Лекция № Орталық Азиядағы интеграция мәселелері Лекция мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата23.12.2022
өлшемі420,52 Kb.
#164166
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Лекция № 3.
matprob, annotation78676, Қазақстан тарихы ТЖБ 9 сынып 4 тоқсан, Нұрмақов(7)


Лекция № 3. Орталық Азиядағы интеграция мәселелері 
Лекция мақсаты: 
Қазақстанның Орталық Азиядағы орны мен 
қызметін айқындай отырып, тарихи интеграция және аймақтық баланс 
мәселелерін талдау болып табылады.
 
Лекция жоспары: 
1 Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы
2 Аймақтағы экономикалық мүдделерін жүзеге асыру 
3 Қазақстанның аймақтағы орны мен қызметі 
 
Әлемнің 
түкпір-түкпіріндегі 
аймақтарда 
интеграция 
тұрақты 
тенденцияға ие болған. Жаһандану экономикалар арасындағы бәсекелестікті 
күшейтті, ал ол өз кезегінде мемлекеттердің күштерін біріктіруге 
ұмтылыстарын да дамыта түсті. Оған қалыптасқан әлемдік интеграция 
үлгілері – ЕО, НАФТА, МЕРКОСУР, АСЕАН, т.б. мысал бола алады. 
Қазіргі жаһандану кезеңінде Орталық Азия өзінің бай табиғи 
ресурстары мен маңызды стратегиялық орналасуы арқылы әлемдік 
державалардың саяси және экономикалық мүдделерінің шиеленісу
орталығына айналып отыр.
Мемлекеттердің әлемдік саясатқа ену күрделілігі көптеген 
факторлармен түсіндіріледі, оның ішінде лайықты тәжірибенің болмауы мен 
ұлттық мүддеге сәйкес күш орталықтарын тұрақты теңестіріп отырудың 
қажеттілігін айта кетуге болады.
Алайда Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциясына кедергі 
келтіруші көптеген факторлар: аймақтың әлсіз экономикалық потенциалы, 
этникалық қақтығыстардың шығу қаупі, парақорлық мәселелері тікелей 
қауіпсіздікке өз әсерін тигізуде. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің 
саяси құрылымындағы әулеттік бөлініп басқарушылық ортақ орта-азиялық 
интеграцияға кедергі болуымен қатар, мемлекеттердің өз ішінде 
қақтығыстардың болуына алып келуде. Саяси келісімге келе алмаушылық 
өз кезегінде аймақ мемлекеттерінің өз ішінде одақтасумен қатар, басқа 
мемлекеттермен де, мысалы Ресей, АҚШ, Қытай қолдауын табуға 
итермелеуде. Себебі аймақ мемлекеттерінің көпшілігі АҚШ пен ЕО елдерінің 
қаржылық қолдауы мен Ресейдің әскери және техникалық көмегіне тәуелді. 
Сонымен бірге өзіндік бірегейлік мәселесінің өткірлігі, Орталық Азия 
елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік 
сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы 
процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті 
интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды. 
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы ұлттық 
шаруашылықтар мен құрылған аймақтық экономикалық топтардың 
жақындауы мен өзара қарым-қатынастарымен сипатталады.
Оның негізінде өзара сауда және инвестициялық өзара қарым-қатынас 
жолында ұлттық кедергілерді жою мақсатында ұлттық шаруашылықтық 
жүйелердің байланыстарын күшейту мен дамыту үрдістері жатыр. 


Бюджеттік, салықтық және валюталық саясаттарын келістіру, бірегейлендіру 
арқылы бірыңғай экономикалық кеңістік құрылады. Осының негізінде жаңа 
геосаяси жағдайды қалыптастыру мен осы аймақтағы экономикалық 
мүдделерін жүзеге асыру және өз ықпалын нығайту керек. Сондықтан осы 
аймақта аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттердің алдына 
қойған өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып отыр.
Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара 
қарым-қатынас сипатындағы, сонымен қатар, өзінің жақын көршілестерімен
басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында 
мүдделі болып табылады.
Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің 
танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық 
формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Қазіргі сәтте Орталық 
Азияның одан әрі дамуында екі жол бар. Бірінші жол – өзінің әлемдік 
экономикадағы шикізат көзі ретіндегі ролін бекіту. Оның үстіне – әлемдік 
геосаяси және геоэкономикалық бәсекелестіктегі қолжаулық ролі. Екінші 
жол – интеграция. Халықаралық нарық процестеріне тең деңгейде қатыса 
алатын аймақтық мықты бірлестік құру жолы. Бұл лық, экономикалық өрлеу, 
әскери және саяси қауіпсіздік жолы. Орталық Азиялық елдердің тәуелсіздік 
жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін, тек 
қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының 
назарының орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында 
Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және 
оның табиғи ресурстары үшін күрес айналысы пайда бола бастады. Орталық 
Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана көңіл 
аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды 
қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында, осы жерде өзінің 
стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік 
исламдық ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді. 
Осының негізінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастыру мен осы 
аймақтағы экономикалық мүдделерін жүзеге асыру және өз ықпалын 
нығайтукерек. Сондықтаносыаймақтааймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
мемлекеттердің алдына қойған өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып 
отыр. Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара 
қарым-қатынас сипатындағы, сонымен қатар,өзінің жақын көршілестерімен 
басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында 
мүдделі болып табылады. Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси 
басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму 
стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. 
Сонымен қатар, егерде бұрын КСРО құрылымында ортаазиялық кеңестік 
республикалардың ұлттық даму мен қауіпсіздік мәселесі күшті жоғарғы 
державалық одақтас мемлекеттері шеңберінде шешілсе, онда тәуелсіздік 
алғаннан кейін және қажетті ресурстардың жоқ болуында көрсетілген 
мәселелер ерекше өзектілігіне ие болады және өз бетінше жаһанданудың 
өзгешелік күштерінде жаңа қауіптің пайда болуына әкеледі. Орталық 


азиялық мемлекеттердің әлеуметтанушылары мен саясаттануышулары, аймақ 
мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясатын қалыптастырылуы әлемдік пен 
аймақтық ауқымды күштер орталығы арасында балансталған және дамудың 
сыртқы шаралары өте қиын жағдайда өтіп жатыр деп белгілеген. Өз 
кезегінде, бұл аймақтық ынтымақтастыққа себепші болады. Аналитиктер ең 
алдымен, қауіпсіздік үшін құрылымдық ынтымақтастыққа мемлекеттердің 
дайындығы мен қажетілігіне шартталған, аймақішілік диологтың дамуында 
бірқатар позитивті қозғалыстарды белгілейді. Қауіпсіздік идеясы Орталық 
Азияның жас мемлекеттерінің интеграциясына түрткі болған дәлел бола 
бастады. 
Орталық Азия аймағындағы мемлекет халықтарының тарихи 
байланыстылығы 
олардың 
арасындағы 
интеграцияның 
негізгі 
алғышарттарының бар екендігін көрсетеді, аталған алғышарттар геосаяси, 
геостратегиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, өркениеттік
діни, мемлекеттік-саяси және этникалық негіздерге тығыз байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет