Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру



Дата07.02.2022
өлшемі17,8 Kb.
#97089
Байланысты:
Тарих


Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру

Ұлттық тарих ғылымы еліміздің егеменділігіміздің арқасында келген терең түпкілікті өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның жалпы басты көрінісі — тарих саласының бұрыңғы идеологиялық күрес тен арылып, төл тарих ты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылық тар есебінде қарастырыла бастады.
Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыз дың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады.
Тарих ғылымы — ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Себебі Отан тарихы — оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзек ті мəселе — сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу.
Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құра латын кешенді бағыты төмендегідей: Бірін ші бағыт — Қазақстан тарихы ның əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екін ші бағыт — Отан дық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшін ші бағыт — Қазақстан тарихы ның тереңдей зерттелуі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұ жырымдамасы» дайындалып арнаулы басылым дар мен ғылыми жи нақ тар да жарияланды. Мəселен, 1999 жылы жарық көрген «Постсоветтік елдеріндегі ұлттық тарих» атты еңбекті атауға болады. Бұл маңызды құжатта тəуелсіздік жағда йында еліміз дегі тарихи сананың қалыптасу жағдайы, тарих ғылымы ның алда тұрған мəселелері тарихи білім мен, ағарту ісінің келешегі айқындалды.
Ендеше Отан тарихының өзекті-де теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғы лы мы ның өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Біз, Кеңес заманында өз тарихымызды, шынайы жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен келдік. Бұрын өзгенің айтқанын қайталау мен болдық. Ал олар болса, біздің тарихымыздың өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан жəне өз таным-түсінігі-деңгейін-де жазғанына мəн бермедік.
Бүгінде жаһандану процесі жүріп жатқан кезде ұлттық мүдде, ұлттық тəрбие, ұлттық рухты сақтап қалу қиын екені даусыз.
Елінің, халқының өткенін анық білетін, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру бүгінгі күннің талабы
Мектепте оқылатын тарихтың міндеті, тарихтың жарқын беттерін, халықтың рухы өрлеп тұрған тұстарын, адамзат өркениетіне қосқан қомақты үлесін сипаттауға мейлінше көп орын бере отырып, жастарды отаншылдыққа тəрбиелеу қажет
Əрбір студент Қазақстан тарихы пəнін оқып үйренудің қоғам үшін-де, өзінің жеке басы үшін-де қажет екенін түсінуі тиіс. Əсіресе, бұл пəннің бүкіл адам баласы басынан кешкен тарихты таныстырып қана қоймай, адамзаттың ілгері дамуы үшін, келешекті болжау үшін аса қажет екенін ескерткен жөн.
Қазақстан тарихы пəнінің тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі бағыттары: 1. Болашақ жас маман ретінде студенттердің жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау. 2. Студенттердің Отан тарихына деген ынтасы, қабілетін зерттеу, бағдар беру. 3. Ұлттық санасын қалыптастыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау. 4. Өзіндік ғылыми ізденістеріне бағыт беру. 5. Білім беру, жан-жақты дамыту, тəрбиелеудің бір тұтастығын қалыптастыру.
Халқымыздың санға сырлық тарихын өмір шындығына сай зерттеу мен насихаттау жəне жастардың тарихи санасын қалыптастыру ұлттық рухты əспеттеуге, Тəуелсіз Отанымыздың нағыз патриоттарын тəрбиелеуге қызмет етпек. Осы ойымызды мына пікірімен тұжырымдауға болады: «Ұлттық сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасына тірілту керек», сонда ғана біз мақсатымызға жетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет