Тогы бар өткізгіштің магнит өрісінде орын ауыстырғандағы жұмысы.
Электр зарядын қоршаған ортада белгілі бір физикалық қасиеттері бар электростатикалық өріс болатыны сияқты токты қоршаған ортада да магнит өрісі болатынын 1820 жылы дат ғалымы Ганс Христиан Эрстед ашқан болатын.
Эрстеттің бұл жаңалығы көптеген физиктерді таң қалдырды. Осыдан кейін электромагниттік құбылыс зерттеле бастады.