Лауазымы: «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» кмм директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалпы педагогикалық еңбек өтілі



Дата02.02.2022
өлшемі24,19 Kb.
#116808
Байланысты:
Қызметтік мінездеме[1] дұрысы


«С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кайырбекова Шынар Молдабековнаға

ҚЫЗМЕТТІК МІНЕЗДЕМЕ



Лауазымы: «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 28жыл 2 ай

Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 8 жыл 8 ай

Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 10 қыркүйек 2012 жыл

Педагог Кайырбекова Шынар Молдабековна 1974 жылы 4 мамырда туған.

1999 жылы Семей қаласындағы «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін» қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық өтілі 28 жыл 2 ай. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «педагог-шебер» біліктілік санаты бар. Лауазым бойынша еңбек өтілі 8 жыл 8 ай.

Еңбек жолын 1993 жылдың ақпан айынан «Сұлутал» бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

1993 жылдың қыркүйек айынан «Көктүбек» орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып істеді.

1993 жылдың қараша айынан бастап «С. Сейфуллин атындағы орта мектебінде» мұғалім болып қызмет атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2020 жыл – ШҚО Білім басқармасының Шығыс өңірлік орталығы ұйымдастырған «Қашықтан оқытудың әдістері мен құралдары » тақырыбындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру бағдарламасы бойынша 36 академиялық сағат көлеміндегі оқыту онлайн курсын аяқтап, сертификат алған.

2017 жыл -«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогикка кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсты аяқтап ,куәлік иегері болған.

2019 жыл – ШҚО Білім басқармасының Шығыс өңірлік орталығы ұйымдастырған «Тәрбие жұмысындағы сыныптан тыс іс шаралардың инновациялық әдіс- тәсілдері» облыстық практикалық семинарына қатысып, сертификат алған.

2017 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтап ,сертификат алған.

2018 жыл - Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификат алған.

«Өрлеу »БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ.

2021 жылы 25 ақпанда «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Білім берудегі менеджмент: Басқару және педагогтарға көмек» тақырыбындағы онлайн конференциясына қатыстым

Мектепте тәрбие саласы бойынша мына бағыттарға басшылық жасайды:

Тәрбие тұжырымдамасы негіздерінің бағыттарын басшылыққа ала отырып сынып жетекшілердің, тәлімгердің, кітапханашының, психологтың, әлеуметтік педагогтың, мектепалды даярлық және шағын орталық жұмысына қызметтік бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар мектептегі «Зерде» дарынды оқушылармен жұмысты үйлестіреді. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындайды, диагностикалайды, мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Қосымша білім беру мекемелерімен , кітапханалармен байланыс орнатады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық париоттық идеяны насихаттау мен іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша тәрбиелік іс шаралар ұйымдастырады және бақылайды. «Адал ұрпақ» клубы, «Жол қозғалысының жас инспекторлары», «Құқықтық профилактикалық» жұмыстарға басшылық етеді. Мектепте құқық бұзып, есепте тұрған оқушы жоқ. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушілікке байланысты жұмыстарды нәтижелі атқарып келеді. Мектепішілік ұлдар, қыздар, әкелер, аналар клубының жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды. «Ұлағат» ата-аналар комитетінің жұмысын үйлестіріп, ата-аналар мен басйланысты жақсы жолға қойған.



Білім алушылардың өзін-өзі анықтауына, дамуына, шығармашылығын арттыруға жағдай жасау, өмірге бейімделуін қамтамасыз ету, азаматтық сана-сезімдерін қалыптастыруға зор үлес қосып келеді. Өскелең ұрпақтың жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бос уақытын мағыналы ұйымдастыруда біліктілігі мен шеберлігін танытқан үлкен ұйымдастырушы ретінде білеміз. Өзі де , мектеп оқушылары да , сынып жетекшілері, мектеп мұғалімдері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулар мен жарыстардың жүлдегерлері.

1.2021 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп,өнерге баулып,жан –жақты тұлға қалыптастырудағы жетістіктері және XIII халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында шәкірті жеңіске жету үшін елеулі еңбек атқарғаны үшін марапатталдым.

2. 2021 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының құрметіне өткен «Абай мұғарагері атты » Халықаралық өнер байқауына шәкірт дайындағаны үшін ұлттық онлайн олимпиадалар орталығының мақтау грамотасымен марапатталдым.

