Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады.
А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады.
Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып: «психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып, қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес, олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен «тұйықталады»… іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі рухани әлемін ашады…» деп айрықша атап керсетті.
Іс-әрекет пен тұлга өзара байланысты
А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі… Бізге тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық — бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты
5) Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:
1 — іс-әрекет түсіндіруші қагида, ретінде;
2 — іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.
Психологиядағы іс-әрекет мәселенің түрлі қырларының ашылуы мен оның дербес психологиялық мәселесі ретінде бөлінуі берілген сызбада толық көрсетілген.
Іс-әрекет категориясының әдіснамалық қызметінің психиканың дамуын зерттеудегі негізгі бағыттарымен байланысы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет