Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады Мақсаты



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі415,96 Kb.
#35079
  1   2   3


Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады

Мақсаты:Адам еңбекпен шыңдалатындығы жайында,еңбек сөзінің мәнін ашып түсіндіру

Адамдық борышың ,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта,оны біл.

Талаптан да,білім мен өнер үйрен.

Білімсіз,өнерсіз,

Болады ақыл тұл. (Ш.Құдайбердиев)Адамдар еңбектенеді,сол еңбектерінің нәтижесінде олардың қолдары,ойлары және тілдері дамыды.Мысалы:Адам «саналы адам»түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рөл атқарды.Олар еңбек,сөз,қоғамдасып тіршілік ету,әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы нәтижесінде болды.Адам эволюциясында еңбектің рөлі зор.Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталды.Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап,оны бірте-бірте күрделендіріп,пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ие болды. Мұның себебі:су тартылып,орман алқаптарының көлемі азайып,ашық далалы жерлер пайда болды.Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп ,ашық алаңқай жерлерде қоректерін жеп,күн көре бастады.Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады.Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды.Олар түрлі құрал-саймандар жасап тіршілік ете бастады.(Слайдтар:маймылдардың еңбек етуі)

Ендеше,қол-еңбек құралы ғана емес,ол-еңбектің жемісі. Ал еңбек –адам эволюциясының негізгі факторы.Еңбек қоғамдасып тіршілік етуге бастама берді.Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп,оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.

Уақыт өте келе адамдар еңбексіз өмір сүре алмайтындықтарын түсінді.Адамдар кез келген іспен немесе сүйкті жұмысымен ,не үй шаруасымен айналысты.Адамға еңбекке деген қажеттілік пайда болды.Еңбек –адамның саналы,күш салуды қажет ететін,мақсатқа бағытталған және нәтижесі бар іс-әрекеті.Барлық адамның өз күшін жұмсап,еңбектену қабілеті бар екенін көрсетті.Еңбек деген қабілеттілік адамныңеңбек күші деп аталады.Үлкен кісі де, оқушы да осы қасиетке ие.(Мына суретте Елбасымыздың Ұстаздар қауымының еңбектерін елеп марапаттаулары көрсетілген)



Жүргізуші: «Еңбек»-бұл дүниедегі құдіретті күш,діни ұғымда құдай болса,ғылыми ұғымдағы бірден –бір жасампаз ұлы күш-еңбек. «Адамшылықтың парызы үшін-еңбек қылсаң,алланың сүйген құлының бірі боласың»дейді ақын

Еңбекті «Бес асыл істің негізгісі»деп бағалаған-Абай:

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.....деп адамды дүние жүзіндегі тіршіліктің жасампаз күші етіп отырған оның еңбегі,адамның адамгершілігі тек адал еңбегінің бағаланатыны туралы ой қорытады.

Көп мамандандырылған еңбек-ақыл-ой еңбегі.Бұл салада қызмет ететіндерге көп білім ,шеберлік,жұмыс дағдылары қажет.Көп мамандық иелері инженер,мұғалім,дәрігер,экономист,сәулетші,қаржы, құрылысшы тігінші және тағы басқаладың барлығы-ақыл-ой еңбегімен айналысатындар.(Әр мамандық бойынша суреттер,слайдтар)

Еңбек күші деп адамның еңбек ету қабілеттілігін айтады.Өмір бойы адамдар еңбек етеді.Соңында еңбек нәтижесін көреді.Бұрын еңбек ете отырып балаларын асыраса,адам өзі қартайғанда баяғы балалары есейіп ендігіден әрі қарай балалары еңбек етеді.Баяғы өзін баққан ата-анасын енді өзі бағады.

Ендігі кезекте «Еңбек»жайлы білетін мақал-мәтелдерімізді айтайық

1.оқушы

1 Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей 2. Еңбек түбі –береке 3 Еңбек етсең-емерсің

4 Адамды адам еткен-еңбек 5 Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті

6 Еңбексіз құрған дәулет, Емсіз жабысқан дертпен тең

7 Егіннің егілгенін айтпа,еңбегін айт 8 Ердің атын еңбек шығарады.

