Лекция 2 бөлім. Биологиялық инфекция көздерімен байланысты салалардағы қорғаныс жүйесінің негізгі принциптері. Қоршаған ортаны қорғау. Биологиялық факторлар



бет1/6
Дата19.10.2022
өлшемі139,34 Kb.
#153907
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 тема каз

6 ЛЕКЦИЯ

2 бөлім. Биологиялық инфекция көздерімен байланысты салалардағы қорғаныс жүйесінің негізгі принциптері. Қоршаған ортаны қорғау.

Биологиялық факторлар

Бұл микроб денелерінің бөліктері болып табылатын жоғары молекулалы органикалық қосылыстар, микробтық денелердің ыдырау өнімдері, құрғақ ақуыз, микробтық токсиндер, микробалдырлар, тозаңдар және т.б.

Биосфераның биологиялық ластануының компоненттері

1. Микроорганизмдер: а) патогенді; б) шартты түрде патогенді; в) сапрофиттер; г) вакциналар.

2. Макроорганизмдер: а) адамдар; б) жануарлар; в) құстар; г) балық.

3. Микробиологиялық синтез өнімдері: а) токсиндер; б) ферменттер; в) антибиотиктер; г) амин қышқылдары; д) BVK (Белокты-витаминді концентрат).

4. Өсімдік тектес органикалық заттар: а) желмен тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары; б) өсімдік тектес шаң; в) көк-жасыл балдырлар.

Қоршаған ортаның биологиялық ластану көздері

Табиғи көздер

Жұқпалы аурулар:

а) адам;

б) жануарлар;

в) құстар.

2. Жануарлар мен өсімдік тектес табиғи қалдықтар.

3. Гүлді өсімдіктер.

4. Су қоймаларының гүлденуі.

Өнеркәсіптік көздер

1.Микробиологиялық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру.

2.Ағынды суларды тазарту құрылыстары.

3. Ауыл шаруашылығы өндірісі.

4.Вакциналар мен сарысуларды өндіру

5.Өнеркәсіптік және мал шаруашылығы кешендері.

6.Антибиотиктерді өндіру.

7. БВК өндірісі. (Белково-витаминный концентрат)

8. Микроорганизмдердің көмегімен тұрақты қосылыстарды детоксикациялау.

Биологиялық аэрозольдер

бұл қатты (шаңды аэрозольдар) немесе сұйық (тамшыл аэрозольдар) дисперсті фазасында микроорганизмдер (бактериялар, риккетсиялар, вирустар, патогенді саңырауқұлақтар) немесе олардың токсиндері түріндегі биологиялық белсенді субстраттар болатын аэродинамикалық жүйе.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет