Лекция «Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары



Дата10.12.2019
өлшемі43,5 Kb.
#53393
түріЛекция
Байланысты:
14-лекция

14-лекция
«Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары

«Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәні арнайы пәндердің қатарында оқытылады.Теориялық бөлімде заттардың жанғыштық қасиет-тері, жанудың түрлерімен,өрт-жарылысқа байланысты негізгі түсініктермен, өрт сөн-діру туралы жалпы мәлімет, жануды тоқтатуға қажетті жағдайлар,өрт кезінде авария-лық-құтқару жұмыстарын жүргізу сипаттамалары беріледі. Сонымен қатар өртті сөнді-ру әдістері мен жабдықтары, өрт сөндірудің жалпылама заңдылықтары мен көрсеткіш-тері, өртті сумен, көбікпен және инертті араластырғыштармен өшіру мәселелері айты-лады.Тәжірибелік бөлімінде өндірістің өрт-жарылыс қауіпіне баға беру, құрылыс құ-рылымдарының отқа төзімділік қасиеті, өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтама-сыз ету, эвакуация кезіндегі адамдардың қозғалысын ұйымдастыру және оның көрсет-кіштерінің сипаттары қарастырылады.



Пәнді меңгеру барысында пайдаланатын негізгі ұғымдар:

өрт сөндірудің автоматты құрылғысы - өрттің бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгіленген төменгі мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде істеп кететін өрт сөндіру қондырғысы;

өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берілген түрде техникалық құралдарының көмегімен қорғалатын объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;

өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерін қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлігі;

өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) - ішіне өрт сөндіру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және іріктеу және өрт сөндіру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желісі кіретін жүйе.

хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттіліктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені;

өртке қарсы қорғаныш жүйесі - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы;

өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;

өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіру заттарын шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы - ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша анықтау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы;

спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;

өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы;

3 Өрттің қауіпті факторлары

Өрттің қауіпті факторлары дегеніміз - өрт әсерінен улану және адамдардың өлімі мен сонымен қатар материалдық шығынның болуын айтамыз.

Өрттің қауіпті факторларының бірінші қатарына:

- қоршаған ортаның температурасы,

- сәулелі тасқын (жалын, шоқ),

- жанудың улы өнімдері және түтінденуінің нәтижесінде көру мүмкін-дігін жоғалту,

- оттегі концентрациясының азайуы жатады.

Өрттің қауіпті факторларының екінші қатарына:



  • құрылғы мен аппараттың қауіпті қирауы,

  • қираған аппараттан шыққан радиоактивті,улы заттар,

  • апатты жағдайда аппараттың құрам бөліктеріне келіп тұрған тоқ әсері

  • өрт кезіндегі жарылыс қаупі,

  • өрт сөндіру заттарынан келетін қауіп (қысым, улылық).

Бірінші кезектегі өрттің қауіпті факторларының адамға әсері.

Қоршаған ортаның температурасының артуы әсері

Қызған ауамен дем алу ерекше қауіп – қатер төндіріп, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануы мен некрозына, сондай – ақ, тұншығу мен өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, 1000С– тан жоғары температураның әсер етуі естен танып, содан бірнеше минуттан кейін өлімге әкеледі. Сонымен қатар, терінің күюі де өте қауіпті. Медицина саласының күйіктерді емдеуде жеткен жоғары жетістіктеріне қарамастан, денесінің беткі қабатының 30% күйіп, II – ші дәрежелі күйікке шалдыққан адамның тірі қалу мүмкіндігі аз.

ВНИИПО өткізген зерттеулердің нәтижесінде дымқыл ауада 2 – ші дәрежелі күйікті 20 секунд ішінде 550 С температура және 1 секунд ішінде 700 С температура тудырады, 69 – 710 С температурадағы өртте бірнеше минутқа қалу адамға өте қауіпті болып табылатыны анықталды.

Сәулелі тасқын

Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі тасқындар да қауіп – қатер төндіреді. Әкімшілік ғимараттарда өрт туындағанда эвакуациялық есіктерге жақын жерде орналасқан түрлі заттардың жануы барысында сәулелі тасқындар өрт басталғаннан 0,5 минут өткеннен кейін – ақ адамдарға қауіп төндіретіндігін зерттеулер дәлелдеген. Сәулелі тасқындардың аса жоғары қарқындылығы әр түрлі технологиялық қондырғылардың өртенуі барысында байқалады. Кейбір жағдайларда адамдар арнайы қорғану құралдарынсыз мұндай қондырғыларға 10 м жақын жерге бара алмайды.



Жанудың улы өнімдері

Полимерлі және синтетикалық материалдар көп мөлшерде болатын әкімшілік ғимараттарда өрт болған жағдайда жанудың улы өнімдері әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінде химиялық қосындылардың 50 – 100 түрі жиі кездесетіндігіне қарамастан, түрлі елдердің ғалымдарының басым көпшілігінің пікірі бойынша, өрт кезінде адамдардың көз жұмуының басты себепшісі көміртек тотығымен улану болып табылады.



Басқару ғимаратындағы өрт кезінде осында қолданылғын полимерлі және синтетикалық көп мөлшердегі материалдардың жануынан бөлінетін улы өнімдер адамға қауіпті әсер етеді. Жану өнімдеріне 50-100 түрлі химиялық қосылыстар болғанымен, бұл улы заттардың ішінде шетелдік ғалымдардың есебі бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімі көбінесе көмірқышқыл газының әсерінен болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет