Ләззат Асанова 1970-1986



Дата15.12.2021
өлшемі155,53 Kb.
#101186
Байланысты:
Ляззат Асанова

Ләззат Асанова

1970-1986

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түседі

1986 жылы 16-18 желтоқсан күндері болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне қатысады. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранға қосылып шығады. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Асановаға айып тағылып, қамауға алынады.

1986 жылғы 16-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф. Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылғанда, ол туралы «жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген» деген қауесет таратылған.

Дегенмен, Асанованың денесін туған ауылына дейін Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылмен апарған. Осыған қарағанда, ол жазалаушылар қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Асанова жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән («Қаһарман қыз — Ләззат қыз». Музыкасы — Ж. Тұрсынбаевтікі, өлеңі — А. Асылбектікі) жарық көрді.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет