Пәні: Өзін-өзі тану
|
Сынып: 5-сыныптар
|
Күні: 5 «З»
|
Пән мұғалімі: Шойынбаева Шолпан Әбубәкірқызы
|
Сабақтың тақырыбы: «Адам еңбекпен шыңдалады»
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтастыру.
|
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «еңбек», «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-еңбектің адам өміріндегі маңыздылығытуралы түсінік беру;
-еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Білімділік: жалқаулық, кертертпалық қасиеттерді жою
Дамытушылық: еңбектену, құрмет көрсету, қамқорлық жасау;
Тәрбиелік: еңбек етуге, үлкенге жәрдем беруге үйрету;
|
Негізгі түсініктер:
Еңбек,білім, жетістік
|
Өткен сабақпен байланысы:
Өткен сабақтағы білімдерін пысықтай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу
|
Бағалау:
Сабақ барысында белсенділік танытып отырған оқушыларды арнайы жасалған пішіндер арқылы бағалаймын
|
Көрнекіліктер: Оқулық, оқушы дәптері, мәтін бойынша сұрақтар, суреттер, пішіндер.
|
Уақыты:
40 мин
|
Жұмыстың түрі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Жағымды, ынтымақ-тастық әрекет қалыптастыру
|
-Балалармен сәлемдесу;
-Көңіл-күйлерін сұрау;
|
Балалар бірге айтады
|
|
Үй тапсырмасы
|
Өткен үй тапсырмасын сұрау, сұрақтар қою
|
Оқушылар өз ойларын айтып, берілген сұрақтарға жауап береді
|
|
Жаңа сабақ
|
«Адам еңбекпен шыңдалады.» атты жаңа сабақ тақырыбына сәйкес мұғалім қысқаша мағұлмат беріп өтеді
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
|
|
Мәтінмен
жұмыс
|
Оқулықтағы «Еңбек жемісі» Б.Әділдің әңгімесін мұғалім оқушылардың өздеріне кезекпен мәнерлеп оқыту. Онда Асан деген оқушы баланың өз отбасымен еңбек етіп, жаз бойы тер төгіп, бақша салып, сол еңбегіңнің жемісі мен жеңісіне қалай қол жеткізгеніне ,оқиға желісінің қалай өрбігеніне қөз жеткізу.
|
Оқушылар мәтінді кезекпен оқи бастайды
|
|
Дәйексөз
|
Еңбектің түрі көп,бірақ қай-қайсысы болмасын бағалы екенін, еңбекке қатысты істерді басқаларға үлгі жасай отырып,оқушының басты еңбегі оқу,білім алу және сол арқылы адам ізгілене түсетінін түсіндіреді. «Еңбек атаулының бәрі де бағалы,өйткені ізгілендіреді»,- деген Л.Н.Толстойдың сөзімен мұғалім негізгі ойды түйіндейді.
|
|
Жаңа ақпарат
|
Оқушыларға жаңа ақпарат беру арқылы оқушының еңбек туралы түсінігін кеңейтіп,толықтырып,еңбекті жаңа қырынан ұғынуға көмектеседі.
Еңбек ету нәтижесінде халық қалаулылары болған адамдардың өмірбаянымен таныстырып,үлгі ету;
|
|
Әңгімелесу
|
Оқушылардың еңбексүйгіштікке , еңбек туралы төменгі сыныптардан алған білімдерін еске түсіріп, олардың еңбекке көзқарасын,еңбек құндылығы туралы түсініктерін ортаға салу және жетістіктерге жету үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болатынын білу мақсатында төменгі сұрақтар арқылы әңгімелесу.
«Еңбек», «еңбексүйгіштік» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Еңбекпен адам шыңдалады дегендіқалай түсінесіңдер?
|
|
Тапсырма
|
Оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде, мақал –мәтелдерді өз пікірлерімен дәйектеуге ,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап.
А.Құнанбаев
Еңбегі жоққа-бақыт жоқ.
А.П. Чехов
Жұмыс-менің бірінші рақатым
В.Моцарт
Жаның жай тапсын десең –еңбектен.
Ж.Ж.Руссо
Тапсырманы орындау барысында оқушылар адам бойында еңбексүйгіштік қасиет болғанда ғана қуанышқа, бақытқа, жаны жай табатын жақсылыққа жете алатынын түсінеді.
|
|
Дәптермен жұмыс
|
Еңбектің адам өміріндегі алатын орнын анықтай түсу мақсатында дәптердегі 1,2,3- тапсырмаларды орындату.
|
|
Жүректен жүрекке
|
Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін сөзі: О.Сүттібаевтың, әні:Ә.Сүлейменовтың «Әкем-әнім» әнін айтумен аяқтайды.
|
|
Үйге тапсырма
|
|