3. 2016 жылы Республикалық «Дарындылық kz.» дарындылықты дамыту орталығының алғыс хатымен марапатталдым. Шәкіртінің зерттеуіне зор үлес қосқаны үшін.

4. 2017 жыл Республикалық «Педагогика kz. оқу орталығының «Зерек шәкірт» олимпиадасына шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.

5.2021 жылы Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп , өнер жолында үлкен жетістікке жетуіне үлес қосқаным үшін Республикалық «Поэзия, менімен егіз бе едің!?» жасөспірімдер мен балалар шығармашылығына сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталдым.

6. «Білім жолы» Халықаралық білім беру және интеллектуалды шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған «Мәртебелі ұстаз 2021» атты 1 Халықаралық педагогикалық –шығармашылық байқауына қатысып, «Үздік мерекелік сценарий» номинациясы бойынша 1-орын алдым.

7. 2020 жылы ақпан айында «Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті» ұйымдастырған Халықаралық «Педагогика және білім берудің өзекті мәселелері: ғылым мен тәжірибе интеграциясы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясында іс-тәжірибеммен бөлісіп «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы мақалам жинаққа енді.

8. 2019 жылы Ұлттық ғылыми практикалық дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен волейболдан «Шұбар доп» ұлттық лигасында Тұрысбеков Ернар ІІ орын иеленді.

9. 2019 жылы Ұлттық ғылыми практикалық дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен волейболдан «Шұбар доп» ұлттық лигасында Ұлықбеков Мәди ІІ орын иеленді.

10. 2020 жылы VII Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауында ВОКАЛ номинациясы бойынша Ахманова Әсем І орынды иеленді.

11.2020 жылы I LEADER kz. Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған республикалық «Мен өнерлі баламын» шығармашылық байқауында Қадылбеков Ислам І орын алды.

12. 2019 жыл- Республикалық «Фариза , Фаризажан, Фариза қыз!» атты балалар мен жасөспірімдер байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Абдуллаева Айша Бас жүлдені иеленді.

13. 2021 жыл- XIII халықаралық «ALASH STAR» өнер сайысында шығарма номинацисы бойынша Кәдірбекова Кәусар Бас жүлдені иеленді.

14. 2021 жыл- Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» бүлдіршіндер мен жасөспірімдер арасындағы «Армысың ару- нұр көктем!» өнер байқауында аспаптық жанр бойынша Қадылбек Ислам ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

15. 2021 жыл- Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» бүлдіршіндер мен жасөспірімдер арасындағы «Армысың ару- нұр көктем!» өнер байқауында аспаптық жанр бойынша Қадыров Ерасыл ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

16. 2020 жыл- Республикалық «Жарқын болашақ» V балалар байқауында «Эстарадалық – вокал» жанрында Ахманова Әсем І орынды иеленді.

17. 2020 жыл- Халық таңдауы «Онлайн жұлдыз» Республикалық жас өнерпаздар байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

18. 2020 жыл- Республикалық «OZATTAR» білім сапасы үздіктерінің энциклопедиясына Ахманова Әсем енді.

19. 2020 жыл- «Онлайн жұлдыз» Республикалық жасөнерпаздар байқауында Ахманова Әсем ІІІ орын алды.

20.2020 жыл- «Абай мұрасы»Республикалық онлайн сайысында «Әнді сүйсең, менше сүй!» бөлімі бойынша қатысып Ахманова Әсем І орын алды.

21. 2020 жыл - «Абай мұрасы» Республикалық онлайн сайысында « Өлең- сөздің патшасы !» бөлімі бойынша көркемсөз оқудан Ахманова Әсем Бас жүлде алды.

22. 2018 жыл- «Бала дауысы -2018» ән байқауының іріктеу кезінің ресми қатысушысы Ахманова Әсем алғыс хатпен марапатталды.

23. 2020 жыл – «Дара жұлдыз» Республикалық онлайн ән байқауында Ахманова Әсем І орын алды.

24. 2021 жыл – «Miss & Mister Sirius» Республикалық сұлулық конкурсынық диплом және тәж иегері.

25. 2021 жыл – Республикалық «Мұрагер конкурсы» «Поэзия менімен егізбедің!» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауының шығарма жанры бойынша қатысқан Еркінбекқызы Айнара І орын алды.