2 ші оқушы

1 Жұмыстың жаманы жоқ 2 Талаптыға нұр жауар Талапсызға күн жауар

3.Бастаған істі тастама 4 Еңбек ерлікке жеткізер

5 Көп біл,аз сөйле 6 Ерінбей еңбек қыл,жалықпай өнер қыл

7 Тіліңмен жүгірме,Біліміңмен жүгір 8 Оқып ойыңды түзет, үйреніп сөзіңді түзет

Жүргізуші:

Жалқау болсаң жасыңнан, Ұйқы қалмас қасыңнан

Еңбек сүйсең табылар, Бар жақсылық қасыңнан

Олай болса,еңбектің қызметінің мақсаты адам еңбегін тек қана бөлу болып табылмайды,сонымен қатар ,ол жұмысшылардың күш-жігерін ортақ іске біріктіруді де қамтиды екен.(Ұн Завод.Бейнеу)

Дене еңбегі-адамның күшін талап ететін еңбек. Мыс,нан қайдан келеді? Диқан бабаң екті де, Еңбектен еш қашпады

Алдыңа әкеп төкті де Ақ нанды үйіп тастады Жер жыртып,егін егіп,оны орып алып,бидайды дирменге тартып, одан кейін ұнын илеп, наубайхана пешінде пісіріп –түсіру керек.Бұл тек нан жасау жолы ғана.

Асықпай іш тамақты, Жалама ыдыс аяқты

Нанды үгітпе,қадірле, Қабығымен бәрін же.

Олай болса «Еңбекпен тапқан тиын» көрніс (ата,ана,бала)

3 оқушы

Бір үзім нан- қолда етпен орнатқан Бір үзім нан –бақытыңа бойлатқан.

Бір үзім нан –ұмыттырып аштықты Бір үзім нан –айдалада қой баққан

4-оқушы

Бір үзім нан- қасиетті киелім Бір үзім нан –саған басты иемін

Бір үзім нан-жоқшылықты көрсетпей Бір үзім нан-ойнап күліп жүргізген

Жүргізуші

Терін төккен сол нан үшін бабамыз Қадір тұтқан ата менен анамыз

Бәрін қойып дастарқанға о,тоба! Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз дей отыра еңбек ете жүріп әдептілікті де сақтай білейік!

1. Өзіңе көмектескен ,керек затыңды берген,сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа рахмет айт

2 .Тамақ ішіп болған соң ас дайындаған кісіге «рахмет» айт

3 . Біреу өзіңе «рахмет»айтса, «жақсы»деп жауап бер

4. Біреуді қағып кетсең, «кешіріңіз»деу керек

5. Қайтарда,кетерде «сау болыңыздар»дегенді ұмытпа

1. Әдеп сақта әманда Әрбір адал адамға

Жасасаң бір жақсылық Қайтарады сағанда

Кісілерді аяла Кішілерден аянба

Адамдығың білінсін Анадай жан саяңда

2. Ақыл ,есің бүтінде Кісіге қарап түкірме

Жақтыр, мейлі жақтырма Айтқан сөзді бағамда

Күлме кемтар адамға Ешқашан үлкен кісіге Отырма беріп сыртыңды

«Сіз»деген сыпайылық «Сен»деген анайылық

«Тыйым сөздердің»бала өміріне беретін тәлім тәрбиесі мол

Мұғалім: Олай болса тақтаға қарап жұмбақтар шешеміз

1. Тілсіз мұғалім Сырын ұғамын, Білім алып шығамын (кітап)

2. Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс өнер (қол)

3. Ұзын мұртты сарылар Қойнында дәні бар (бидай)

4. Қасиетті тағам (нан)

5. Неден қымбат қазына жоқ (кітап)



Мұғалім: Балалар мұның бәрін не себепті айтып жатырмыз? Мамандық бізге не үшін керек? Оқушылар: Жұмыс істеп еңбек ету үшін

Мұғалім: Не үшін еңбек етеміз? Оқушылар Өмір сүру үшін

Мұғалім: Өмір сүру үшін не қажет? Оқушылар Қаражат қажет, Мұғалім: Оны табу үшін еңбек ету керек

Қорытынды:

Жалпы қорыта келгенде еңбек арқасында қазіргі адамдар еркін өмір сүріп жатыр.Еңбек арқылы әркімнің де өрісі кеңейері сөзсіз.Сондықтан баршамыз еңбек етейік.Сабағыңа жөндеп әзірленсең-осының өзі еңбек балалар. Адам еңбекпен шыңдалады.

Еңбек ете білейік !

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Ильясова Анар





«Қазақша би» Орындайтын: Қайырбекова Сандуғаш

Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан...

Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, би, өлеңдер, көрніс, ән, слайдтар

Толтырады бір көңілдің отын достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Сөзі: Х. Закарияновтікі; Әні: О. Көшеровтікі

Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бүгінде Отанымыздың әрбір жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. «Мәңгілік Ел» ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. слайд Елбасы


Ал сол арманды жүзеге асыру және оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру, береке мен бірлікті сақтау және Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау ол біздің қолымызда екенін ұмытпайық» деді Н. Назарбаев
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтамын. Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым – қатынас орнатудамыз.
1. Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет? Тәуелсіз-мемлекет.
2.Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? 1991ж.16желтоқсан.
3. 2014жылы Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды? 23 жыл толды. 4.Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? 16 жел-да 5. Біздің Туымыздың түсі қандай? көк 6.Туымызда бейнеленген қыран құс? Адам үшін ата - анадан кейінгі ең жақын – абзал дос.«Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгін достық жайлы әңгімелеспек үшін тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Іздегенде табылатын қасыңнан...» деп алдық.
Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, шын жақсы көріп, қалтқысыз сеніп тілектес, мұраттас болуы. Адам өмірге сәби болып келеді. Ол алғаш ақ сүтін берген анасы мен әкесін таниды. Адам өсе келе өзіне дос табады. Дос сенімді серік. Достар - бірін - бірі түсінуі тиіс.
Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі Рим қайраткері Марк Туллий Цицерон Достық - өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңші. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді. Ол барлық жерде бар. Ол ешқашан мезі қылмайды. Ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды. Ол сәттілікке жаңа сәулет береді. Ол ортақтасқан сәтсіздіктерде көп мөлшерде өзінің уақытын жоғалтады дейді.
Ежелгі грек философы, ғалым Аристотель - Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда игілікке түгел ие бола тұрса да дос - жарансыз өмірді қаламақ емес.
Парсы жазушысы Қабус былай деген екен - Ей, перзентім! Мынаны білгейсің - Адам тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан Дос пен ағайынның қайсысы жақсы – деп сұрапты. Данышпан дос жақсы депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем – сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады. Халықта Алтын берген - дос емес, ақыл берген дос деген мақал бар. Адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтанда адам жүрген жерінде, елде, сапарда, бөтен жерде болсын ұғынысып, түсінісетін, жарасып жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. 1. Дос адам артық сұрамайды. Махмұт Қашқари. 2. Дос достың кемшілігін кешіре береді. Жүсіп Баласағұн. 3. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай. 4. Екі ердің достығы асулардан асырар, Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

М. Әлімбаев.

5. Қоссыз қазақ болса да, Доссыз қазақ болмаған. 6. Дос табу оңай – сақтауы қиын, Жау табу оңай – тоқтауы қиын. Жүсіп Баласағұн.



Достарымды сүйемін бірге жүрген, Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі Орын алған жүректің бір түбінен.
Нағыз достар бір - біріне ұнаған. Қиындықта бірін - бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде, Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
Дос едік біз дос үшін жан беретін, Досты өзінен тым жоғары көретін.
Тәңір «қандай тілегің бар» десе егер, “ал достар бөлінбесін”, - дер едім.
Мұқағали Мақатаев атамыздың өзі сыр шертетін нәзік дос Фаризаға арнап жазған өлеңі.

Слайд және бейнеролик «Жас өспірімдер арасындаңы төбелес» Мына көрністен балалар не түйгендігі жайлы сұраймын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет