4. Дәрістен қысқаша үзінді
ЛЕКЦИЯ №1.
Теориялық археологияға кіріспе.
1. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері;
2. «Теориялық археология» пәнінің құрлымы;
3. Археология ғылымының жалпы теориялық ұғымдары.
Аталмыш курс археология пәнінің жалғасы болып табылады. Бұрынғы ұғымдар мықты көзқарастар бекітіліп, археология ғылымының даму жолына біртіндеп еніп, археологиялық жетістіктер мен білімінің қордалануына өзіндік үлес қосқан факт ретінде қарастыруға болады. Авторлық ашулар мен концепцияларды шешуде археологиядағы қиындықтар күмінділікке апаратып соқты. Теориялық археологияны қолдану, археологияның дамуы мен зерттеуінің дамуына әсер ететін әдістерді дамыту мақсатын ұстанған «теориялық археология» курсы археология бөлімін ғылым ретінде қалыптастыру тапсырмасын алдына қояды. Теориялық археологиясының құрылысын түсіну үшін Е.Д.Гражданниктің құрастырған археологиялық классификация. Осыны түсіндіру үшін негізгі түрткі археологиялық ғылым айтылып өтеді. Археология ғылымының тапрсырмасы белгілі облыстарда алынған ғылыми қорытындылар болса, ал мақсаты ғылыми өнімнің өлшеу әдісі, бағалау және бақылау жатады. Келесі құрылым ұсынылады:
-
Археолгия ғылымының тарихнамасы 2. Археологиялық критикология;
А) Археологиялық наукометрия; Б) Археологиялық критикология;
В) Археологиялық прогностикалық ғылымитаным.
-
А) Археологиялық синетика; Б) Археологиялық материал басылымдары;
В) Археологиялық жаңалықтар; Г) Мақсатты-бағдарламалы ғылымитаным;
Д) Археология ілімінің теориялық негізінің қалыптасуы.
1. Археология ғылымының тарихы нақты тақырыпқа арналған немесе тарихи дәуірге бағытталған ғылымның тарихын зерттейді. Өткен ғасыр тарихына көз жүгірте, тарихи графикалық зерттеулер ғылымның дамуын тануға, археологиялық бағыт пен мектептердің, концепциялардың дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Археологиялық тарихи графиканың келесі негізгі тапсырмаларын атап өтуге болады:
а) археологиялық ойдың әр бағытына сай келетін теориялы әдістік принциптерін анықтау;
б) археологиялық ғылымның негізгі қайнар көзінің базаларын, археологиялық фактілерді нақты зерттеу әдістерін анықтау;
в) Археологиялық ғылыми мектептердің орындарын, олардың археологиялық фактілерді жүйелеуі мен бағыттарын анықтау;
г) археология саласында зерттеу жұмыстарын атқаратын ұйым мен пішіндерді анықтау. Оның қатарына ғылыми орталықтар, жоғарғы оқу орындары, мұражай, және мұрағат кіреді;
д) Археологиялық зерттеулердің проблемасын, оның дамуын анықтау;
ж) археология саласы мен мектептердің күшімен құрылған археологиялық концепцияларды анықтау;
қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерге тек қана мақалалар емес, сонымен қатар монографияны жалпылама түрде сипаттайтын тарихи очерктерде жазылады. Бұл жұмыстарда Орталық Азия мен Қазақстанның әр аумағында жинақталған, археология ғылымының қыр сырын жан жақты ашатын материалдар бар.
2. «Археологиялық сын» - алдында қолданылған археологиялық фактілердің интерпретация әдістерін, олардың дәйектілігінің дәрежесін және жаңадан ашылған археологиялық жаңалықтарды тексеру. Бұл бетбұрыс тек жоғарыда айтылған мақсатты ғана емес, сонымен қоса басқа көзқарасты қоштайтындармен күрес жүргізуді қолдайды. Осы бөлімдердің әр бірі ғылымды жетілдіретін проблеманы қарастырады.үштік топ: а) археологиялық ғылыми метрияб) археологиялық сын; в) археологиялық ғылыми болжамшылық.
Достарыңызбен бөлісу: |