3 лекция. Мемлекеттік құрылым түрлері
Мемлекеттерді басқару формасына қарай топтастыру
Мемлекеттерді әкімшілік-террияториялық қарай топтастыру
Мемлекеттерді жер шарындағы орналасқан орнына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады: солтүстік және оңтүстік тропикалық аралдар, түбектік, теңіздік, континентішілік және архипелагтық елдер (Индонезия, Филиппин, Жапония).
Сол сияқты мемлекеттер басқару формасына қарай: республикалық және монархиялық болып белінеді. Ең көп таралғаны Республикалық басқару түрі. Мұндай - 140-тан астам мемлекет бар.
Республика - мұндағы жоғарғы билік өкілдері сайлау аркылы сайланады және алмастырылады ( сайлаушы халық немесе парламент ұсынады)
Республикалардың басқарылуы бірнеше типтен тұрады: Президенттік республика, жартылай және парламенттік тип. Президенттің тікелей аудармасы «алда отырған» немесе «алға жетектеуші».
Алғашқы президенттік институт АҚШ-та пайда болды және дүние жүзіндегі алғашқы президенттік қызмет туындады, ол ел басшылығымен үкімет басшылығын біріктірді.
Президенттік республикалар типіне бүгінгі күні көптеген мемлекеттерле калыптаскан: Латын Америкасы, Африка, көптеген Азия елдерінде (Сирия, Иран, Бангладеш, Филиппин, Индонезия).
Европадағы таза президенттік республика - Кипр, ал қалған көптеген мемлекеттер жартылай президенттік типке жатады, мұнда президент премьер министр қызметін атқармайды, тек елбасшысы, олар Франция, Италия, Турция, Финляндия, Польша, Чехия, Болгария, Румыния, Литва, Эстония және ТМД.
Президенттік республикалардың типіне тән жағдайлар: заң бойынша үкімет басшылары президент алдында жауапты да парламент алдында жауапты емес, президент үкімет мүшелірін өзі сайлайды және алмастырады.
Жартылай президенттік республикалар типінде үкімет президент алдында және парламент алдында жауапты, президент үкімет басшысын өзі тағайындайды және премьер - министрдің ұсынысы бойынша министрлер тағайындалады, жетекші салалардың министрлерін парламент бекітеді
Сонымен қатар парламенттік типтегі республикаларда бар: ФРГ, Австрия, Греция, Ирландия, Венгрия, Исландия, Индия, Израиль, Кабо-Верде, Швейцария, т.б. Бұл елдерде президентті заң шығарушы орган парламент сайлайды және парламенттегі дауысы көп партияның лидері премьер – министер болып сайланады.
50-ге жуық мемлекет басқарудың монархиялық жолын таңдаған: көбісі Азияда - 14 ел, Европада - 12, Африкада - 4.
Достарыңызбен бөлісу: |