26. 2021 жыл – Республикалық «Мұрагер конкурсы» «Поэзия менімен егізбедің!» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауының ақындық өнер жанры бойынша қатысқан Аблахатова Жансұлу І орын алды.

27. 2021 жыл – Республикалық «Мұрагер конкурсы» «Поэзия менімен егізбедің!» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауының көркемсөз жанры бойынша қатысқан Мұхаметқан Бейбарыс ІІ орын алды.

28. 2021 жыл- Республикалық «Дарындылық kz» дарындылықты дамыту орталығы Рух-сана ұлттық академиясы қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған І Республикалық «Сәулең болса кеудең де» байқауында Абай өлеңдерінің қара сөздерін оқу өнері бағытында Алиханов Нұрәли ІІІ орын иеленді.

29. 2021 жыл- «KAZRIO kz» жасөркен білім мен қабілетті дамыту орталығы ұйымдастырған «Көркемсөз шебері» атты өнер шығармашылық байқауында Серікұлы Қаршыға ІІ дәрежелі диплом алды.

30. 2021 жыл- «KAZRIO kz» жасөркен білім мен қабілетті дамыту орталығы ұйымдастырған «Қылқалам шебері» атты өнер шығармашылық байқауында Алиханов Нұрәли І дәрежелі диплом алды.

31. 2021 жыл- «KAZRIO kz» жасөркен білім мен қабілетті дамыту орталығы ұйымдастырған «Өнерге әркімнің де бар таласы» атты өнер шығармашылық байқауында Ахметбек Арайлым І дәрежелі диплом алды.

32. 2021 жыл – «Жаңа білім , кәсіби білім беру және тұлғаны дамыту орталығы» ұйымдастырған «Оқуға құштар, үздік мектеп» байқауына қатысқан Бейсен Жасұлан ІІ дәрежелі диплом алды.

33.2021 жыл – Республикалық «Абай жаққан бір сәуле» атты шығармашылық байқауында үздік деп танылған Бақытжанқызы Жайна І дәрежелі диломмен марапатталды.

34. 2021 жыл- Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұйымдастырған «Жас ғалым - 2021» Республикалық ғылыми-жоба байқауында «Кемпірқосақ » тақырыбы бойынша қатысып ерекше көзге түскені үшін Ахметбек Арайлым І орынды иеленді. «Жас ғалым - 2021» Республикалық ғылыми-жоба байқауының жинағына енді.

35. 2019 жыл –Республикалық «Дарындылық kz» дарындылықты дамыту орталығы ұйымдастырған « Сәулең болса кеудеңде » атты өнер және шығармашылық байқауында кәсіби шеберлікпен шәкірт дайындағыны үшін мектебіміздің ұстазы Мамыракина Фаузия мақтау грамотасының иегері болды.

36. 2020 жыл – Республикалық «Жас өркен» порталы ұйымдастырған өнер шығармашылық байқауында шәкірт дайындағаны үшін мектеп мұғалімдері Мамыракина Фаузия, Дугалиева Лаззат алғыс хатпен марапатталды.

37. 2021 жыл - Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Ұстаз ұлы тұлға» атты Республикалық шығармашылық байқауында «Ертегілер әлемінде» номинациясы бойынша оқушы дайындап қатыстырған сынып жетекші Мамыракина Фаузия алғыс хатпен марапатталады.

38. 2021 жылы Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беріп , өнер жолында үлкен жетістікке жетуіне үлес қосқаным үшін Республикалық «Поэзия, менімен егіз бе едің!?» жасөспірімдер мен балалар шығармашылығына сіңірген еңбегі үшін сынып жетекшілер Мамыракина Фаузия, Какишева Армангүл алғыс хатпен марапатталды.

39. 2019 жыл- Республикалық «Фариза , Фаризажан, Фариза қыз!» атты балалар мен жасөспірімдер байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша шәкірті үздік өнер көрсеткені үшін мектебіміздің мұғалімі Ахметжанова Гүлнар алғыс хатпен марапатталды.

40. 2021 жыл- XIII халықаралық «ALASH STAR» өнер сайысында шәкірттері үздік өнер көрсеткені үшін мектебіміздің мұғалімі Ахметжанова Гүлнар алғыс хатпен марапатталды

ШҚО Білім басқармасының персоналды

басқару қызметінің бас маманы Қайырбаева Айзат Мемлетханқызы

Мектептің қамқоршылық



кеңесінің төрағасы Ахманов Дулат Ахманұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет