Логикалық есептер. (бастауыш сыныптарына)
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Математикадан 1 - сыныпқа арналған кеспелер
Карточка №1.
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дилназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?
Карточка №3.
1. Айдар 8 марка сатып алды. 4 маркасын жоғалтты. Қаншасы қалды?
2. Анар 6 бестік бағасын алды. Сосын тағы 3 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға?
3. Құмырада 3 раушангүл, ал қоңыраугүдің 2 - уі артық. Қоңыраугүл нешеу?
4. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 - уі кем. Қаз нешеу?
5. Пакетте 7 мәмпәси бар. Оның біреуі ирис, қалғаны шоколад. Неше шоколад бар?
6. Арғын мен Диаста 9 мұз кәмпит бар. Арғын 4 - еуін жеді, Диас та сонша жеді. Қанша қалды?
7. Айданада 3 шоколад пен 1 мұз кәмпит бар. Шоколадтың мұз кәмпитке қарағанда нешеуі артық
Карточка №2.
1. 8 тоқаш болды. 2 - уі желінді. Қанша қалды?
2. Үстелде 5 алмұрт пен 3 апельсин. Барлығы қанша?
3. Тимурда 6 кітап бар, ал Алинада 2 кітап артық. Алинада неше кітап бар?
4. Біз 3 газет жаздырттық, ал журналдың 2 - і кем. Журнал нешеу?
5. Құмырада 10 гүл. Оның 3 - уі бәйшешек, ал қалғаны раушан. Раушан нешеу?
6. Құмырада 3 гүл бар еді, тағы 4 гүл салды, ал 2 гүлді алды. Қанша қалды?
7. Құмырада 5 раушангүл және 4 бәйшешек. Раушангүлдің бәйшешекке қарағанда нешеуі артық?
Карточка №4.
1. 10балапан болды. 3 балапан қашып кетті. Неше балапан қалды?
2. Шыңғыста 7 теңге, Батырханда 3 теңге. Барлығы қанша?
3. Айсұлуда 5 кәмпит, ал Арнұрда 1 кәмпит кем. Арнұрда неше кәмпит?
4. Пакетте 5 алмұрт бар, ал сөмкеде 3 алмұрт артық. Сөмкеде нешеу?
5. Аулада 5 мысық жүр.. Оның біреуі қара, қалғаны сұр. Сұр мысық қанша?
6. 7 мысық болды. 2 мысық кетті, ал 3 мысық келді. Неше мысық болды?
7. Аулада 7 мысық пен 3 күшік бар. Қайсысы көп және қаншаға көп?
Карточка №5.
1. 7 кесе болды. 2 – уі сынды. Нешеуі қалды?
2. Бұтада 4 қарға және сонша торғай отыр. Барлығы қанша?
3. Дианна 7 жаста, ал Алдиар одан 1 жас кіші. Алдияр неше жаста?
4. Дүкенде 8 үтік сатылды, ал шамның 2 - уі көп сатылды. Неше шам сатылды?
5. Саябақта 7 ағаш өсіп тұр. Оның 3 - уі қайың. Қанша емен ағашы?
6. Саябақта 4 ағаш бар еді.. Алдымен 2 қайың отырғызды, кейін тағы сонша отырғызды. Қанша ағаш болды?
7. Саябақта 6 қайың мен 2 терек өсіп тұр. Теректің қайыңға қарағанда нешеуі кем?
Карточка №6.
1. Сабинада 7 қалам бар еді.. Ол досына 3 - уін сыйлады. Қанша қалды?
2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
5. Сыныпта 10 бала. Оның 6 - уы ер бала. Қыз бала нешеу?
6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
7. Сыныпта 9 ер бала мен 10 қыз бала. Қыздардың ер балаларға қарағанда нешеуі артық?
Карточка №7.
1. Пальтода 6 түйме болды. Үш түйме үзіліп қалды. Неше түйме қалды?
2. Айдос 4 алма мен3 алмұрт жеді. Барлығы неше жеміс жеді?
3. Сәуле 3 - қабатта тұрады, ал Марат 1 қабат жоғары тұрады.. Марат нешінші қабатта тұрады.?
4. Көлде 10 шортан балық және одан 2 - уі кем жайын балық жүр. Жайын балық нешеу?
5. Ануарда 10 теңге болды. Дәптер алғаннан кейін 5 теңгесі қалды. Дәптер неше теңге тұрады?
6. Айсанада 10 теңге болды. 4 теңгеге дәптер және 5 теңгеге қалам сатып алды. Неше теңгесі қалды?
7. Жанарда 5 теңге, Анарда 9 теңге. Кімнің ақшасы көп және қаншаға көп?
Карточка №8.
1. Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?
2. Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?
3. Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 - уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
4. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
5. Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?
6. Данашта 2 қарындаш болды. Толқын Данашқа 2 қарындаш берді, Айгүл 3 қарындаш берді. Данашта неше қарындаш болды?
7. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп және қаншаға көп?