Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында білім мен өзін-өзі жетілдіругетқұштарлық, беріктік, Отан тарихына Тәуелсіз Қазақстанның бүгін мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу. Міндеттері:-Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;-ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру; -танымдық жұмыстарға ынталандыру; -жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау; -жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырыушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы , құсбегі- бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңрген. Ер баланы бес жасынан ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Отбасындағы ұл тәрбиесіне әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке үйелменнің басшысы, отбас мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым –қатынасы, өнер-білімі- ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы , өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке-бәйтерек, бала- жапырақ», «Жас-кәрінің көзі, кәрі-жастың тезі», «Ата-балаға сыншы» мақалдары да осы пікірді халықтың қуаттануынан туған.