Lesson 19.
Бастауыш кезеңде ағылшын тілі сабағына қойлатын талаптар.
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді. Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады. Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады. Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі Teacher: This is a chair. Is this a chair? Yes, it is. Is this a table? No, it is not. It is a chair? Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады
Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады.
— Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу; — Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу;— Шет тілін туған тіліне
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер).2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе ауызша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.
2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
1. Мұғалімнің сөзін түсіну. 2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру. 4. Ауызша әңгіме айта білу.5. Тақпақты жатқа айта білу
3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
Мұғалімнің айтқаның түсіну. 2. Мәтінді түсіндіре білу . 3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру 60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдауы арқылы тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі-түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айытп отыру керек.
Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойынағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағанын сезбей, әсерлене, өызыға отырып шетел тілін үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балалрды көңілдендіруге, демалдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |