Ұлы Жібек жолының картасы
Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың біртіндеп әкімшілік орталықтарынан қолөнер, сауда және мәдениеттің шоғырланған орталығына айналғанына көптеген зерттеушілер өз назарын аударады. К.М. Байпақовтың пікірі: «Орта ғасырда Қазақстан аймағын мекендеген халықтар мен тайпалар мәдениетінде айқын дәстүрлі сабақтастық көзге түседі. Ол сабақатастық қала салу, қыш өңдеу өнерінде көрінеді. Бұл көне дәуірден бастап, тарихи тағдырлары өзара сабақтаса дамыған, өзара біте қайнасқан Қазақстанның отырықшы және көшпенді халықтарының тығыз байланыстарымен айқындалды». Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Тараз — Жамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды. Алғаш Тараз қаласы туралы 568 жылы жазбаға түскен Византиялық деректен кейінгі 630 жылы қалаға келген қытайлық монах Сюань Цзян: «Таразда әртүрлі елдердің көпестері тұрады» деп суреттесе, ІХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген математик және географ Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми «Китаб сурат ал-ард» атты шығармасында: «Тараз – бұл көпестер қаласы» деп жазған. Ал Араб саяхатшысы Абу-Қасым ибн Хау-каль: «Тараз – мұсылман түріктердің сауда жасайтын орны, одан ары ешбір мұсылман бармайды, себебі оның шекарасынан кім өтсе, қарлұқтардың шатырына (қонысына) тап болады» деп жазған. Тағы бір Арабтың көрнекті географы Мұхаммед ибн Ахмед әл-Макдиси: «Тараз – үлкен бекіністі қала, көптеген бақтары бар, тығыз қоныстанған, оның оры, төрт қақпасы бар және рабад орналасқан. Медина (шахристан) қақпасы алдында үлкен өзен (Талас), оның арғы жағында қаланың бір бөлігі, оған қарай өткел бар. Жұма мешіт базар ортасында» деген. Махмұд Қашғари болса «Диуани лұғат-ат-түрік» атты еңбегінде: «Талас – Тараз атауымен белгілі қала. Олар екеу: оның бірі – Ұлығ Талас, яғни үлкен, екіншісі ислам шекарасында – Куми Талас» деп жазады. Міне, осылайша Тараз қаласына қатысты көптеген деректерден қаланың сол кездегі бейнесін анық көреміз. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер – Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.Тараз қаласында Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
Көне жәдігерлердің нәтижесінде көне қаламыз Тараздың осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғаны дәлелденді. 1940 жылдарға дейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша қала VI-VII ғ.ғ. жатады деп есептелсе, соғыстан кейінгі және соңғы зерттеулердің қорытындысы негізінде біздің заманымыздың I ғасырларына жататыны анықталды. Бұл біз үшін үлкен жетістік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бұрын да Ұлы Даланың көшпенді мәдениетін ғана дамытып қоймай, қала мәдениетін де әлемдік өркениеттің қатарынан қалдырмай, солармен қатар дамытқан өркениетінің жемісі екені шындық. Қазба жұмысы анықтағандай бабаларымыздың сол дәуірдегі ірі мәдениеттің иелері болуы, мәдениеті дамыған Европа елдерінің көшпелі Түркі халқы туралы теріс пікірдегі ойларына ауыр соққы болып тигені айтпаса да түсінікті. Осылайша, көненің көзі болып, көкірегі ояу ұрпағына жеткен Тараздың асты сырлы тарихқа тұнып тұр. Әлі де қазба жұмыстарын жүргізетін қаншама жерлер бар. Тарихымыздың терең қойнауына үңілетін болсақ, қасиетті Тараз өңірі тағы да өзінің қатпар-қатпар қойнауынан бізге белгісіз талай тарихтың сырын ашары ақиқат. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!